Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет222/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г. 
213 
Шынтуайтында еліміз өзінің тәуелсіздігін нығайта түсумен қатар, алыс және жақын шетелдердегі 
қазақ диаспорасына ерекше көңіл бөле бастады. Кезінде қазақ жерінен әр түрлі себептермен қазіргі 
Қырғызстан аумағына ауа көшкен қандастарымыздың тарихы қай-қайсысымызды да ойландырмай 
қоймайды. Өйткені, олар сол бөтен елде жүріп-ақ өзінің ұлттық болмысын, тарихи жадын, негізгі 
құндылықтарын, әсіресе ұлттық музыкасын сақтап қалуға күшін сарқа жұмсап келеді.
Қазіргі Қырғызстан аумағындағы Тоқмақ уезіне қарайтын бес болыста қазақтар тұрды. Оның жер 
аумағы 23000 шаршы метрді құрайды. Алайда 1871 жылы ол Верный уезіне қараса, 1896 жылы қайтадан 
Пішпекттің иелігіне өтті [4]. 
Осы тұста Қырғызстандағы қазақ диаспорасының тарихына байланысты еңбектер там-тұмдап қана 
кездесетінін айтқан жөн. Сондықтан да мұнадғы қазақ диаспорасы туралы мәліметтерді оңды-солды 
пайдалана алмайтынымыз белгілі.
ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі Орта Азия республикаларын этникалық-аумақтық межелеу 
нәтижесінде қазақ пен қырғыздың арасында едәуір келіспеушіліктер орын алды. Ол Сусамыр, Қарқара, 
т.б. жайлауларға байланысты өрбіген болатын. Дегенмен, бұл жерлер ел аумағынан тысқары болуы 
себепті Қырғызстанның иелігіне өтті. Ал енді қазіргі кезеңдегі Қырғызстандағы қазақтардың мейлінше 
көп шоғырланған елді-мекендері Аламеддин, Сокулык аудандарындағы Манас, Приозерное, Алтыбарақ 
т.б. елді-мекендері мен Бішкек қаласы, Тоқмақ, Талас, Шу өңірлері сондай-ақ Тянь-Шань, Ыстықкөлде де 
аздап кездеседі.
Бүгінде Қырғызстан аумағында 100-200 адамнан тұратын қазақ қоныстары көптеп ұшырасады. 
Олардың 300 адамнан кем түспейтін қырғыз елді-мекендері 56%, 100 адамнан кемі 16%, 100-500 адамнан 
тұратын қонысы 55%-і құрайды, әрі ірі селолар өте аз.
Қырғызстандағы қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы мен материалдық мәдениеті, оның ішінде 
дәстүрлі музыкасы да оңтүстік қазақтарының тұрмыс-тіршілігі мен рухани мәдениетімен ұқсас келеді. 
Мәселен, ХХ ғасырдың 70 жылдарында дейін Қырғызстан қазақтары еліміздегі қазақтар секілді кимешек 
киетін болған. Кимешекті қырғыздар «элечек» деп атаған [5]. Былайша айтқанда, бұл аймақ қазақ-
тарының халық әндері біздің оңтүстік әуендерімен мәнзелдес.
Қызықты бір мәліметті келтіре кетсек, қырғыздар көбінесе қазақ қыздарына үйленуді дұрыс көреді 
екен. Қалай болғанда да бұл қырғыздар қазақтардың қан тазалығы жағынан тектілігіне маңыз беретін 
сияқты. Өкінішті жағдайлардың келесі бір түйіткілі - Қырғызстандағы қандастарымыз жергілікті қырғыз 
халқының салт-дәстүрлерімен, әдет-ғұрыптарымен, жөн-жоралғыларымен етене қабысып, ерекше кірігіп 
кеткен. Тегінде қазақтар Орта Азия халықтарының ішінде қырғыздардың ұлттық дәстүрлерінің базыбір 
элементтерін түгелге жуық қабылдап алуға дейін барғанын көруге болады. Осыдан барып ондағы 
қандастарымыздың ұлттық мұрасынан алыстап бара жатқанын, бірқатарынаң туған ана тілінен қол 
үзгенін байқауға болады. Оның негізгі себептерінің бірі – қазақтар тұратын аудандарда қазақ орта 
мектептері мен балалар мекемелері жоқ деуге болады, қазақ тілінде теле және радиобағдарламалар 
таратылмайды. Сондықтан да мұндағы қазақтардың басым көпшілігі қырғызша не өзбекше білім алуға 
мәжбүр. Оның үстіне Қырғызстандағы қазақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы көңіл 
қуантпайды. Десек те қырғыздардың арасында қандастарымыздың сол қырғыз елінің білім беру үдерісіне 
сүбелі үлес қосып жатқанын жоққа шығаруға болмайды. Кейбір статистикалық мәліметтерге жүгінсек, 
қазақтардың ішінде 47 ғылым кандидаты, 8 ғылым докторы бар екен. Осыдан-ақ мұндағы қандастарымыз 
арасында да ұлттық музыка өнерінің насихаты кемшін түсіп жатқанын аңғару қиын емес. 
Жалпы шетелдегі қандастар ішінде ұлттық өнер, халық әндері мен күйлердің әлі де болса Қытай мен 
Моңғолиядағы, Ирандағы қазақтар арасында жақсы сақталып, насихатталып отырғанын айтуға тиіспіз. 
Анығы да, қуанарлығы да сол Моңғолия қазақтары басқа диаспора өкілдеріне қарағанда өзінің 
тілдік қуаты мен рухани-мәдени құндылықтарын қызғыштай қорып, баз қалпында сақтауға ұмытылды. 
Дәстүрлі музыкаға да көзқарас оң. 1940 жылы мәдени мұраларға деген оң көзқарастардың жаңа кезеңі 
қалыптасуының әсерінен 1942 жылы Баян-Өлгей ақын-жазушыларының тұңғыш жыр жинағы «Өлеңдер» 
деген атпен басылса, артынан Арғынбай Жұмажанұлының алғашқы жинағы «Тақпақтар» деген атпен 
1949 жылы Уланбатор қаласында баспа бетін көрді. Ал 1955 жылы Баян-Өлгей аймағында Моңғолия 
жазушылар одағының қазақ бөлімшесі ашылып, Б.Ақтан, М.Құрманхан, Б.Имашхан, Ж.Кәкей қатарлы 
танымал ақын-жазушылардың бір шоғыры әдебиет әлемінің биігіне көтерілді.
Сондай-ақ 1956 жылы Моңғолияда қазақ музыкалық драма театры ашылса, кейіннен ұлт-аспаптар 
оркестрі де құрылды. Аймақтағы қазақ театрының мамандары бәрі дерлік Қазақстанда дайындалды. 1956-
1991 жылдары қазақ-театрында қойылған қойылымдар – М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек», Ғ.Мүсіреповтің 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет