Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет45/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

 
Кіріспе. Түркістан өлкесінің патша үстемдігі дәуіріндегі оқу-ағарту жүйесінің ұйымдасу және қызмет 
атқару істерінің даму барысын басқа да тарихи оқиғалармен сабақтастыра отырып зерттеу арқылы 
ерекше-ліктерінің түбірін түсіне аламыз. Ағартушылық мәселесіне қатысты орын алған тарихи 
құбылыстар мен оқиғаларды талдау арқылы мәдени-тарихи тұжырымдамалар тұрғысынан қарастырудың 
маңызы зор. Осы тұрғыдан мұсылмандық мектептер мен медреселердің халыққа білім берудегі маңызы, 
оларға патша билігінің тосқауыл қою мақсатында орыстандыру саясатын жүзеге асыру үшін орыс-
түземдік мектептерін ашуы, мұсылмандық оқу орындарына жаңа серпін берген жәдидтік ағымның 
қалыптасуы сияқты үдерістерге назар аударылады.  
ХІХ ғасырдың екінші жартысында орыс генералы Черняев отрядтарының жорықтары нәтижесінде 
Түркістан, Шымкент, Әулиеата және тағы басқа қалалар әскери күшпен Ресейдің қоластына өтті. 
Осылайша Қазақстанның оңтүстігінің Ресейге қосылу және онда жаңа әкімшілік өлкенің құрылу үдерісі 
аяқталған болатын. Сырдария облысының бір уезіне айналған Түркістан қаласы империяның бір бөлігіне 
айналды. Олардың барлығында біртұтас әскери-отарлық басқару жүйесі қалыптасты. Бұндай күрделі 
құрылымның генезисі аймақтың ғасырлар бойы орныққан саяси, экономикалық және рухани 
интеграциялық дәстүрлері мен тарихы Ресейдің патша өкіметінің Түркістан қоғамын модернизациялау 
барысында қалыптасты. 
Түркістан өлкесінің Сырдария облысы патша әкімшілігінің әскери-экономикалық тұрғыдағы 
стратегиялық аудандарының бірі ретінде қарастырылды. Осы мақсатта облыстың аумағынан кесіп өтетін 
Орынбор-Ташкент теміржолының желісі салынды. Бұл саяси-экономикалық қадам аймақтың әлеуметтік-
шаруашылық дамуында бірқатар рөл атқарды. Патша билігі жергілікті халықты тиімді билеп-төстеу мен 
табиғи ресурстарын оңтайлы игерудің жолдарын барынша ойластырды. Сонымен қазақ жерлерін 
қарудың күшімен Ресей құрамына қосылудың аяқталуы және империяның оңтүстік-шығыс шектерінде 
орнығуы Қазақстанды басқаруды әлеуметтік-экономикалық, мәдени өміріне қалыптасқан жаңа 
өзгерістерге сәйкес қайта құру міндетін алға қойды. Патша үкіметі жаулап алған өлкені Ресейдің отарына 
айналдырудың барлық тетіктерін пайдаланды. Бұл өлкеде патша әкімшілігі құрған мектептер жүйесі де 
патшалық отаршылдық саясаттың құралы қызметін атқарды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет