Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет215/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

 Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1(72), 2022 ж.
 
206 
Самарқандтың түбінен Ташкентке, 280 шақырым жерге бір күнде жеткендігі жөнінде мәліметтер бар. Ресми 
деректерге сүйенсек, 1895 жылы бір Ташкент уезінде 68300 жылқы басы болса, ал қалада 14100 жылқы 
басы болған. 1912 жылғы мәліметтерге қарасақ, Ташкент уезінде 113385 жылқы басы болса, қалада 10276 
жылқы басы болды. Расында Өзбекстандағы қазақтар жылқы малын ұстаумен айналысты. Әсіресе, Ташкент 
облысының Бостандық, Жаңабазар аудандарындағы қазақтар жылқыны көптеп өсірді.
Өзбекстандағы қазақтардың материалдық мәдениеті жергілікті жердің табиғи жағдайына, дәстүрлік
ерекшеліктеріне сай өзгеріп, дамып отырды. Қазан төңкерісіне дейінгі қазақтардың азырақ бөлігі өзбек, 
тәжік, қырғыздармен қатар тау етектеріндегі ірі қыстақтарда орналасты. Олардың көшелері тар болғаны 
соншалықты, терезелерінің негізгі бөлігі аулаға қарап, бау-бақша өсірумен айналысты. Қазақтардың 
мұндағы екінші бөлігі жоспарсыз және тастан соғылған үйлерде тұрды. Өзбекстандағы қазақтардың бір 
бөлігі тау қуыстарындағы қоныстарға орын тепті. Бұған Бостандық ауданының Шақшам ауылындағы 
қазақтарды жатқызуға болады.
1920 жылы отырықшы қазақ селоларының 378-і Ташкент уезінде болды. Аймақтар бойынша Келес 
өзені бассейінінде қазақтың 136, өзбектің 16 қонысы, қазақтардың 214, өзбектердің 105 қонысы 
Шыршықта, қазақтардың 28, өзбектердің 29 қонысы
Ангренде шоғырланды. Алтын, Жетісу, Үштамғалы, 
Шарапхана болыстықтарында тек қана қазақтардан тұратын поселоктар болса, 12 болыстықта аралас 
қоныстар болды. Қазақтардың қоныстарының көлемі өзбектердікіне қарағанда кішірек болды. Өзбек 
қоныстары Ниазбекте көбірек болса, Шыршықтың басқа болыстықтарында қазақтардан кемірек. Айта 
кету керек, қазақ ауылдарының барлығы ру-ру болып орналасты. 300-ден кем тұратын қазақ қоныстары 
56% болса, 100 адамнан кем тұратын өзбек қишлақтары Түркістан АКСР-де 8-9%-ды құрайды. Сондай-
ақ қазақтардың Ташкент уезі бойынша ең үлкен ауылы 3000 адамнан тұрған, оның өзі үшеу-ақ, 2000-ға 
дейінгі адамы бар 18 ауыл болған. Ал керісінше адамы аз 400 адамнан тұратын 198 қоныс, 200 адамнан 
тұратын 78 қоныс, 400-ден 500-ге дейін адамы бар қоныс 38 болған. Ал, енді мерзімдік қоныстарда 
халықтар бір ауылда топталып, ұяға ұқсап қоныстанатын. Олар Ангрен, Орта Шыршық, Паркент, Жоғары 
Шыршық аудандарындағы Бамс, Бұзаушы, Балта, Қоңырат, Рамадан, Сіргелі т.б. ауылдарына тән болған. 
Ташкент уезінің Байтқорған қышлағында 334 өзбек, 16 қазақ жанұясы, Қыбрайда 334 өзбек, 7 қазақ, 
Паркентте 1414 өзбек, 40 қазақ жанұялары болған. Қазақтардағы ретсіз қоныстар 50 жылдардың аяғына 
дейін сақталды. 1960 жылдан бастап өзбек қоныстарына тән баспаналардың қамал түріндегі биік 
дуалдармен қоршалуы қазақтарда да етек ала бастады [11]. 
Қазақ қоныстарының отырықшы өзбек, тәжік халықтарының қоныстарымен салыстырғанда біршама 
ерекшелігі болды. Біріншіден, егіншілікпен, екіншіден, мал шаруашылығымен айналысқан қазақтардың 
қоныстары кең аймақты алып, рулық белгісіне қарай шашыраңқы орналасып, өзбектердің қишлақтарына 
қарағанда көлемі кішірек болды.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы Өзбекстан қазақтарының үй құрылысындағы 
елеулі өзгеріс - пахса пайдаланылмады.Оны көбіне-көп қора-қопсыларды салуда ғана қолданды. Ал ХХ 
ғасырдың 30-40 жылдарындағы Өзбекстан қазақтарының баспаналары қам кірпіштен немесе шымнан 
тұрғызылды. Қам кірпіштен соғылған үйлер Қарақалпақстанның Шымбайда, Теппекүл ауылдарында кең 
көрініс тапты.
Қам кірпіштен өзге қазақтар екі не үш бөлмелі қарапайым қазақы үйлер салды. Осы тұста 
қазақтардың үй құрылысына жергілікті өзге халықтардың ықпалы зор болды.
Бұдан бөлек Ташкент уезінің Жаусоғым, Алтын, Іріжар (Шардара), Майдантал т.б. болыстарында 
қазақтардың негізгі баспанасы киіз үй болатын. Ол Өзбекстан қазақтарының ауқаттыларында ХХ 
ғасырдың 30-60-шы жылдарына дейін сақталды. Қарақалпақ қоңыраттарының да дәстүрлі киіз үйді 
пайдаланғанын көруге болады.
Өзбекстан қазақтарының өзіндік киім кию үрдісі жергілікті табиғи жағдайларға байланысты 
қалыптасты. Қазақ әйелдері негізінен қанық бояулы, түрлі-түсті мақта, не жібек, панбарқыт, жылтырауық 
маталардан тігілген киімдерді киді. Сонымен бірге, олар жас ерекшелігіне қарай түс талғайтын еді. Осы 
орайда жас қыздар мен келіншектер қызыл алау түсті көйлектерге әуес болса, 3-4 баласы бар әйелдер көк 
немесе аспан түсті киімдерді көбірек киетін. Қаралы бір жағдайларда Шыршықтың жоғарғы жағы мен 
Піскент, Бөке аудандарындағы қазақтар көк орамал тартуды дәстүрге айналдырған. Ал егер көйлек жібек 
матадан тігілсе, қаралы түс болып саналмайды. Себебі, жібек матаны бағалы санаған, оны «әулие мата» 
деп біліп, одан тігілген киімді жалаңаш денеге киюді жөн көрмеген.
Жасы үлкен әйелдер 1920-30 жылдарға дейін тік жағалы, жеңі ұзын, тік пішіліп, етегі кеңдеу келетін 
көйлекті киетін. Көйлектің бұл үлгісі екі халыққа да ортақ болып келетін, әрі оның айырмашылығы өзбек 
әйелдерінің көйлегінің ұзындығы тобыққа дейін жететін де, алды көкірекке дейін қиылған болып келеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет