ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г. 35
Еркектерге тән жұмыстарға араласқан облыс әйелдері соғыс басталған бойда арба жасайтын өндірісті
жолға қоюдан бастап, жылдың аяғына дейін 216 фургон және 269 шана шығарады. Облыстағы қыз-
келіншектер 1941 жылы жиһаз жасайтын фабриканың ішінен шырпы жасайтын цехты да іске қосады [13].
Орал мия зауытының емдік сығынды цехының әйелдер ұжымы да өте қарқынды жұмыстар атқарады.
«Отан ана қанша сұраса, сонша өнім беру керек» деген ұранның аясында ортақ мақсатқа жұмыс жасаған
бұл цехтың әйел жұмысшылары күннен күнге өніміділікті арттыру арқылы жоспарды артығымен
орындап, сегіз айға белгіленген жоспарды 112 пайызға жеткізіп тастаған. Алайда әйелдердің күш-қуатын
барынша пайдаланғысы келген басшылық бұл табысты азсынып, тамыз айында жоспарды тағы да 17
пайызға көбейтеді. Басшылықтың асыра сілтеуіне мойынсұмаған әйелдер жоспарды тағы да артығымен
жүзеге асырған. Мәселен, И. Козлова күндізгі жоспар бойынша орындайтын мөлшерді 150 пайызға дейін
жеткізсе, А.Косарева болса басқа комсомолдарды ұйымдастырып шығарылып жатқан өнімдердің
сапасына деген бақылауды күшейтуге, өндірісті жылдамдатуға күш. Бұл зауыттағы жұмыстың бәрі
әйелдердің күшімен атқарылғаны соншалықты ерлердің Қызыл Армия қатарына кеткендіктен агрегат-
тардың бәрін әйелдер жүргізген. Тіпті әйелдер екі ауысымда да жұмыс істеп, оны табысты атқарған.
Жүйелі түрде жоспарды артығымен орындауда ерекше табандылық танытқан Е.Рытова, Т.Елисеева,
А.Маслова және тағы басқалары жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген. Әсіресе күйеуі соғысқа
кеткендіктен оның орнына вакуум аппаратының ауа сорғыш машинисі қызметін атқаратын А.Маслова
және ваккумшы Кузнецова арнайы техникалық білімдері жоқ болса да ваккум-сорғышқа, сальниктерды
тығындау, белдіктерді тігу және тағы басқа аппараттарға жөндеу жұмыстарын жүргізген. Бұдан басқа
зауыттағы әйелдер өндірісті дұрыс жолға қою арқылы энергия шығынын азайтуға қол жеткізген. Егер
шілдеде сығынды өнімдерін шығаруға 223 сағат жұмсаса, тамызда одан көп өнімді дайындауға 144
машина сағат жұмсаған. Зауытта қорғаныс жұмыстары да жақсы жолға қойылып, барлық әйелдер әуе
шабуылына қарсы қорғаныс нормаларын тапсырған [14].
Отан соғысының қажеттілігі үшін тылдағы шаруашылықтың барлық салаларын әйелдердың күшімен
бейімдеп қайта құрған бастауыш партия, комсомол ұйымдары Батыс Қазақстан облысының аумағына жау
басып алған аудандардан көшірілген өндіріс орындарына басты назар аударған. Оларды орналастыру
және іске қосуда тікелей әйелдердің күшін пайдаланған. Әсіресе Орал қаласына көшірілген Усмань
механикалық зауытын қалпына келтіруде амалдың жоқтығынан әйелдер атқарған [15, 126-127 пп.]. 1941
жылы қыркүйек айының басында облысқа көшіріліп, жергілікті «Красный Октябрь» фабрикасына
қосылған Киевтің жүн басу фабрикасына да астық дайындау мекемесінің №47, 48,49 ыдыс базасының
ғимараттары мен №41, 42, 43, 44, 45 қоймалары бөлінген [16, 333 п]. Фабрикада жұмыс істейтін әрбір
әйел коммунист пен комсомолдың алдына күнделікті өнім өндіру нормасын беруге және ауысым сайын
2-3 норманы жүзеге асыру тапсырылған кезде майданға жылы киім тігетін цехтың жұмысшы әйелдері
Жукова, Нұғманова, Четверова, Пиунова, Березняк, Құлықова, Лещевова және Ахмеджанова майданның
тапсырысын артығымен орындау үшін өзара социалистік жарысқа түсіп, өз міндеттерін орындап шығады
[17, 1-3 пп.]. Бейбіт күндері көркем тігінді мен тоқыма өнімдерін шығарып келген Орал қаласындағы
«8 март» атындағы артельде соғыс басталысымен өнімдерін майданның мүддесіне сай бейімдеп,
жауынгер-лерге арнап түрлі әскери киімдер тігуге көшкен болатын. Мұнда да жұмыс қызу жүргені
соншалықты осы артельдің мүшелері Назарова, Родина, Павленко, Павлова, Тюлкина, Шиногиналар
деген тігіншілер бекітілген нормаларды 200 пайыздан асырып тастаған [18].
Майданға шақырылған ерлердің, соның ішінде әке мен күйеулерінің, ағалары мен інілерінің орнын
басып, ерлерге ғана тән мамандықтарды меңгеру кеңестік қыз-келіншектердің дәстүрлеріне айналды.
Орал қаласында орналасқан В.М. Молотов атындағы заводта жұмыс істейтін әйел жұмысшыларының
жиналысы болып, заводтың партбюросының хатшысы Шестакова соғыс кезіндегі әйелдердің міндеттері
туралы баяндама жасайды. «Біздің елде әйелдердің - деді Шестакова, - алатын орны ерекше. Әйелдер
социалистік құрылыс құру ісіне белсенді түрде қатынасты. Өндіріс кәсібі мен ауыл шаруашылығында
еткен данқты еңбектері үшін Кеңес Одағының ордендері мен медалдарын алған. Герман фашистері өзінің
өлер шағына жеткенін біліп, жер басып жүруіне мүмкіншілігі қалмағанын сезіп кеңес еліне тап берді.
Фашист төбеттерінің шабуылына қарсы кеңес елінің құралған күші сап түзеп майданға шықты. Көп ұлтты
кеңес халқы отан соғысына аттанды. Еліміз соғыс халынде отырғанда әйелдерге ардақты міндет жүктелді.
Әйелдер өндірістің барлық техникасын игеруге, әскерге баратындардың орнын толықтыруға тиіс».
Сонымен қатар жиналыста Решетника шығып былай дейді: «Отан соғысының кезінде майдан мен
тылдағы міндеттің арасында айырма болмайды. Біздер - әйелдер бұны жақсы білеміз.. Менің ерім осы
өндірісте жұмыс істеп жүріп кезекті шақырумен әскерге кетті. Ол отанды қасық қаны қалғанша
қорғаймын деп аттанды. Мен социалистік революцианың әйелдерге алып берген алтын құқығына