Vі. Қазақ хандығының құрылуы және дамуы


Ғұндардың құқықтық жүйесi



бет9/46
Дата20.09.2022
өлшемі154.27 Kb.
#461046
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   46
МЕМЛЕКЕТ ҚҰҚЫҚ ТАРИХЫ

Ғұндардың құқықтық жүйесi. Күрделi мемлекеттiк жүйенiң пайда болуы қоғамда құқықты реттеудiң пайда болуына мүмкiндiк ашты. Ғұндардың құқықтық негiзiнiң көзi әдет-ғұрып болды. Қытай жазбаларына сүйенсек ғұндардың заңдары “жеңiл және орындауға оңай” едi. Сот 10 күн аралығында созылып, қамауда отырғандардың саны оннан аспайтын. Күрделi қылмыс жасағандарға өлiм жазасы кесiлiп, ұрлық жасағандардың мүлкi тәркiленсе, жеңiл-желпi жағымсыз iс-әрекеттер еткендердiң жүзiнде iз қалдырылды. Сонымен бiрге көшпелiлердiң дағдылы не әдеттегi құқығы кодификациялана (жүйелене) бастады. Сондықтан да Мөде сеңгiр шығарған кодекс бойынша әскери тәртiптi бұзғандар мен әскери қызметтерден бас тартқандарға өлiм жазасын кестi. Ал меншiк құқығына келсек, көшпелi қоғамдардың бәрiне тән қасиеттер болды. Мысалы, ерекше болып көрiнетiнi жеке отбасы меншiгi, қауым меншiгi, әскери-потестарлық бiрлестiктер мен мемлекет меншiгi едi.
Үйсiн және қаңлы мемлекеттерi. Ғұн державасының пайда болуы Қазақстан территориясында басқа да дамыған мемлекеттiк-құқықтық жүйелердiң пайда болуына себепкер болды. Әсiресе ол ғұндар билiгiндегi аймақтарда кең етек алды. Солардың қатарына үйсiндер мен қаңлылардың мемлекетi жатады. Үйсiндер алғашқы кездерi бiздiң дәуірімізге дейiнгi III ғасырда Данхэ өзенi аймағын жайлаған едi. Егер VIII ғасыр шежiресiне жүгiнсек, онда Бесбалықты “Усун князiнiң шекарасы” дейдi. Ендеше, үйсiндердiң шығыс шегi Бесбалық екен. Олар ғұндардың соққысына ұшырап, ақыры солардың империясының құрамына қосылды. Сондықтан да үйсiндерге “Батыс жақтағы (шекараны) қабырғаны қадағалау” тапсырылды. Сеңгiрдiң көмегiмен үйсiндер юэчжейлердi күйретiп Жетiсу өңiрiн жайлады. Жалпы, үйсiндер туралы алғашқы хабарлар б.з.б. II ғасырдың аяғында пайда болған. Ал қазiргi кейбiр қолда бар деректерге қарағанда олар Жетiсу өңiрiмен бiрге одан да басқа кең байтақ аумақты алып жатқан. Жетiсуға Үйсiндер Орталық Азияның түкпiрiндегi Дұнхуаң және Чилан тауы аралығынан б.з.д. II ғасырда шамамен 160 жылдары көшiп келген деген де дерек бар.Көне Қытай жазбаларының бiрi “Хан патшалығы тарихы” Жаң Чилан өмiрбаяны тарауында үйсiндердiң ханы күнму(күнби)” деп аталған. Үйсiндер Жетiсуды қоныстанбай тұрып мемлекет болған деген де дерек бар.Мысалы, “Күнмудың әкесi Нәндi би тегiнде Чилан мен Дұнхуаң аралығындағы Ұлы иозылармен қанаттас әрi қоныстас отырған кiшi мемлекеттiң иесi” деген де дерек кездесiп қалады. Ұлы иозылар –юечжiлер б.з.д. дейiнгi III-II ғасырларда Чилан мен Дунхуан аралығын мекендеген көшпелi тайпалар. Жалпы, “үйсiн” терминiнiң мағынасы бүгiнгi күнге дейiн өзiнiң нақты дәйектемесiн таба алмай, ол кейбiр қытайдың иероглифтiк жазбаларынан ғана бiзге мәлiм болып отыр. Оның қазiргi айтылуы қазақ этнонимдерiнiң бiрi — Ұлы жүз қазақтарының басты этникалық белгiсi болып табылатын тайпаның өзiн атайтынындай “үйсiн” сөзiне сәйкес келедi. Соған қарамай бiрқатар зерттеушiлер бұл транскрипцияны Орта Азия тарихынан мәлiм асиан этнонимi деп бiлуге бейiм
Бiздiң эрамызға дейiнгi 177 жылы ғұндар протектаратына қарасты жаңа мемлекет пайда болды. Оның тұрғындарының басым көпшiлiгiн жоңғар және Шығыс Қазақстан, Жетiсу тайпаларындағы сақтардың ұрпағы құрады. Бiздiң дәуірімізге дейiнгi II ғасырдың ортасының өзiнде-ақ үйсiндер ғұндардан бөлiнiп шыққан болатын. Соған қарамай бiздiң дәуірімізге дейiнгi 53 жылы үйсiндердiң мемлекетi екiге бөлiндi.
Ал қаңлы мемлекетi жөнiнде дерек өте мардымсыз, тiптi аз деуге де болады. Қаңлылар б.э.д. III ғасырдын бастап Сырдарияның орта алқабы мен Қаратау өңiрiн мекендеген. Қаңлыларға Ташкенттен Хорезмге дейiнгi аралықтағы елдi мекендер қараған. Қаңлы мемлекетiнiң астанасы-Битянь қаласы Сырдарияның орта шенiнде орналасты. Жалпы, Қаңлылар мемлекетi Қазақстан тарихында ерекше орын алады. Өйткенi, ол ежелгi қазақ жерiнде алғашқы мемлекеттiк құрылым қалыптастырып, өзiндiк мәдениет пен өркениеттiң дамуына ықпал еттi.
Б.з.д. II-I ғасыр аралықтарында Қаңлылар алып мемлекетке айналып, ол туралы “Сұй патшалығының тарихы. Батыс өңiр шежiресi. Қаңлы тарауында”; Қаңлы елiнiң 120 мың үй, 600 мың жан саны, 120 мың әскерi барын жазады. Олар Қытай патшалығымен елшi алмасып, сауда-саттық, дипломатиялық қарым-қатынаста болады. Қаңлылардың негiзгi шаруашылығы мал шаруашылығы едi. Қытай мәлiметтерiне қарағанда ол бiздiң эрамызға дейiнгi III ғасырда пайда болған. Олар жергiлiктi дахо-массагеттер мен исседон тайпаларынан бiрiккен. Бiр кезде үйсiндермен көршi болып, қатар қоныс тепкен Қаңлы мемлекетiн қытай деректерiнде “Кангюй” , “Қанғар” , “Кенрiс” дейдi. Сондықтан да, бiз сол ұғым-терминге байланысты тарихи деректердi азды-көптiлiгiне қарамай барынша пайдалануға ұмтылдық.
Қытай деректерiнiң ендiгi бiр тұсында, яғни “Сұй патшалығының тарихы.Батыс өңiр шежiресi.Қаңлы тарауында” олардың ханы Ұлы иозылардың уын руынан шыққан деп жазады. Ал қоныстанған мекендерi Чилан тауының солтүстiгiндегi Жаұу қаласында деген мәлiметпен толықтырылады.Сонымен бiрге оларды ғұндар талқандап, содан кейiн қаңлылар батысқа қоныс аударды делiнген.
Үйсiндердiң басқару жүйесiне келсек, мемлекет басында Күнбек (Күнби) — “ұлы билеушi” дәрежесiн алған билеушi отырды. Ондағы тақ алмасу рәсiмi мұрагерлiк арқылы жүргiзiлдi. Сонымен бiрге күнбектер(Күнбилер) өзiнiң атақ-дәрежесiне “би-князь” дәрежесiн де қосып алды. Бiздiң дәуірімізге дейiнгi 53 жылы мемлекет екiге бөлiнген кезде бiр-бiрiне тәуелсiз, егемендi Ұлы күнбек және Кiшi күнбек пайда болды. Сонымен бiрге жоғары билеушiмен қатар шенеунiктердiң бiрнеше категориясы болды.
Күнбектiң көмекшiсi дұғлы дәрежесiн алып, ол бас атқарушы билiктiң рөлiн атқарды. Кейбiр қытай жазбаларында үш шенеунiк туралы айтылады. Ол дәреженi алушылар сян-дұғлы, цзо-дұғлы және ю-дұғлы деп аталады. Одан төмен екi “ұлы қолбасшы” және жер үлесiн алған үш удельдер билеушi болды. Олардан басқа кейбiр жазбаларда дагянь, дуюй, дали, шечжун-дали, кигюнь дәрежелерi бар шенеунiктер болғанын дәлелдейдi. Олар әскер басының көмекшiлерi болуыменен бiрге салықтар жинап, заңдардың орындалуын қадағалады. Әрi Күнбектiң (Күнби) iстерiне көмектестi.
Қаңлы мемлекетiнiң басында Уын руының өкiлi тұрды. Ол шығыс-сақ халқының юэчжи тобынан тарайтын. Оларды “би” дәрежесiн алған патша басқарды. Ал ендi бiр деректерде Қаңлы елiнiң басшысын хан деп атаған. Кейбiр жазбаларда оны “ябгу” немесе “жабгу” дейдi. Қалай болғанда да оның билiгi азаматтық та, әскери iстерге де жүрген. Одан да басқа мемлекеттiк әкiмшiлiк аппаратқа патшаның “көмекшiлерi” мен үш кеңесшiсi кiретiн.Қаңлы мемлекетi өз iшiнде бес иелiкке бөлiнiп, оларды хан өкiлдерi билеген. Иелiктер болса, өздерiнiң орталық қалаларының атымен аталған.
Үйсiндердiң мемлекеттiк территориясы оң қанат, орта және сол қанат болып үшке бөлiндi. Олардың әрқайсысында кемiнде 10 мыңнан жауынгер болған. Ал бiздiң дәуірімізге дейiнгi 53 жылдан кейiн олар ұлы және кiшi Күнбекке(Күнби) бөлiнiп, оларға тиесiлi шекаралар арасына белгi соғылды. Сөйтiп, үйсiндер өз территорияларын нақты белгiлеп алды. Сондай-ақ, үйсiндер билiгiне көршi хюсюнь, гюань-ду, юйту және басқа халықтар кiрдi. Оларға наместниктердi Күнбек сайлады.
Қаңлы мемлекетi үлкен аймақты алып жатты. Бiздiң дәуірімізге дейiнгi II-ғасырдың аяғы-I ғасырдың басында оған Орта Азиядағы бес “шағын” иелiк Юени, Сусе, Фуму, Ги, Юегань және алан-сармат бiрлестiгi бағынды. Қаңлылардың мемлекетi гүлденуi кезеңiнде Сырдарияның орта және төменгi ағысы территориясынан бастап, шығысында Талас өзендерiнiң бойын жағалап Орталық және Батыс Қазақстан, Хорезм мен Амудария және Сырдария өзендерiнiң үлкен бөлiгiн жайлады. Қытай жазбалары Орталық Азияны жайлаған мемлекеттердiң тұрғындарының саны туралы мәлiметтердi нақпа-нақ дәл келтiредi. Аталған жазбаларға қарағанда Үйсiн мемлекетiнде 630 мың адам немесе 120 мың отбасы болса, қаңлыларда 600 000 адам немесе 120 мың отбасы болған.
Үйсiн және Қаңлы мемлекеттерiнiң егемендiгi мен халықаралық құқықтық субъектiлiгiне келсек, бұл екi мемлекет те алғашқы кезде ғұн империясының құрамында болды, қаңлылар оңтүстiгiнде юэчжиларға да бағынды. Ал бiздiң дәуірімізге дейiнгi II ғасырдың ортасында үйсiндер тәуелсiз де егемендi мемлекет атанып, халықаралық құқыққа терезесi тең құқықтағы субъектi ретiнде кiредi.
Қытай және ғұн мемлекетiмен үйсiндер арасында өзара ынтымақтастық туралы шарт болды. Кейiн Қытай империясының ықпалының артуы мемлекеттiң ыдырауына әкеп соқты. Ұлы Күнбектер негiзгi бағыт бағдарларды Қытайларға қарап ұстаса, ал кiшi күнбектер ғұндардың одақтастары болды. Қолда бар жазбалар деректерiне сүйенсек, үйсiндер көршi мемлекеттермен тығыз байланыста болған.
Бiздiң эрамызға дейiнгi II-I ғасырларда қаңлылар мемлекетi күшейiп өздерiнiң ешкiмге тәуелсiз iшкi саясатын жүргiзедi де, қытайлардың Оңтүстiк Қазақстанға кiрмек болған ниетiне қарсы әрекет етедi. Сөйтiп, бiздiң çàìàíûìûç¹à дейiнгi I ғасырда Орталық Азияда Жiбек жолын қалыптастыратын 2 әскери саяси одақ құрылды. Оның бiрiншi жағы Қытай коалициясы болып құрылған үйсiн иелiгiндегi ұлы Күнбек және Шығыс Түркiстандағы ұсақ князьдiктер тiзбегi, ал екiншi жағы қаңлылар мен Орта Азиядағы мемлекеттер, сондай-ақ Солтүстiк ғұндар одақтастығы едi. Сөйтiп, Қашқария мен Ферғананы жаулап алмақшы болған алмақшы болған қаңлылар мен ғұндардың бiрлестiгi күшейдi. Кейбiр деректерге қарағанда қаңлылардың жазбаша да заңдары болған. Олардың заңы хан сарайында сақталады. Осы заң бойынша қылмыстыларды жазалайды.Өрескел ауыр қылмыс жасағандардың тұқымы құртылады.Одан соңғылары өлiм жазасына үкiм етiледi. Ұрлық iстегендердiң қолы кесiледi,— деп жазылған Қаңлы заңдарында.
III-IV ғасырларда үйсiн және қаңлылар мемлекетi тарап, олар жартылай иелiктерге бөлiнiп өздерiнiң егемендiктерiн жоғалтады. Алғашқы кезде үйсiндер ғұн –юэбань, кейiн Гаогюя және жужандар билiгiне көшедi. Ал қаңлылар болса эфталиттер билiгiне бағынады.
Бiздiң дәуірімізге дейiнгi III ғасыр — бiздiң дәуіріміздің III ғасырда Қазақстан мемлекетi мемлекетке қажеттi функциялардың барлығын иеленiп, сонымен бiрге қоғамдық қатынасты реттейтiн нормативтiк-құқықтық жүйелерге ие болды. Оның дамуына себепкер болған бiрден- бiр қайнар көз-жазудың пайда болуы едi. Бүгiнгi күнге дейiн бiзге руна жазбалары бар бiрнеше ескерткiштер белгiлi болып отыр. Олардың бәрi үйсiндерден қалған деп болжамдалған. Ал Қаңлы мемлекетiне байланысты Қытай жазбалары бiрнеше мәлiметтер қалдырған. Соған қарағанда үйсiндер мен қаңлылардың өзiндiк заңдар кодексi болған көрiнедi.
Әлеуметтiк-экономикалық қатынастардың дамуы аталған мемлекеттерде меншiк құқығының қаншалықты эволюциялық жолмен дамығанын аңғартады. Үйсiндерде малға жеке меншiкпен бiрге оларда белгiлеген арнаулы таңбалардың пайда болғанын бiлемiз. Ол таңбалар Үйсiн мемлекеттерiнде меншiктiң болғанын айқындайды. Ал, қаңлылар мемлекетiнде бiздiң дәуіріміздің бас кезiнде-ақ өзiнiң теңге жүйесi пайда болып, билеушiнiң таңбасы соғылған өз тиындары болған. Бұл белгiлi әлеуметтiк-экономикалық қатынасты реттейтiн мемлекеттiк-құқықтық жүйелерiнiң мықты дамығанын көрсетедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет