Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет40/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

 Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1(72), 2022 ж.
 
36 
ешқандай шек келтірмеу үшін қызмет атқарамын. Шофер мамандығын үйрендім». Одан кейін сөз алған 
Маслова мен Кузнецовада қазіргі білетін мамандықтарына қоса машинистка болып шығамыз деп 
уәделерін береді [19].
«Красный Октябрь» фабрикасында жұмыс істейтін механик Мошкин Қызыл әскердің қатарына 
алынған соң фабриканың кеңсесінде қызмет атқаратын оның әйелі Анастасия Мошкина «өндірісте қолдап 
жұмыс жасаймын, адам жетпей жатқанда цифр тізіп, есеп шот соғып конторда отыруды орынсыз деп 
санаймын» деп өз еркімен фабриканың цехына ауысуға өтініш береді. Өтініші қабылданған соң ол 
берілген жоспарды 120 пайызға жеткізген. Мұнымен қатар фабрикада Крайнена, Гутереда деген әйелдер 
слесарлықты игерсе, Қиязова электромонтрлікті үйреніп, ер адамдардың мамандығын атқарған [20]. 
Ауылдық жерлерде әйелдер механизатор мамандар қатарын толықтырудың бірден – бір көзі болды. 1941 
жылдың 13 тамызында «Правда» газеті бас мақаласында, - «кеңес әйелдерінің трактор, комбайн, 
автомобиль жүргізушілері болуларына толық қолдау көрсетуге», - шақырды. КСРО-ның атақты 
тракторист әйелдері П.Ангелина, П.Ковардак, А.Кирюшина және т.б. «Әйелдер – машина тізгінін 
ұстаңдар» ұраны колхозшы әйелдерге зор ықпал жасады. Олар отан үшін пайдалы, әрі күрделі 
салалардың бірі машина-механизмді игеруді басты міндет ретінде санады және әйелдердің отансүйгіштік 
қозғалыстары «Әйелі ерінің орнына, қарындасы ағасының орнына» ұранның негізінде дамып, өздеріне 
тән емес ер адам кәсіптерін атқару арқылы нағыз еңбек ерлеріне айналды. Мәселен, Казталовка 
ауданында МТС-та 1941 жылы 75 тракторшының 50-і әйел, 42 комбайншының 36-сі әйелді құраса, сол 
МТС-тің жанынан ашылған курста оқып жатқан 50 адамның 45-і әйел болған [22].
Жәнібек ауданының колхоздарында да көптеген әйелдер тракторист мамандығына даярланып, 20 
колхоздың жанынан 223 жас әйелдер мен қыздар колхоз өндірісінен қол үзбестен трактордың оқуын 
оқыған. Осы мақсатпен «Ленин жолы» совхозында 25 қыз-келіншек тракторды жылдамдатылған әдіспен 
үйренген. Тракторды жақсы меңгеріп жатқандардың ішінде Шабарова, Байдақова, Қайрошова және тағы 
басқалары тракторды игеріп қана қоймай соғыс өнеріне де аса көңіл қойған [23]. «Ленин жолынан» басқа 
«Ұмтыл», «Коминтерн», «Крупская», «Сталин» атындағы совхоздар мен колхоздарда жас әйел, қыздардан 
42 адам өндірістен қол үзбей жүріп, трактор курстарында оқып, тракторшы болып шықты. Бұлардың 
ішінде, «Ұмтыл» колхозынан Шугунова, Төпешева, Шурзина, «Крупская» колхоздан Есентаева
Қойшекенова, Киресова оқуды «өте жақсы», «жақсы» деген бағамен тапсырған. Сондай-ақ, МТС 
жанынан комбайншылар даярлайтын қысқа мерзімді курс ашылып, онда жас әйел, қыздардан 20 адам 
оқып, бұларда курсты бітіріп, колхоздарға комбайншы және комбайншының жәрдемшісі қызметтерін 
атқарады. Мұнда да Айдыналиева, Камарова және Алымсақова сияқты қыздар оқуға көңіл қойғандар 
қатарынан табылған [24].
Ал Бөрілі ауданында егінді жинау кезінде және күзгі далалық жұмысты еркектердің орнын толығы-
мен әйелдер алмастырған. Атап айтқанда Бөрілі МТС-тың аға механигі Скобелкин майданға кетісімен 
оның орнына әйелі комбайнға отырып, өзі сияқты басқа да комбайншы әйелдермен бірге 845 гектар 
бидайды жинаған. Валентина Друз деген әйел ағасы соғысқа кетісімен механизаторлар дайындайтын 
курсты аяқтаған бойда комбайнға отырып 400 гектар бидайды орып алады. Бұдан басқа Бөрілі кеңшар-
ларында Надежда Калашникова мен Анна Котельникова комбайндарымен әрқайсысы 300-ден аса гектар 
бидайды орған. Бұдан басқа күйеулері майданға кеткен соң оның әйелдері Голованова, Багайдина, 
Фиклистова, Маданова, Качасова және тағы басқалары комбайндар мен тракторларға отырған. Жалпы 
алғанда мемлекеттік жоспарды орындау үшін ауданда 53 комбайншы және 103 тракторшы әйел дайын-
дықтан өткен. Ленин және Чапаев атындағы ұжымшардың төрағалары да басым бөлігі қыздар болып 
табылатын жастардың арасынан ең үздік деген колхозшыларды таңдап механизаторлары курсына 
жіберген.
Дегенмен егінді уақытында жинап алуды ойламай механизаторлар курсына жастарды жібермеген 
колхоздарда болған. Мәселен Буденный колхозында тіпті қыз-келіншектер күшінің өзі жетіспегендіктен 
егінді жинап алу ұзаққа созылғандықтан механизаторлық курсқа ешкімді жібере алмаған [25]. Бұдан басқа 
1941 жылы соғыс басталып еркектердің көпшілігі майданға кеткендіктен колхоздағы әйелдер олардың 
орнын басып ешқандай оқусыз комбайн, тракторларды жүргізушілер де табылған. Мәселен, «Красный 
Урал» колхозында Москаленко Антонина өз бетімен трактор жүргізуді үйренсе, Сумцова, Смолина және 
Глоба өз еріктерімен комбаиншілдердің қатарын толықтырған. Шыңғырлау ауданындағы Сұлукөл
МТС-ғы тракторшылар дайындайтын курста да 75 адам оқыса, оның 57-сі әйелдер құраған. Солардың 
ішінде Гулсова, Төлепбергенова деген қыздар оқуда үздік көрсеткіштер көрсеткен [26]. Сондықтан
үрдісті жалпы талдау барысында ерекше «әйелдер» қиындықтары мен мәселелерін де ескеру қажет. 
Мысалы, соғыс кезінде көптеген тракторист әйелдер отбасының жалғыз асыраушысы еді, яғни олардың 


ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г. 
37 
қамқорлығында қарттар мен жас балалар болды. Олардың көпшілігіне оқуға уақыт табу қиын болды. 
Әйелдерді механизатор мамандығына оқытудың қиындықтарына бірқатар тарихшылар назар аударды. 
Ю.В. Арутюнян өз монографиясында былайша жазды, - «Әйелдер арасынан ауылшаруашылығына 
қажетті білікті мамандар даярлау ісінде бірқатар қиындықтар болды. Оқыту колхозда, МТС-та емес 
арнайы мектептерде жүрді. Ерлері әскер қатарына шақырылып, отбасының бар жүгі өз мойындарына 
түскен әйелдер үшін, аз уақытқа болса да, балаларынан жырақтап кету, әрине қиынға соқты» [27, с.112.].
Соғыс жылдарында эпидемиялық аурулардың көбеюіне, сонымен қатар санитарлық жағдайлардың 
сақталмауымен бірге, неміс әскерлері тылдағы халықты әлсірету мақсатында әр түрлі медициналық 
қитұрқы әрекеттерді ойластырған. Қылмыскерлер денсаулыққа зиянды қауіпті эпидемияларды жасанды 
жолмен таратқан [28, 30 п.]. Соғыс жылдарында Батыс Қазақстан халқы туындаған әлеуметтік-
тұрмыстық қиындықтарға мойымай, ежелден қанына берілген төзімділігімен ел басына түскен 
ауыртпалықтарды бірдей көтеріп, денсаулық сақтау, білім беру мен мәдениет саласында майдан мен жеңіс 
мүддесі үшін аянбай қызмет атқарған. Сонымен қатар қорғаныс қоры және т.б. мемлекет тарапынан 
ұйымдастырылған майданға көмек беру қорларына, Қызыл Армия отбасыларына, азат етілген аудандарды 
өз қамқорлықтарына алып, оларға қаржылай-заттай, рухани жағынан көмектерін беріп отырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет