ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г.
33
ғанда көлемді емес. Бірақ, мәселенің түбірін анықтауға септігін тигізетін зерттеулер тобының қалыптас-
қандығын айқындаймыз. Кеңестік дәуірде осы тақырыпқа арналған зерттеулердің авторлары қызметін
тәуелсіздік кезеңінде де жалғастыруда.
Соғыс жылдарының өзінде қазақстандықтардың майдан даласы мен тылдағы ерліктері мен жетістік-
терін айқындайтын ғылыми жинақтар мен еңбектер жариялана бастады. Оның ішінде мерзімді баспасөз
беттеріндегі апталық немесе күнделікті хабарларды қосуға болады.
Сонымен қатар, Қазақстан КП ОК
үгіт-насихат бөлімінің қызметкерлері мен ғылым өкілдері 1943 жылы бірлесіп шығарған құжаттар
жинағында Қазақстанның соғыс кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық өмірінің тыныс-тіршілігінен жан-
жақты мәліметтер топтастырылған [1]. 1964-1967 жылдары аралығында Ұлы Отан соғысы тарихына
арналған екі томдық еңбекте қазақстандықтардың жауынгерлік ерлік істері, тыл жұмысшыларының
жігерлі
іс-әрекеттері, ел өнеркәсібінің майдан мүддесіне сай ұйымдастырылуы және соғыс тарихының
зардаптарына қатысты тыңғылықты ойлар келтірілген [2].
Қазақ КСР-ң 1940-1950 жылдардағы ауыл және халық шаруашылығы тарихына арналған еңбектер
тобында аграрлық саясатты жүзеге асырудағы әйелдердің белсенділігі мен рөлі жіті ашып көрсетілген.
Т.Б. Балақаев өз зерттеуінде кеңшарларда жұмыс істеуші әйелдердің түрлі еңбек салаларындағы ерліктері
мен табыстарына айқын көз жүгіртсе [3], Б.А. Төлепбаев Қазақстаның ірі шаруашылық және астық
базасына айналуының мүмкіндіктері мен перспективаларына жан-жақты талдау жасаған. Оның ішінде,
кемелденген социализм кезіндегі коммунистік партияның аграрлық саясатын көрсетіп, соғыстан кейінгі
жылдары ауыл шаруашылығында күрделі ерлер мамандықтарын игерген әйелдер қызметін сипаттаған [4].
Соғыс кезіндегі республика
тарихын зер сала зерттеп, алғаш көлемді монографияларды жазған
ғалымдар – Ғ. Әбішев [5] және М.Қ. Қозыбаевтар болды. Тарихшы-ғалымдардың зерттеулерінде Ұлы
Отан соғысы кезіндегі Қазақстан халқының майдан мен тылдағы жеңіске қосқан үлестеріне лайықты баға
беріліп, «Қазақстан-майдан арсеналы» деген қорытынды жасалды. Дегенмен, еңбектердің коммунистік
идеология тұрғысынан жазылғандығы айқын көрінеді [6].
1965 жылы жарық көрген тарихшы В.Я. Басиннің еңбегінде соғыс жылдарындағы ауыр өнеркәсіп
салаларының
қызметі жан-жақты талданып, кең көлемде қарастырылды [7]. Еңбекте Батыс Қазақстан
өңіріне эвакуацияланған Мәскеу рентген заводы, 1943 жылы іске қосылған Ақтөбе ферроқорытпа заводы
мен Гурьевтегі мұнай өңдеу заводтарының қызметтері жалпылама баяндалды.
Тарихшы-ғалым Т.З. Рысбеков «Советы Казахстана» деген монографиясында кеңес органдарындағы
әйелдерді қоғамдық-шаруашылық қызметтерге тарту мәселесін ішінара қарастыра отырып, кеңестер және
басқа қоғамдық ұйымдар қызметі әлеуметтік салада шектелді, бұл жағдай ауыл-селолардағы әлеуметтік-
экономикалық мәселелердің шешілуінде қарама-қайшылық туғызды деген ой-қорытындыға келген [8].
Ауыл-село әйелдерінің еңбек және әлеуметтік, саяси белсенділіктерін көтерудегі кеңес өкіметінің
жүргізген шараларына өзіндік пайымдаулар жасалған.
Достарыңызбен бөлісу: