Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1(72), 2022 ж.
208
көрсетеді [15]. Шындығында аралас некенің қай-қайсысы да Өзбекстанның шеткері аймақтарында
болмаса, ішкері жағында жоққа тән.
Өзбекстан қазақтарында жаңа түскен келінге байланысты бірқатар ырымдар қалыптасқан. Мәселен,
жаңа келіннің алдына бала отырғызу оның ертерек
құрсақ көтерсін дегені болса, ұл бала бітсін деп
сойылған малдың ұлтабарын жегізу дәстүрге айналған. Сонымен бірге, жаңа келіннің төсегіне баланы
аунатып алатын ырым да болған. Қарақалпақстан қазақтарында жеңгелері келін қуыршақ жасап, жас
нәрсетені орамалға орап жігіт жағына сататын ырым дамыған. Мұның өзі екі жасқа нәресте тілеу
ұғымынан туындаған.
Өзбекстан қазақтарындағы күні бүгінге дейінгі дәстүрдің бірі-құрсақ шашу. Ол әйелдің тез
босануына жасалатын жарысқазан ырымымен қабысып жатыр. Осы тұрғыда әйелді босандыруға қатысты
оның
шашын тарқату, барлық түйіндерін шешу, түйме біткенді ағыту т.б. үрдістер жүзеге асырылды.
Толғатып жатқан әйел болса отқа май салу, адыраспан түтету тәрізді ғұрыптар да кең етек алды. Ал,
Қарақалпақстанның Жаңаарық ауданында әйел босанып жатқан бөлменің төрт бұрышына мақта
жабыстыратын болған, егер ол түсіп қалса, әйел тез босанады деген сенім қалыптасқан. Осындай ырым –
дәстүрлер Бұқара тәжіктерінің арасында да кездесіп отырған. Хорезм төңірегіндегі қазақтарда бала
тұрмай немесе туған бала көп ауыратын болса, әйелдің шашын кесіп, мазарға апарып көму ғұрпы болған.
Бұл-әулие-әмбилер қолдасын деген ырым.
Өзбекстан қазақтарының бақилыққа аттанған адамдарды жерлеудің өзіндік рәсімдері болған. Ол
негізінен елдің аумақтары бойынша әдет-ғұрыптық негізде аз-кем өзгеріске түсіп отырған. Өлікті Өзбек-
стандағы қазақтар «мәйіт» десе, оның соңғы бақұлдасуын «араздасу» деп атаған. Қысқаша айтқанда,
Өзбекстан қазақтарының жерлеу ғұрпы осы күнгі қазақтардың жерлеу салтымен тікелей сабақтасып
жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: