Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1(72), 2022 ж.
250
89,8%, ал 1989 жылы Семей облысында 87,9%, Шығыс Қазақстан облысында 93,2% құрады. Сол
себепті ұлттық құрам үлес салмағында осы 2 ұлт басымдылыққа алынды. Қазақстан шығыс өңірі
тұрғындарының этникалық құрамы – халықтың биэтникалық құрамына жатады.
Ал енді Семей өңірі тұрғындарының 1959-1989 ж. аралығындағы этникалық құрамын
қарастырайық. Семей облысы ұлттық құрамының аймақтық ерекшелігі аумақ құрамының басым
бөлігін қазақ және орыс ұлттары құрады (1959 ж- 81%). Сол себепті төмендегі 2
суретте
ұлттық
құрам үлес салмағында осы 2 ұлт басымдылыққа алынды (1989 ж- 88%). Семей тұрғындарының
этникалық құрамы – халықтың биэтникалық құрамына жатады.
Сурет 3. 1959, 1989 жылдардағы
Семей облысындағы халықтың ұлттық құрамы (%)[4]
Семей облысы диаграммадан байқап отырғанымыздай, халықтың 80% астамын тек 2 ұлт
құраған. 1959 жылы 9,5% басымдылықпен орыс ұлтының үлес
салмағы көп болса, 1989 жылы бұл
құбылыс керісінше өзгеріп 15,9% басымдылықпен қазақ ұлтының саны артқан. Қазақ ұлтының
пайыздық мөлшері 1989 жылы 1959 жылмен салыстырғанда 132,8% өсуі
табиғи өсімнің арқасында
дамыған. 1960 жылдардағы «Демографиялық жарылыс» қазақ ұлтының үлес салмағына әсер етті.
Орыс ұлтының өсімі 27,8% өскен (сурет 3). Ал, өзге ұлттар саны 1959 жылы қандай деңгейде болса
1989 жылы да сол деңгейде қалған . Шығыс Қазақстан облысында ұлттардың құрамы мүлдем басқа
векторда дамыды.
Достарыңызбен бөлісу: