ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г. 53
құрамына қосып алу екі ел үшін де тиімді еді. Себебі Моңғолия жер көлемі бойынша және жер байлығы
жағынан да аса үлкен қорларға ие сондай-ақ сол кезеңде екі ел үшін де шикі зат көзі ретінде таптыр-
майтын мүмкіндік болды. Қысқаша айтқанда Моңғолияға өз бетінше дербес мемлекет болып кетуіне
мүмкіндік бермеді.
Моңғолия ресми тұрғыда кеңес одағының құрамынан тыс болғанымен, бейресми
тұрғыда 16-шы мемлекет ретінде қаралды. Сол үшінде Ресей империясы өз саясатын емін еркін жүргізе
алды. Ресми тұрғыда одаққа қоспағаны әрине Қытай Ресей ара қатынас мәселелеріне тікелей байланысты
болды. Моңғолияны Кеңес Одағынан басқа ешкім мойындамады және оған тәуелсіз мемлекет ретінде
аяғынан нық тұру үшін әлі де көп нәрсе жасау керек болды. Шынымн де осы кезеңде Моңғолия
экономикалық тұрғыдан болсын, қарулы күш жағынан болсын көршілеріне төтеп бере алмайтын еді. Моңғол Халық Республикасы мемлекеттік даму жолында еуропалық модельді ұстанғысы келгенімен
экономикалық жағдайға, сыртқы күштерден қорғану үшін амалсыздан Ресей империясының көмегіне
жүгінді. Ал КСРО тарапынан алып қарайтын болсақ Моңғол Халық Республикасын тәуелсіз мемлекет
ретінде мойындағанымен өз құрамына кіргізуді, кеңестік модельге кіргізуді басты назарға ұстады. 1924
жылы Моңғолия халық партиясы (МХП)-ның ІІІ съезінде капиталистік даму жолы Моңғолия үшін
қолайсыз деп жарияланып 1925 жылы МХРП-ның IV съезінде партия бағдарламасы қабылданды, онда
феодалдық тапты жою, елдің экономикалық тәуелсіздігін жеңіп алу социалистік қоғам құру деген
идеология негізінде экономикалық алғышарттар құру міндеті қойылды.
XVII ғасырдың соңы XX басы 200 жылдай Қытайдың құрамында болған Моңғолия 1911 жылғы
Моңғол халқының ұлт-азаттық қозғалысы нәтижесінде Қытайдың құрамынан сытылып шығып
автономия мәртебесін жариялады. Моңголия бұған дейін де Қытайдың құрамынан шығуға неше мәрте
әрекет жасағанымен нәтижесіз болған. Бірақ 1911 жылы ыдырап тұрған Цин империясы кең империяны
ұстап тұра алмады. Моңголия өзін Қытайдан тысқары мемлекет ретінде жариялағанымен Қытай армиясы
бірнеше жыл бойы бүлікшіл жиектерді ұстап тұруға тырысты. Дәл осы жылдары яғни 1917 ж Ресей
империясының азамат соғысы басталды, көп «ақ әскерлер» Сібір және Қытай жеріне қашты. Дәл сондай
әскери қолбасшылардың бірі Барон Унгерн фон Штернберг бастаған Ресейдің ақ армиясының азиялық
атты әскер дивизиясы Моңғолияға кіріп,1920 жыл қазан айынан бастап Да-Хүрее (қазіргі Ұлан-Батыр)
қаласына бірнеше рет шабуылдап, 1921 жылы 23 ақпанда астананы қытай партизандарынан толығымен
босатты.Нәтижесінде Богда хандығы Моңғол мемлекетін қалпына келтіріп, моңғолдар тәуелсіздікке ие
болды. Яғни бұл кезде Моңғолияда хандық жүйе жалғасып жатқан сабепті Богданы хан сайлады.
Сонымен қатар 1921 жылдың 3 айдың 1 де ресми түрде Моңгол халық партиясы құрылды. Уақытша
үкімет құрылып партия төрағасы ретінде Данзан, премьер-министр ретінде Чагдаржав, сыртқы істер
министрі ретінде Бодоо және халық армиясының генералы ретінде Сүхбатар тағайындалды. Осылайша
Моңғолдар тәуелсіз мемлекет құру жолындағы алғашқы қадамдарының бірін жасады. Бірақ Моңғолия
тәуелсіздігін әлемде ешбір мемлекет мойындамады мойындағысы келмеді себебі Ұлы Британия Ресей
империясы сынды әлемдік державалар отар елдердің тәуелсіздік алуын қаламады. Мысалы, сыртқы істер
министрі Д.Сазанов мемлекеттік думада сөйлеген сөзінде “Халха тәуелсіз мемлекет болуға тарихи
тұрғыдан дайын емес, – деді. Себебі әскер, қаржыгерлер, мемлекеттік қызметкерлер де жоқ” деп
қарастырды. Тіпті тәуелсіз мемлекет болуға қауқарсыз деп қарады. Осы жылы 5 қарашада Моңғолия
Халық Республикасы Үкіметі мен Кеңес Одағы Үкіметі арасында келісімшарт орнап екі ел арасындағы
дипломатиялық қатынастардың құқықтық негізін жасады. Бұл келісім ресми түрде «Моңғолия мен Ресей
арасында достық орнату туралы келісім» деп аталды. Көп кешікпей екі ел 1922 жылы Улан-Баторда және
Мәскеуде елшіліктерін ашты. Алайда, Ресей Моңғолияны Қытайдың бір бөлігі ретінде заңды түрде
мойындағанымен, сонымен бірге Қытайдың әсерін одан біртіндеп қысып, оны өзінің ықпал ету аймағына
айналдыру саясатын жүргізді. Мысалы, сыртқы істер халық комиссары Г.Чичерин Моңғолиядағы
Кеңестің өкілетті өкілі Никифоровқа: «Біз Қытай егемендігі кезіндегі Моңғол Халық Республикасының
автономиясын жариялаймыз, бірақ іс жүзінде Моңғолияны кеңестік үлгідегі саяси және экономикалық
ұйымға жақындату үшін жұмыс істейміз», – деді. Осы кезеңнен бастап КСРО Моңғол халық респуб-
ликасына өз саясатын жүргізе бастады. Бұлкезең Моңғол халқы үшін ең ауыр түнекке толы тұманды
күндерді бастан кешіріп жатқан кезі еді. Екі алпауыт империяның ортасында небәрі миллионға жетер
жетпес халқы бар Моңғолияның тәуелсіз ел болуы да Моңғол халқының қайсарлығы деп айтар едік.
Моңғол халқы тәуелсіздік деген қастерлі ұғымды ғасырлар бойы аңсады.
1924 жылы Богда хан қайтыс болды. Осы жағдай Моңғолияға үлкен өзгеріс алып келді. Осы күнге
дейін хандық жүйе жалғасып келген Моңғолияда 1924 ж. 11 айдың 26 күні хандық жүйе түбегейлі
жойылып, алғашқы мемлекеттік жаңа заң жобасы қабылданып Моңғол халық республикасы деп
жариялады. Моңғолия тәуелсіздігі бұған дейін де бірнеше сатылардан өткен еді. Ғасырлар бойы аңсаған
асыл арман жолында қаншама боздақ құрбандыққа шалынды, қаншама қайғы қасіретті бастан кешірді