Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет214/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г. 
205 
Сырдарияда - 14600, Хорезмде - 11500, Самарқанда - 4900, Сурхандарияда - 2300, Қашқардарияда - 1800, 
Ферғанада - 900, Наманганда-800, Әндіжанда -700 бауырластарымыз бар көрінеді [8]. 
Кез келген басқа халықтар сияқты қазақ халқының өзінің қалыптасқан дәстүрлі шаруашылығы мен 
материалдық мәдениеті болады. Бұл, түптеп келгенде, ертедегі және қазіргі Өзбекстан территориясында 
қоныстанған қазақтардың қоғамдық өмірімен біте қайнасуы арқылы олардың тұрмыс-тіршілігі, жүргізген 
кәсібі, қалыптастырған мәдениеті туралы да ақпар беруге тура келеді. Қалай дегенмен де қазақтардың 
дәстүрлі шаруашылығы мен мәдениеті жайында аз-кем шегініс жасаумен, қандастарымыздың ұлттық 
болмысынан, бай мәдени өмірінен хабардар боламыз.
Қазақтың байтақ даласы қашанда көшпелілік салттың өзіндік ерекшеліктермен сабақтасып жатты. 
Өйткені, халқымыз төрт түлікті кие тұтып, өзінің атакәсібіндей көріп, мал соңында көшіп-қонып жүрді. 
Тіршілігінің негізгі көзі, алынған басты өнімдерінің дені төрт-түлікке байланысты болды. Тіпті, ХІХ 
ғасырдың аяғына дейін қазақтардың негізгі шикізат көзі мал өнімдері болғандығын орыс саяхатшылары 
мен зерттеушілері айтқан болатын. Шындығында ертедегі қазақтар барлық күн көрісін малмен 
байланыстырып, ол жұтқа ұшыраса, өзі де құрдымға кететіндей көрінетін. Қазақ тарихындағы бір емес 
бірнеше аштықтың болуы осы мал басының жұтауымен, оның кеміп кетуімен тікелей байланысты. 
Осындай ұлы жұт, ашаршылық жылдарында қазақтар малдан басқаны көрместен, егіншілікпен 
айналысуды көп біле бермеген. Әйтсе де айта кететін жайт - қазақ хандарының қос алыбы – Абылай мен 
Кенесары малмен бірге егіншілікті игеруге ден қойып, халықты отырықшылыққа шақырған.
Осылай ХІХ ғасырдың аяғына қарай қазақтар орыстар мен өзбектерден егіншіліктің қыр-сырын 
үйренуге ден қойды. Қалай десек те осы кезеңде егіншілікпен қазақтардың ең кедей топтары айналысты. 
Бірақ, олардың өзі егістік басында ұзақ тұрақтап тұрмастан, қыс кезінде 5-10 шақырымдық қыстауға 
көшіп, егіс егу алдында қайтып көшетін болды. Сондықтан да қазақтар үшін егін егу мерзімді жұмыс 
болып саналатын, отырықшылыққа көшкен қазақтардың өзі мал өсіріп бағуды бүтіндей тастамай, 
егіншілік пен мал бағуды қатар алып жүретін еді.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісте әбден жағдайы тұралап қалған қазақтардың 117 отбасысы 
Ташкент уезіне көшірілді. Оларға арнайы жер бекітіп беріліп, егіншілікпен айналысуға мүмкіндік 
туғызылды. Сол сияқты Сырдария мен Қуаңдарияның төменгі ағысы егіншілікпен айналысуға өте 
қолайлы жер болатын. Қазіргі Қарақалпақстан территориясын қамтитын бұл өңірдегі қазақтар арпа, тары, 
сұлы, бидай өсірді. Қазақтар осы кезде дәнді- дақылдардан басқа бау-бақша өнімдерін өсірумен де 
айналысты. Яғни, қауын, қарбыз, сарымсақ, сәбіз, қызылша екті [9]. Сонымен бірге, ақ және қызыл 
тұқымды күріш егуді игерді. Мәселен, 1917 жылы Шыршық, Ангрен, Ташкен уезінде 67700 десятина 
жерге күріш егіліпті. Одан бөлек, егістік алқаптарда тары өсіру де қолға алынды.
Өзбекстан қазақтарының Самарқанд, Ферғана облыстарында тұратындары мал шаруашылығын 
қосалқы кәсіп ретінде ғана қолданыс аясына түсіріп, егіншілікті қолға алды. Әйтсе де, Өзбекстан 
қазақтары түгелге жуық егіншілікпен айналысып кетті деуге болмайды. Мәселен, Түркістан өлкесіне 
қарасты Жетісу мен Сырдария және Закаспий облыстарында мал шаруашылығы анағұрлым дамыды.
Онда тұратын қазақтардың 339486 қожалығы құрылып, 1.697.430 көшпелі халық өмір сүрді. Қазан 
төңкерісіне дейінгі Өзбекстанның мал шаруашылығындағы негізгі төлдер қой, жылқы, ірі қара мал мен 
ешкі, азырақ түйе болды. Мал шаруашылығындағы қазақтардың ең негізгі түрі қой шаруашылығы еді. 
Әсіресе Қызылқұм қазақтары бұрыннан-ақ қойдың қаракөл және құйрықты тұқымын өсіруді қолға алса, 
ал өзбектер, түріктер, құрамалар, қаңлылар, қыпшақтар көбіне-көп қазақы қой мен жайдары қойды 
өсіруге маңыз берді. Олар негізінен Ферғананың таулы аудандарында, Ташкентте, Жызақта, Зерафшанда,
Қашқардарияда кең тарады. Сонымен бірге қазақтар ірі қара малдың ішінде өгізді жұмыс күші ретінде 
пайдаланды. Бұрынғы Бұқара аумағында бір өркешті түйенің бек батша нар, құлбатча нар, жумауз нар, 
килагай нар, сокмак нар және жунак нар деген түрлері болды. Одан бөлек қос өркешті түйенің ойри, 
мырза-кушма және кироди кушма дейтін түрлері өсірілді. Алайда, Өзбекстан қазақтарының арасына ірі 
қараны ұстау кейіннен келді. Ал кедейлер жылқыдан гөрі сиырды өсіретін еді, өйткені сиырдың берер 
өнімі көп болатын. Сырдария қазақтарына ірі қараны ұстау қарақалпақтардан келсе, Шу қазақтарына 
қалмақтардан келді деген болжам бар [10]. 
Қазақ арасында жылқы малының орны қашанда бөлек. Оның үстіне жылқының тарихи отаны қазақ 
жері екені белгілі. Қазақ жылқысының тарихының өзі тым тереңде жатыр. Оның өзіне ғана тән ерекше 
қасиеттері талайларды қызықтырып келеді. Сонау Түркістан округінің өзінде қазақ жылқысының басы аса 
көп тарауы кездейсоқ емес. Қазақ жылқысы екі аршыннан аспайтын орта бойлы, ерекшелігі алдыңғы аяғы 
түзу, төсі кең, әрі шығыңқы ұзын, қабырғасы ірі, құйрық-жалы қалың болып келеді. Ол жорға жүрісімен-ақ 
8 шақырымды небәрі 1 сағатта жүріп отырады. Осыған байланысты оның 1868 жылғы бір шайқас кезінде 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет