Сабақты бекіту. Сабақты қортындылау: баға қою және қортындылау
БББ
1.Таблица толтыру: I now, I found out, I want to know.
VІ
Рефлексия
«Tarsia»
1.Пирамиданы құрау.
VІІ
Үй тапсырмасы
№ 38 сабақтың жоспары Пән: «Ветеринарлық істі ұйымдастыру»
Сабақтың тақырыбы: Мал шаруашылық өнімдерін, шикізаттарын қабылдау, сақтау, дауындау, малды союды ветеринарлық‒санитарлық қадағалау
Сабақтың мақсаты: Мал шаруашылық өнімдерін, шикізаттарын қабылдау, сақтау, дауындау, малды союды ветеринарлық‒санитарлық қадағалауды білу.
Сабақтың жабдықталуы: Ветеринарлық заңнамалар, видео жазбалар, оқулық.
Жоспар: Мал шаруашылық өнімдерін, шикізаттарын қабылдау, сақтау, дауындау, малды союды ветеринарлық‒санитарлық қадағалау
Осындай бақылау ұйымдастырудың негізгі қағидаты – сойыс малдарының, малдың тұтас етінің ешқайсысын ветеринарлық байқаудан, сараптаудан тыс қалдырмау.
ӨВСББ мал қабылдаудан бастап, одан дайын өнім алғанша технологиялық және ветеринарлық санитарлық талаптардың сақталуын бақылауға міндетті. Тұтас еттерге арнаулы ветеринарлық таңбалар соғылады, олардың түсі, формасы ет сортына байланысты болады. Таңба соғылмаған етті сатуға, пайдалануға рұқсат берілмейді.
Бақылау малдан алынатын шикізаттың барлық түріне жүргізілуі тиіс. Шикізат жинау қабылдау жұқпалы аурулардан таза шаруашылықтарда жүргізіледі.
Шикізат қабылдау нүктелері мен қоймалары үнемі бақылауда болады. Шикізаттарды тексеруге ветеринарияның мемлекеттік мекемелерінің мамандары бөлінеді немесе арнаулы маман алынады.
Бақылау сұрақтары: Мал шаруашылық өнімдерін, шикізаттарын қабылдау, сақтау, дауындау, малды союды ветеринарлық‒санитарлық қадағалаудың ветеринария үшін маңызы қандай?