Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г


PROBLEMS OF PRESERVATION OF TRADITIONAL MUSIC BY



Pdf көрінісі
бет220/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

    Бұл бет үшін навигация:
  • Keywords
 
PROBLEMS OF PRESERVATION OF TRADITIONAL MUSIC BY
THE KAZAKH DIASPORA ABROAD 
 
Abstract 
The article examines the level of preservation, development and crisis state of traditional music, national art 
of the кazakh diaspora in the countries of the near and far abroad. The ways of preserving the national spirit of 
compatriots far from the motherland will also be analyzed and the prospects of кazakh traditional art abroad will 
be studied. 
Along with strengthening its independence, our country began to pay special attention to the Kazakh diaspora 
in the countries of the near and far abroad. The history of our compatriots, who at one time, for various reasons, 
moved from the Kazakh land to other territories, cannot but worry none of us. After all, being in this foreign 
country, they make every effort to preserve their national identity, historical memory, basic values, especially 
national music. 
Especially the authors try to pay special attention to the spiritual potential of compatriots in neighboring 
Uzbekistan, Kyrgyzstan, Turkmenistan and not to ignore the traditional music of the Kazakhs of China, Mongolia, 
Iran. 
Keywords: Rukhani zhangyru, Kazakh diaspora abroad, traditional music, national art, kandastar, cultural 
heritage, musical instruments, dombra. 
 
Тәуелсіздік - барша отандастарымыз үшін ғана емес, шетелдегі қандас бауырларымыз үшін де ең 
қастерлі ұғым. Ал «Тәуелсіздік дәуірі» делінетін табысты 30 жылда шетелдегі қазақтардан өз атажұрты-
на 1 млн. 76,01 мың қандасымыз оралды. Мұның барлығы да Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың 
шетелдегі қандастарымызды елге көшіру турасындағы 1991 жылғы 18 қарашадағы қаулысынан бастау 
алып, бүгінгі күнде бұл ұлы көш «Нұрлы көшке» ұласып, отанына оралғандардың дені ұлт мүддесіне 
қызмет етуде. Демек, жаһандық сын-қатерлерден ұлттық болмысымызды сақтап қалуда, бәсекеге 
қабілетті ұлт болуға ұмтылуда шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдерінің де қосқан үлесі қомақты. 
Атажұртқа оралу үрдісінің Ел Президенті Қ.Ж. Тоқаев басқарған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» 
тұсында да өз жалғасын таба беретіні сөзсіз. 
Ал осыдан он жыл бұрынғы ресми мәліметтердің өзінде Өзбекстанда 2 миллион 500 мың, Қытайда 2 
миллион 250 мың, Моңғолияда 120 мыңнан аса отандасымыздың ғұмыр кешіп жатқандығы жазылған 
болатын [1]. Бұл деректің мұнан кейінгі жылдарда біршама жаңарғаны да айқын. Өйткені көршілес елдегі 
қандастар санының әлдеқашан-ақ 2 миллионнан асып кеткенін Ә.Нысанбаев секілді бірқатар ғалымдар 
бұрыннан-ақ айтып келеді [2].
Жалпы алғанда, бүгінгі таңда Өзбекстан қазақтарының ұлттық музыкасы, дәстүрлі өнері мейлінше 
сақталып, дамып келеді деп айта алмаймыз. Өйткені жыл санап қазақ мектептерінің қатары кеміп, ұлттық 
саз өнерін ұлықтаушылар да азайып барады. Яғни бұл елде өзге ұлт өкілдерін өзбектендіру үдерісі 
тоқтаусыз жүруде деп айтуға толық негіз бар. Шындығында халқымыздың маңдайына біткен марғасқа-
лары - Төле би Әлібекұлы, Жалаңтөс баһадүр, Әйтеке би Байбекұлы, Сырым Датұлы, т.б. осы аймақта 
жерленгенімен, кейінгі толқын көбіне-көп осындай тұлғалардың ғибратты ғұмырынан бейхабар, олар 
турасындағы терме-дастандардың да насихаты кемшін. Халық әндерін дәріптеу де қаперден шыққан. 
Себебі ана тіліндегі мерзімді басылымға жазылуға шектеу қойылып, теледидарда берілетін Қазақстан 
хабарлары біртіндеп экраннан шет қалып жатыр. Білім беру ісіндегі қиындықтар да шаш етектен. Қазақ 
тіліндегі оқулықтар мүлдем жетіспейді. Демек, «Саз өнері» пәні оқулығы туралы сөз қозғаудың өзі артық. 
Ия, шыны керек, Тәуелсіздік дәуірінде елімізде «Қазақтың 1000 әні» секілді ірі жобалар қолға алынып,
бұл сүбелі жинаққа елімізден бөлек Моңғолия, Қытай, Ресей, Өзбекстан жерінде тұратын қандастардың 
ғұрыптық әндері енгізілген болатын. Бірақ шеттегі қазақтың ұлттық музыкасын қорғауға, өз деңгейінде 
дәріптеп сақтауға теңізге қосылған тамшы секілді мұндай шаралармен ғана септесу аздық етеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет