Бірінші текті Екінші текті
Н0 жорамалы
|
Жоққа шығарылады
|
Қабылданады
|
Дұрыс
Дұрыс емес
|
1-ші текті қателік
Қателік жоқ
|
Қателік жоқ
2-ші текті қателік
| Критерийдің мәнділік деңгейі () деп 1-ші текті қателікті жіберу ықтималдығын айтады. Мәнділік деңгейі – айырмашылықтың кездейсоқ пайда болуының ықтималдығы. Мәнділік деңгейі немесе қабылданған жорамалды бағалағанда жіберілуі мүмкін І текті қатенің ықтималдығы 5%, 1%, 0,1% болуы мүмкін, алайда медициналық – биологиялық зерттеулерде, егер арнайы басқа мән ескертілмесе, ол әдетте 5%-ға тең деп қабылданады, яғни 0,05 – ке тең мәнділік деңгейі нәтижелерді дұрыс түсіндіру үшін жеткілікті деп саналады. Егер нәтижелер 1-5% деңгейде мәнді болса, онда маңызды статистикалық мәнділік бар деп айтылады, 1%-дан аз деңгейдегі мәнділік – жоғары статистикалық мәнділікті көрсетеді. Зерттеу нәтижелерінің статистикалық мәнділігін бағалау – таңдама жиынтықта алынған нәтижелерді қандай ықтималдықпен барлық бас жиынтыққа көшіруге болатынын анықтауды білдіреді. Мысал: Айталық, пациентте қандай да бір ауру түрінің жоқтығы туралы жорамал тексерілсін. Аурудың белгісі белгілі бір көрсеткіш болады ( мысалы, артериялық қысым). Н0 – қалыпты жағдайдағы көрсеткіш, яғни пациенттің дені сау. Бірінші текті қателік - нөлдік жорамал дұрыс болса да оны жоққа шығару, яғни сау адамды ауру деп қабылдау. Екінші текті қателік – дұрыс емес нөлдік жорамалды қабылдау, яғни шындығында ауру адамды сау деп қабылдау.
Жорамалды тексеру әдістері
Достарыңызбен бөлісу: |