Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет249/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

Көзқарас 
Материалистік көзқарас 
Таухидтік көзқарас 
Тек ақылға (Абайша айтқанда 
«суық ақылға») сүйенетін 
Ібілістік детерменизм 
Хәзіреті Адам (а.с.)-нің 
«бір»-леуші мойынсұнуы 
Адам=материя/рациональді ақыл 
Адам=материя+мән 
(ақыл)+(жан) 
Зерттеу материалдары мен әдістері. Бүгінгі таңда, батыстық эпистимологияда әртүрлі әдіснамалар 
мен әрқилы парадигмалар болса да, олар негізінен біржақты көзқараста болып келеді. Әрі мұндай 
сыңаржақты көзқарас баяғыдан бері тығырыққа тірейтін тұйық шеңберге айналып үлгерген еді, ал бұл 
шеңбер құрсауынан тек сыни талдау мен жаңаша көзқарас арқылы шығуға болады. Қазір кезде жаңаша 
онтологиялық дүниетаным мен тиісінше соған лайықты эпистимология заманы келді. Яғни, әл-Фараби 
мен Ибн Халдун секілді ислам ғалымдарының еңбектерін қарастыру барысында, тек батыстық немесе 
материалистік көзқарастағы пікірлерге сүйене бермей, бір уақыт ислами шеңбердегі таухидтық 
көзқарасқа да жүгінген жөн. Сондықтан да, біз осы мақаланы жазу барысында, әл-Фарабидің 
«Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы» трактаты мен Ибн Халдунның «Мұқаддімәһ» 
атты еңбегін таухидтік көзқарас аясында салыстырмалы түрде қарастыруға тырыстық. 


ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г. 
239 
Талқылау. Ибн Халдунның «Илм Әл-Ғұмран» еңбегінің көзге түсер ерекшелігінің бірі әлеуметтік 
өзгерістің динамикасын түсіндіруде барынша ақыл-ойға сүйенуінде және физикалық әлемді негіздеуде 
материялық шарттарға мән беруінде жатыр. Дегенмен бұл айтылғандар Ибн Халдунның ғылыми 
тұжырымдарының бірегей негізіне, қайнар көзіне жатпайды, өйткені ол ислам дінінің дәстүрлі 
түсінігіндегі Аллаһтың бәрінен құдіреттілігін білдіретін «Таухид» ұғымын, өзінің жаңа ғылымының 
онтологиялық негізі ретінде кеңінен қолданады. [5, 418]  
Бациева секілді Ибн Халдунның «Илм Әл-Ғұмран» еңбегінің ғылыми тұжырымдарына тек 
физикалық аспекті тұрғысынан ғана қарайтын зайырлы әрі позитивистік көзқарас, мейлінше тар әрі 
сыңаржақты болып табылады. Мұндай тар түсінік оқиға мен заттардың бастапқы қозғаушы күші болып 
табылатын метафизикалық фактордың маңыздылығын ескере бермейді. Түптеп келгенде, метафизикалық 
жағдай мәтіннің мағынасында, тіпті, кей жағдайда тікелей көрініс тапқан. Ибн Халдунның басты ғылыми 
тұжырымы үш діңгектің үстіне құрылған деуге болады: а) Ғаламды жан-жақты, мейлінше толық талдап 
түсінуге тырысу; ә) Тарихи саналылық пен хақиқи түсінік; б) Қоғам мен әлеуметтің метафизикасы. Осы 
үш фактордың өзара байланысы «Илм Әл-Ғұмранда» жүйеленген және ондағы негізгі ұсынылатын 
қағида да дәстүрлі ислам ұғымындағы «Таухид» мәселесі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет