Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет36/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

МатериалдарЗерттеу барысында қолданыс тапқан барлық дереккөздерді мазмұндық сипатына орай 


 Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1(72), 2022 ж.
 
32 
төрт топқа бөліп қарастырамыз. Бұл ретте архив қорларының материалдары үлкен зерттеу базасын 
құрайды. Архив құжаттары өзінің деректік түпнұсқалығымен ерекшеленеді. Архив материалдарының 
мәліметтерін деректанулық сараптаудан өткізіп, сыни көзқарас негізінде пайдалануға талпындық. 
Архивтік деректер Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты (ҚРО ММ), Қазақстан 
Республикасы Президент-тік мұрағаты (ҚР ПМ) және Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік архивінің 
(БҚО ММ) материал-дарынан алынды.  
Екінші топқа соғыс туралы құжаттар жинақтары мен арнайы еңбектер жатады. Олардың қатарында 
Батыс Қазақстандағы тыл жұмыстарының өнімділігі мен көлемін арттыруға бағытталған үкіметтік 
қаулылар мен шешімдерді қамтитын құжатарды ерекше атауға болады. Құжаттардың мағынасына дәйекті 
тоқталар болсақ, жергілікті партия ұйымдарының отырыстары қабылдаған шешімдер, ұжымшарлар мен 
МТС-ның жиналастарының есептері мен қаулылары, әскери органдардың мобилизациялыұ процесстер 
бойынша есептері, зауыт-фабрика, цех жұмыстарының өнімділігін көрсететін статистикалық мәліметтер, 
аурухана, дүкен, теміржол салаларының қызметінің ахуалын баяндайтын ведомоствоаралық жиналыс-
тардың хаттамалары және т.б. әлеуметтік-шаруашылық мәселелер қамтылған. 
Келесі топты мерзімді баспасөз беттері айқандайды. Майдан даласындағы ұрыстар және тылдағы 
еңбеккерлердің ерліктері мен табыстарын қоғамға жеткізу міндетін атқарған бүкілодақтық және 
республикалық «Правда», «Приуральская правда», «Социалистік Қазақстан» газет-журналдарының 
ақпараттары қарастырылды. Сонымен қатар, аймақтық деңгейдегі мерзімді баспасөз құралдарының 
жарияланымдары да зерттеу барысында сараланды.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет