Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет223/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

 Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1(72), 2022 ж.
 
214 
«Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Ақан сері-Ақтоқты» мен Ч.Лодайдамбаның «Аялы саусақтар», 
М.Құрманханның «Тұлба көл шайқасы» сияқты драмалық шығармалары болды.
1960 жылы Уланбаторда өткен Баян-Өлгей қазақтарының өнері мен мәдениетінің он күндігінде 
Ж.Қабатдолдаға Моңғолияның «Халық әртісі», А.Бабиұлына «Өнер қайраткері», Д.Құсайын, 
Б.Қайжамал, Т.Дүйсенбіге «Еңбегі сіңірген әртіс» атақтары берілді. Бүгінгі таңға дейін Моңғолияда қазақ 
әндеріне қатысты диссертациялық еңбек те қорғалып үлгерсе, Қытай қазақтары күйлерінің де 10-ға тарта 
жинағы өз оқырманымен қауышып үлгерді. Одан бөлек атажұрттан жырақта жүрсе де, 120-дан астам
домбыра және сыбызғы күйлерін нотаға түсіріп, 350-ге тарта қазақ халық әндерін ыждағаттылықпен 
жинап, аса бай құнды мұраның баспа бетін көруіне мұрындық болған Баян-Өлгийдің ұлт-аспаптар 
оркестрінің негізін қалаушы Қабыкей Ахмерұлының да еңбегін ерекше атап көрсеткен жөн болар деп 
топшылаймыз. Ұлт өнерінің жанашыры іспетті бұл тұлға композитор ретінде сол аймаққа ғана емес, 
қазақ жұртына да, қала берді әлемдік муыка зерттеушілеріне де кеңінен танылып, саналы ғұмырын 
өзіқұрған оркестрдің болашағына арнап, 300-дей ән мен күйді оркестрге түсіріп, бабалар мұрасына, 
аталар аманатына адалдығын танытып-ақ кетті. Одан бөлек Мұсайф Құсайынұлы деген азаматтың да 
халық жадындағы, ел аузындағы рухани мұраларды жарыққа шығаруға қосқан үлесі қомақты. Түйіндей 
айтқанда, Қабыкей Ахмерұлы жинақтаған «Моңғолия қазақтарының халық әндері», «Моңғолия 
қазақтарының сыбызғы және домбыра күйлері» атты сүбелі еңбектерінің, Қалек Құмақайұлының 
«Сыбызғы сазы» жинағының сала мамандарына, жалпы ұлт қазынасына құштар қандастарға, ұлтжанды 
зияткер ұрпаққа берері көп-ақ.
Қытай қазақтарындаға халық мұрасы өткен ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап тасқа басылып, ел 
арасына кең тарай бастады. Күні бүгінге дейін "Қоңыробадағы қоңыр әуен", "Ақындар айтысы", т.б. 
сияқты бірқанша құнды дүниелер, 1984 жылы осы ел астанасындағы ұлттар баспасынан "Қазақ халық 
әндерінің" екі томдық жинағы, одан бөлек "Ән салсаң Әсеттей сал", "Ән әуені", "Қазақ термелері", т.б. 
шығып, төл мұраларын төріне оздырғандар ел ықыласына, жұрт алғысына бөленді. Сондай-ақ бұл 
аймақтан домбырасын жанына серік еткен Бейсенбі Дөненбайұлы, Қожеке Назарұлы Әшім Дөңшіұлы, 
сыбызғысымен ғасырлар қойнауынан сыр шерткен Қайрақбай Шәлекенұлы, Ақымжан Болдырғанұлы 
сынды сара саңлақтар, күй дүлдүлдері шыққанын да білеміз. 
Осы тұста Иран қазақтары жайында да айта кетсек, мұндағы қандастардың дені сонау 1929-1933 
зобалаң жылдарда Маңғыстаудан Түрікменстанға ауып, содан әрі Иранның солтүстік тұсындағы 
Гомишан қаласы мен Саллақ елді мекендеріне табан тірейді. Негізінен олар бұл мұсылман мемлекетінің 
Горган, Бәндәршах, Гүмбер-Қауыс, Бәндер-Түркімен қалаларында қоныс тепкен. Мұндағы қандастардың 
да бір ерекшелігі – қазақы дәстүрді қатаң сақтап, жастардың жеті атаға толмай қыз алысып, қыз 
беріспеуіне ерекше маңыз береді. Ұлттық ән-жырларды да ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, 1960 жылдары 
ауылнайлар орыстардан сайланғанға дейін ұлттық болмысын сақтап тұрыпты. Белгілі ғалым Ислам 
Жеменей Иран қазақтары турасындағы еңбегінде бұл елдегі бауырларымыздың 26 рудан құралатынын 
жеткізіпті.
Әсіресе, бұл ел қазақтарында ел аузындағы жырлар мен толғаулар жақсы сақталған деуге болады. 
Мәселен, ән мен күйге құмар халық:
«... Ауылға Сүгір-ай келді деп, 
Ордасын талай сайлаған. 
Ақ самаурын, сары құман, 
Кең дастархан жайнаған. 
Ағалар да енді аман бол, 
Жеңгелерім де бар еді, 
Ботадай көзі жайнаған...» [6], - деп басталатын «Сүгірдің елмен қоштасуын» әлі де әуенін бұзбай 
орындап, жастары да жатқа айтып келеді. 
Жалпы Иран қазақтарындағы жекжаттық-жұрағаттық қатынастарда да қазақы қалып сақталған, 
тойбастар, беташар әндері де біздегімен салыстырғанда сәл бөлектеу. 1980 жылы Мәнсүр Кияи жазып 
алған нұсқаларға көз тіксек: 
«Жиналып халық құралсын, 
Сөйле деп бізге ұйғарсын. 
Бұл тойдың көркіін айтайын... [7], - деп басталатын тойбастар жырынан да, «Алла деп мен ашайын 
бетіңді, 
Ашылды келін бетің түріліп, 
Түбі көрсем тұра алмай, 


ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г. 
215 
Асаукерді оранып, 
Халқың отыр асығып, 
Кешіктің келін неғылып...» [8], - деп келетін беташар әнінің мәтіні де, мақамы да бөлек екенін, сазы 
да, сапасы да жоғары екенін бағамдау аса қиынға соқпайды. Бірақ Иран қазақтарының кейбір халық 
әуендерінде атамекенге деген сағыныш пен мұң басым, әрі парсы ырғақтарының да ықпал-әсері анық 
аңғарылып тұрады. Яғни Омар Қазақ, Зайыр Мектепұлы Кедей, Жарылқап Байбарақұлы, Нұрымшат 
Ізбасарұлы Кедей, Ырысбай Жаймағамбетұлы Қырықмылтық секілді ақындары бар Иран қазақтарының 
дәстүрлі музыкасын зерттеп-зерделеу де алдағы күндердің еншісінде деп білейік. 
«Мәңгілік Ел» идеясының рухани іргетасы – халқымыздың сан ғасырдан бері қалыптасып келе 
жатқан рухани құндылықтары. Жас ұрпақ еліміздің сол әлі күнге толық игеріліп бітпеген тарихи негізді 
рухани құндылықтарын өндіре пайдаланып, келешектегі игі бастамалардың түпқағазы ретінде ұстана 
білуі қажет. Яғни таяу болашақта шетелдегі қандастарымыздың дәстүрлі музыкасы тереңдете зерттеліп, 
ұлт қазынасына қосылатыны күмәнсіз. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
1. Ысқақұлы Д. Тіл эпопеясы немесе рухани жаңғырудағы қазақ тілінің тарихи миссиясы. – А.,2020, 
309 бет. 
2. Нысанбаев Ә. Еуразиялық интеграция жүйесіндегі қазақтардың бірегейленуі // Еуразиялық 
интеграция және қазақ диаспорасы. – А., 2007. – 9-б. 
3. Қалшабаева Б.К. Орта Азия қазақтары (тарихи-этнографиялық зерттеу) автореферат, А., 2010. 
– 29-33-б. 
4. Сонда. 32-б. 
5. Қалшабаева Б.К. Қырғызстандағы қазақтардың отбасындағы этнографиялық ерекшеліктері // 
Еуразия тарихы: бастауы, жалғастылығы және келешегі. Халықаралық Бекмаханов оқуларының 
материалдары.2003.2-22 мамыр. – А.,2003. – 406-412-б. 
6. Жеменей И. Иран қазақтары. – А.,2007. – 20 б. 
7. Жеменей И. Иран қазақтары. – А.,2007. -44 б. 
8. Жеменей И. Иран қазақтары. – А.,2007.-51 б. 
References: 
1. Iskakuly D. language epic or historical mission of the Kazakh language in the modernization of public 
consciousness. – A.,2020. –P.309. 
2. Nysanbayev A. identification of Kazakhs in the system of Eurasian integration // Eurasian integration and 
the Kazakh diaspora. – A., 2007, p. 9. 
3. Kalshabayeva B. K. Kazakhs of Central Asia (historical and ethnographic research) abstract. – A., 2010. 
– 29-33-P. 
4. there. P. 32. 
5. Kalshabayeva B. K. ethnographic features of the Kazakh family in Kyrgyzstan / / history of Eurasia: 
origins, continuity and prospects. Materials of the International Bekmakhanov readings.2003.2-May 22. – 
A.,2003. – 406-412-P. 
6. Zhemeney I. Kazakhs of Iran. – A.,2007. – 20 p. 
7. Zhemeney I. Kazakhs of Iran. – A.,2007. – there. 44 p. 
8. Zhemeney I. Kazakhs of Iran. – A.,2007. – there. 51 p. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет