Сурет 4. 1959, 1989 жылдардағы
ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г.
251
Шығыс Қазақстан облысы халқының ұлттық құрамы (%)[4]
Шығыс Қазақстан облысы диаграммасынан байқаймыз, бұл облыста да халықтың 90% астамын
тек 2 ұлт құраған. Сол себепті де, жалпы Қазақстанның шығыс өңірі халқын биэтникалық құрамға
жатқызамыз. Әсіресе, орыс ұлты басым ұлт болған, бұл басқа облыстармен салыстырғанда Шығыс
Қазақстан облысының ерекшелігі болып табылады. Бұл құбылыстың қалыптасу себебі, әсіресе осы
Шығыс аумаққа жер аудару, қоныс аудару, арнайын қоныстанулардың әсерінен туындаған.Сондай-ақ
қазақ ұлтының да пайыздық мөлшері 1989 жылы 1959 жылмен салыстырғанда 82,2% өскен. Осы
кезеңдерде қазақ ұлтының өсуі тек бір себеппен, яғни табиғи өсімнің арқасында ғана дамыған. Орыс
ұлтының өсімі 17,8% өскен (сурет 4). Ал, өзге ұлттар саны керісінше 14,7% қысқарған. Бұл аумаққа
қоныстынушылардың өз мемлекеттеріне қайтып оралуымен, басқа елді-мекендерге көшіп кетуімен
түсіндіруге болады. Қазақ ұлты көп шоғырланған аудандарға: Зайсан, Катон-Қарағай, Күршім,
Марқакөл және Тарбағай аумақмақтарын жатқызамыз. Бұған дәлел 1959 жылы осы өңірлерде
қазақтар саны 50% жоғары көрсеткішті көрсетсе, 1989 жылы бұл аймақтағы қазақтардың үлес
салмағы 80% асып, Тарбағай ауданында 96,4% құрады. Ал орыс ұлты Өскемен, Зырян, Лениногорск,
Шемонаиха аудандарында 1959 және 1989 санақ нәтижелерінде аумақтағы халықтың 80% астамын
құрады. Сондай-ақ басқа аудандарда қазақ және орыс ұлттары 60%-40%,70%-30% көрсеткішті
көрсетіп тепе-теңдікте болды [4, 11-16].
1960 жылдары басталған өңір тұрғындарының қалыптасу тенденциясы, орыс және басқа да
ұлттардың көші-қон келімі тоқтағанымен табиғи өсім есебінен халықтың қалыптасуы қарқынды
жүрді [5, 349].
ХХ ғасырдың 50-80 жылдары Қазақстан халқының қалыптасу ролін табиғи өсім көрсеткіші
құрады. Табиғи өсім арқасында халық саныда жыл сайын ұлғайып отырды. 1968 жылға дейін табиғи
өсім жоғарғы көрсеткіші көші-қон келіммен толықты. Ал ХХ ғасырдың екінші жартысы 60
жылдардан бастап көші-қон сальдосы тоқтап, Қазақстанның шығыс өңірі халқы тек табиғи өсім
негізінде толығып отырды [9].
Демографиялық процестерде халықтың жас-жыныстық құрамы үлкен рөл атқарады, себебі ол
халық санының өсу немесе кему потенциалын қамтиды.
1959-1989 жылдардағы бүкілхалықтық санақ нәтижесінен жалпы халық санын, ұлттық
құрамы және орналасу ерекшеліктері мен этникалық топтардың жас-жыныстық құрамын анықтап
зерттеуге болады. Соның ішінде Семей облысы туралы деректерді 5-ші суреттен байқауға болады.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1(72), 2022 ж.
252
Сурет 5. Семей облысын жас-жыныстық категория бойынша бөлу (%) (1959 және 1989 ж.
халық санақтары нәтижесі бойынша) [1]
5-суреттен көретініміз, 1959 жылы 0-4 жас аралығында екі жыныста да туғандар пайызы орта
есеппен 38,85% құраса, 1989 жылы бұл көрсеткіш 47,95% болып, 10% ұлғайған. 1959 жылы туған
балалар 0-4 болғандар 1989 жылы 30-34 жаста болып, бұл көрсеткіштің нәтижесі 1989 жылы орта
жасағы адамдар санының артуына алып келді. Ал, бұл өз кезегінде сапалы демографиялық даму
процесін қалыптастырды. Семей облысында 1959 жылы қазақ ұлтының саны, орыс ұлтының санынан
аздаған мөлшерде аз болса, 1989 жылы облыстағы басым ұлт өкіліне айналды (сурет 3), яғни бұл
көрсеткіш қазақ ұлты әсерінен, Ж.Боже-Гарнье және Э.Росеттің демографиялық қартаюды бағалау
шкаласына сәйкес облыстың демографиялық жастықта екенін көрсетеді [6, 96].
Ал Шығыс Қазақстан облысы жас-жыныстық құрамы туралы деректерді 6-шы суреттен
байқауға болады.
Сурет 6. Шығыс Қазақстан облысын жас-жыныстық категория бойынша бөлу (%) (1959
және 1989 ж. халық санақтары нәтижесі бойынша) [1]
Шығыс Қазақстан облысы бойынша көрсетілген 6-суреттен көретініміз, 1959 жылы 1989
жылмен салыстырғанда, туу көрсеткіші 54,7%-дан 45,7%-ға төмендегенін байқаймыз. Туу
көрсеткішінің төмендеуі ауыл халқының қалаға көшуі, отбасылық құндылықтардың өзгеруімен,
отбасын, баланы жоспарлау, қоғамдағы әйел адамның ролінің артуымен түсіндіріледі. 1959 жылы
жастық құрамдағы туу көрсеткішіне басым әсер еткен қазақ ұлты болса, орта жастағы адамдардың
саны орта жастағы Шығыс Қазақстан аумағына түрлі себептермен қоныстанған славян ұлттары
әсеріенен, әсіресе орыс ұлты санымен толықты. Сондай-ақ 1959 жылы 60 жастан асқандар саны
төмен деңгейде болса, 1989 жылы бұл көрсеткіш бірнеше есеге ұлғайған.Бұдан біз өмір сүру
сапасының да артқанын байқаймыз.
Ал екі облысты салыстыратын болсақ, Семей облысында 30 жыл ішінде туу деңгейі өссе,
Шығыс Қазақстан облысында керісінше бұл көрсеткіш төмендеген. Бұны, жоғары да атап өткен
этникалық топтардың қоныстану территорияларына байланысты түсіндіруге болады. Яғни
«демографиялық жарылыс» жасаған қазақ этносы Семей облысында анағұрлым көп деңгейде
қоныстанып, сол облыстың туу деңгейін арттырған. Орта жастағы адамдар тобының да орта есепте
болуы облыста тең дәрәжеде қоныстанған, орыс және өзге де ұлттар санынын арқасында еді. Шығыс
ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г.
253
Қазақстан облысында орта жастағылар санының жас топтағалар санымен бірдей деңгейде екенін
байқай аламыз, яғни орта жастағылар санын көбінесе сырттан жұмыс атқаруға келген
қоныстанушылар, арнайы қоныстанушылар, жер аударылғандар, яғни механикалық жолмен толыққан
адамдар тобы құрады.
Басқа этникалық топ өкілдерінде, бірінші кезекте орыстарда мәселенің мәнін көші-қон
анықтады. Көші-қон толқындарының нәтижесінде алынған демографиялық әлеует қысқа мерзімді,
өйткені ол жағдаяттық факторларға, негізінен әлеуметтік-экономикалық қасиеттерге байланысты
болды. Қазақстанның шығыс өңірі негізгі этностарының – қазақтар мен орыстардың демографиялық
даму векторлары әртүрлі болып келеді. Қазақтардың демографиялық процестері қарама-қайшы
құбылыстармен айқындалды. Бір жағынан 1950-1960 жылдары туылған «демографиялық жарылыс
балалары» балиғаттық жасқа толды. Сондықтан 1980 жылдары туылғандар саны әсіресе
онжылдықтың екінші жартысында айтарлықтай өсті. Сонымен бірге ұрпақ өкілдерінің белсенді
урбанизациясы оның демографиялық әлеуетін төмендетті [6, 61].
Қазақстанда қоныстандыру мен экономикалық қызметтің қатаң этникалық саралануы болды.
Демографиялық тұрғыдан алғанда мұндай жағдай әртүрлі салдарға алып келеді. Қала тұрғындары
біртіндеп дәстүрлі репродуктивті қатынастарын, ең алдымен әлеуметтік-экономикалық қасиеттерін
жоғалтады. Аз балалы және орташа балалы отбасылар кең тарала бастады. Қалалық-әлеуметтік
преференцияларға ие болу (білімнің өсуі, әйелдің қоғамдағы жағдайының өсуі және т.б.) халықтың
демографиялық әлеуетін бейтараптандырады.
Шығыс Қазақстан облысы халқының, ең алдымен, қала халқының көп бөлігін славян тектес
ұлттар құрады. Бір жағынан, өнеркәсіптік кадрлардың ағыны әлеуметтік-экономикалық жеделдеуге
ықпал етті. Екінші жағынан, Қазақстан халқының этникалық құрамы түбегейлі өзгерді, 1950
жылдардың ортасында халық құрамындағы қазақ халқының үлес салмағы халықтың үштен бірінен аз
болды. Қазақ этносының әлеуметтік-мәдени ерекшеліктері шет тілді ортада жойылып кетті.
Қазақстанның демографиялық жүйесі сыртқы, еуропаландырылған негізде құрылды. Осылайша ХХ
ғасырда белгіленген демографиялық, экономикалық, әлеуметтік-мәдени мәселелердің бүкіл кешенін
егеменді мемлекет – Қазақстан Республикасында шешу қажет болды [6, 61]. Шығыс өңірінің екі
облысында қалыптасқан демографиялық ахуал, Қазақстанның оңтүстігі мен солтүстігі іспеттес, осы
облыстардағы қалыптасқан этникалық құрамды, демографиялық оқиғаларды бейнелей алды.
Достарыңызбен бөлісу: |