Vі. Қазақ хандығының құрылуы және дамуы


Бiрiншi кезеңде қазақ мемлекеттiк-құқықтық жүйесi сақталғанымен Қазақ хандығы тәуелсiздiгi мейлiнше шектеледi. Екiншi



бет5/46
Дата20.09.2022
өлшемі154.27 Kb.
#461046
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
МЕМЛЕКЕТ ҚҰҚЫҚ ТАРИХЫ

Бiрiншi кезеңде қазақ мемлекеттiк-құқықтық жүйесi сақталғанымен Қазақ хандығы тәуелсiздiгi мейлiнше шектеледi. Екiншi кезеңде Қазақстанның әкiмшiлiк-құқықтық жүйесiндегi реформа үнемi қайта жүргiзiлiп отырғанымен де ол қазақ хандығының тәуелсiздiгiнiң шектеле түсуiмен тығыз байланысты болды да, кейiн келе-келе Ресей империясының құрамына ену арқылы, оның заңды боданы ретiнде жойыла бастады. Сөйтiп бүкiл үшiншi кезең барысында Қазақстан территориясы Ресей заңдылығындағы тәртiпке бағынатын бодандықта болды. 
1917 жылғы ақпан төңкерiсiнен кейiн Қазақстанның мемлекет және құқық тарихында жаңа кезең басталды. Ол Ресей және КСРО құрамындағы Конституциялық даму кезеңiмен байланыстырылады. Қазақстан конституциялық жағынан бiртiндеп кеңейе түскенмен де, республика бодан күйiнде қала берген едi. Ол төмендегiдей кезеңге бөлiнедi: 
- Конституциялық дамудың таңдау-балама түрiнiң өмiр сүру кезеңi (1917 жылдың ақпаны мен 1920 жылдар).
- Қазақстанның РСФСР құрамында Конституциялық даму кезеңi (1920-1937 жылдар);
- Қазақстанның КСРО құрамында Конституциялық даму кезеңi (1937-1991 жылдар).
Бiрiншi кезеңде қазақ мемлекеттiлiгiн бiрнеше модель түрiнде конституциялық дамудың жоспары мен болашағы қаралып-қалыптастырылмақшы болса (Алаш, кеңестiк автономия т.б.), ал екiншi кезеңде конституциялық дамудың бiр-ақ түрi белең алды. Ол Қазақстанды заңды тұрғыдан шектеу, яғни оның автономиялығын формалды түрде жай жариялау едi. Үшiншi кезеңде Қазақстан КСРО құрамынан шыға алатын құқыққа ие егемен мемлекет болып саналады. Сөйтiп 1991 жыл Қазақстан үшiн жаңа саяси және құқықтық дамудың негiзiн қалап, ол сол жылы шын мәнiндегi тәуелсiз мемлекет болып есептелдi.
Сөйтiп, Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихын төмендегiдей кезеңдестiруге болады.
1. Қазақстан территориясында мемлекет және құқықтың пайда болу кезеңi (бiздiң заманымызға дейiнгi III мың жылдық - бiздiң заманымызға дейiнгi III ғасыр);
1.1. мемлекет құрылғанға дейiнгi кезең (бiздiң заманымызға дейiнгi III мыңжылдық — бiздiң заманымызға дейiнгi IХ ғасыр);
1.2. алғашқы мемлекеттiк кезең (бiздiң заманымызға дейiнгi VIII-III ғасырлар).
2. Қазақстан көшпендiлерiнiң мемлекеттiк-құқықтық жүйесiнiң даму кезеңi (бiздiң заманымызға дейiнгi III ғасыр — бiздiң заманымыздаға ХVIII ғасырдың басы);
2.1. ғұндардың көшпелi империясы кезеңi (бiздiң заманымызға дейiнгi III ғасыр-бiздiң заманымыздың Y ғасыры);
2.2. түрiктердiң көшпелi империясы кезеңi (бiздiң заманымыздың VI-ХII ғасырлары);
2.3. моңғол-қыпшақ көшпелi империясы кезеңi (ХIII-ХIV ғасырлар);
2.4. тұтас қазақ хандығы кезеңi (ХV ғ.-ХVIII ғасыр басы).
3. Қазақстан көшпендiлерiнiң мемлекеттiк-құқықтық жүйесiнiң дағдарыс және жойылу кезеңi (ХVIII-ХХ ғасыр басы);
3.1. протекторат кезеңi (ХVIII-ХIХ ғасырлар басы);
3.2. отарлау әкiмшiлiк-құқықтық жүйесiнiң ену кезеңi (ХIХ ғасырдың 20-60 жылдары);
3.3. отарлау әкiмшiлiк-құқықтық жүйесiн бекiту кезеңi (ХIХ ғасырдың 60 жылдары — 1917 жылдың ақпаны).
4. Қазақстанның Ресей және КСРО құрамындағы конституциялық даму кезеңi (1917 жылдың ақпаны — 1991 жылдың желтоқсаны);
4.1. конституциялық дамудың таңдау-балама кезеңi (1917 жылдың ақпаны мен 1920 жыл);
4.2. Қазақстанның РСФСР құрамындағы конституциялық даму кезеңi (1920-1937 жылдар);
4.3. Қазақстанның КСРО құрамындағы конституциялық даму кезеңi (1937-1991 жылдары).
5. Тәуелсiз Қазақстан кезеңi (1991 жылдан бүгiнгi күнге дейiн).
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы тұтастай алғанда — жалпы құқықтық және философиялық ғылым ретiнде барлық заңдық пәндердiң әдiстемелiк негiзiн құрайды. Оның себебi Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының өзiндiк пәнi мен әдiстемелiк зерттеуi бар. Қазақстанның мемлекеттiк-құқықтық жүйесiн зерттеу ХVIII ғасырда басталып, Кеңестiк кезеңде жаңа белеске көтерiлдi. Ол Қазақстанның өткен тарихи кезеңдегi қоғамдық саяси-құқықтық ұйымдардың дамуын жүйелi түрде зерттеумен анықталады. Тарихи-құқықтық ғылымдағы қол жеткен табыстар Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы мәселелерiн одан әрi оқып-дамытуға мол мүмкiндiктер ашуда.
Қазақстанның мемлекет және құқық тарихы ХҮIII ғасырдан басталып, өзiнiң Кеңестiк кезеңiндегi даму процестерi арқылы бүгiнгi Қазақстан Республикасының тәуелсiздiк алған күнiне дейiнгi аралықта сан-алуан зерттеп-зерделеулерден өтiп, жаңа сапалы кезеңге жеттi. Сондықтан да тарихи-құқықтық ғылым жетiстiгiнiң бiр саласы бүгiнгi Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет