Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет250/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

Зерттеу нәтижелері. Әл-Фараби мен Ибн Халдунның еңбектерінде адамзат баласының әлеуметтік 
ұйымы немесе қоғамдық ұйымдасуы қажетті құбылыс, мұқтаждық ретінде қарастырылады. 
Мысалы, әл-Фараби өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы» трактатында: 
«Жаратылысында әрбір адамға өз тіршілігі үшін және ең жоғары кемелділік дәрежесіне жету үшін көп 
нәрсе керек, ал мұны ол жалғыз жүріп таба алмайды және бұған жету үшін ол қандай да бір адам 
қауымын қажет етеді» - деген . [6, 135 ] 
Бұл жерде, Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактаттың Түсініктемелер 
бөліміндегі 19-шы түсініктемеге сүйенсек және Бациеваның пікірінше, сириялық тарихшы әрі 
әдебиеттанушы К. Айадтың Ибн Халдун ілімін алдыңғы қатарлы орта ғасыр философтарымен 
байланыстыра зерттеуге тырысқанын ескерсек әрі әркім өзіне дейінгілердің іліміне сүйенетінін түсінсек, 
ендеше Ибн Халдунның әңгіме етіп отырған философтарының қатарында Әл-Фарабидің де болуы 
заңдылық. [2, 98] 
Дегенмен, Ибн Халдун өзіне дейінгі философтардың пайғамбарлар болмысы мен халықты шектеуші 
күштің болуын мантық пен қисынға сүйене отырып, болуы тиіс құбылыс ретінде дәлелдеуге тырысқан-
дығымен келіспейтіндігін айтып, пайғамбарлықтың бар болуы мантық пен қисыннан гөрі діни заңдармен 
анықталатындығын әрі оларға жетістік пен тура жол тікелей Аллаһтан көрсетілетіндігін баса айтады.
[7, 215-216] 
Ал, Ахмет Дәуітоғлының пікірі бойынша «... Исламдық теоцентристік космологияның негізгі 
қағидасы - бұл таухидке негізделген Лә илаҺә иллә Аллаһ және оның басты тұжырымы да - Аллаһ. [8, 46] 
Біздің ойымызша, ислам дініндегі таухид сенімі Ибн Халдун әдіснамасының негізгі ұстанымы. Ибн 
Халдунның пікірінше, Аллаһ - заттар әлемі мен құбылыстар әлемінің басталуына қатысты бұйрықтың 
иесі. Құдайсыз тіршілік болмайтын, тіршіліксіз әлем болмайтынын, ал әлем жаратылмаса, адамның да 
болуы екіталай екенін, ал адамсыз қоғам, қоғамсыз ғұмран болмайтынын түсінген жөн. Ал Ибн Халдун 
өз «Мұхаддімаһ» атты еңбегінде бұл туралы былай дейді: «Адамзаттың әлеуметтік бірлесуі қажетті әрі 
заңды құбылыс. Философтар бұл жағдайды: «Адам жаратылысынан саяси, әлеуметтік болмыс деп 
қарастырады. Яғни, әлеуметтік ұйымсыз, топтасусыз өмір сүре алмайды, философтар бұны қала, полис, 
мәдениет деген терминдермен сипаттап жүр. Өркениет дегеніміз де осы» деп айта келе, әл-Фарабидің 
тұжырымымен үндесетін пікірін былай жеткізеді: «Аллаһ адамды өмір сүруі үшін ризық пен азыққа 
тәуелді етіп, сол азыққа ұмтылатындай қалау мен ерік беріп, сондай-ақ, сол азығын тауып жейтіндей күш 
пен жігер берген күйде жаратқан. Алайда, жеке бір адамның өз мұқтаждығына жетерліктей азық табуына 
күш-жігері жоқ, өмір сүруіне қажетті азықты толық қамтамасыз ете алмайды. Тіпті, егер де біз бір күнге 
ғана жететін, ең аз мөлшердегі азықтың өзін алсақ, мысалы, азғантай бидай делік, осы болмашы мөлшер-
дегі азықтың өзін әзірлеуге, ұнтақтау, ашыту, пісіру үшін көп күш жұмсар едік. Осы үш шаруаның өзіне 
ыдыс пен құрал-сайман керек, ал олар өз кезегінде көптеген темір ұстасы мен ағаш ұстасы, құмырашы 
секілді қөлөнер шеберлерінің болуын қажет етеді. Ал енді, әлгі жалғыз адам ол бидайды әзірлемей-ақ жей 
береді десек, онда ол бидайды табуы үшін одан да көп шаруа мен қызмет, күш жұмсау қажет болады: 
Егінді егу, жинау, масағынан дәннің қауызын бөліп алып, кебегін бөлек, дәнін бөлек аршып-тазалау. Ал 
бұл шаруа үшін алдыңғы айтқан қөлөнер бұйымдары мен шеберлерінен де көп құралдар мен шеберлер 
қажет. Ал бұл шаруаның бәрін атқару жеке адамның қолынан келмейді, қабілеті де жоқ. Міне, сондықтан 
да бұл іс көптеген күштердің бірігуі нәтижесінде, жұмыла отырып жеке адамның өзіне де, өзге де 


 Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1(72), 2022 ж.
 
240 
адамдарға да азық табуына жағдай жасауынан болады. Тек жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей, бірлесу, 
одақтасу арқылы көптеген адамдардың азыққа деген мұқтаждығы өтеліп, тіпті, өздерінің санынан да көп, 
өздерінен артылып қалатындай мөлшерде азық табуына жол ашылады». [7, 213]
Осындай таухид негізінде қоғам болып ұйысу мәселесін тереңіріек түсіну үшін, әл-Фараби мен Ибн 
Халдунның мемлекет пен билік бөлінісі жайындағы еңбектерін саластыра қарастырған жөн. Бұл 
төмендегі кестеде (кесте-1) көрсетілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет