Витаминдер және оларға ұқсас препараттар


Токоферол ацетаты – Е витамині



бет3/5
Дата09.11.2023
өлшемі32.35 Kb.
#482758
1   2   3   4   5
8 лекция фарм

Токоферол ацетаты – Е витамині. Қазіргі кезде белгілі 7 токоферолдардың ішіндегі ең белсендісі а-токоферол. Ол өсімдік өнімдерінде кездеседі, табиғи антиоксидант болып есептеледі. Организмде майлардан, май қышқылдарынан, стериндерден улы заттардың түзілулеріне қарсы әсер етеді. Тіндердегі көміртегінің, белоктардың, нуклеин қышқылдарының, стериндердің алмасуларына кедергі жасайды. Селен мен токоферол организмге бірдей әсер етеді. Е витамині организмнің селенге қажеттілігін төмендетеді және керісінше.
Витаминнің жеткіліксіздігінде аталық ұрықтарда, қаңқа, жүрек еттерінде, жүйке торшаларында дегенерациялық процесстер дамиды; шәует түтігіндегі эпителий торшаларының құрылысы өзгереді; ұрық торшалары семеді;
Витаминді бедеулікте, ұрықтану процессі нашарлағанда, ұрықтың эмбриональды дамуын жақсарту үшін, ет дистрофияларында, тері ауруларында, қозылар мен бұзау және құстардың бұлшық еттері ағарып ауырған жағдайларында қолданады.
Токоферолдың майдағы 5, 10, 30 %-ды ацетаты, шырғанақ майы, фехолин препараты қолданылады.
К тобының витаминдері. 
К витамині ащы ішектерде сіңеді, лимфа мен қанға түседі. Оның метаболизмдері өт және зәр арқылы бөлінеді. Қоры бауырда.
Қан ұю процессінде протромбиннен тромбиннің түзілуіне қатынасады. Жаралардың жазылуын тездетеді.
Витаминнің жеткіліксіздігінде қанның ұюы нашарлайды, геморрагиялық құбылыс пайда болады; балапандарда каннибализм құбылысы байқалады. Төс еттерінде, ас қорыту жүйесінің кілегей қабықтарында, тері шелінде, аяқтарда қанталау байқалады. Құстардың етті асқазанының кутикуласы сыдырылып қалады.

Суда еритін витаминдер.
В тобы витаминдерінің препараттары. Тиамин бромиді (В1 витамині). Сілтілік және бейтарап ертінділерде оңай бүлінетін, ақ түсті кристаллды ұнтақ. Дәнді дақылдарда, өсімдіктер мен мал өнімдерінен дайындалатын мал азықтарында болады.
Тиаминнің жеткіліксіздігінен болатын гиповитаминозда организмде көмірсутегі мен су-тұз алмасулары бұзылады. Ацетилхолиннің синтезі нашарлайды, қаңқа бұлшық еттерінің салдануы, ішектердің атониясы байқалады. Тиамин родергаммен, танинмен, стрихнинмен, хининмен, адренолитикалық және симпатолитикалық заттармен, пенициллинмен, стрептомицинмен, ұйықтататын дәрілік заттармен, фолий және никотин қышқылдарымен, фтивазидпен және прозеринмен үйлеспейді. Кейбір мал азықтарының, улы өсімдіктердің, ішек бактерияларының құрамында энзим –тиаминаза болады. Ол тиаминді ыдыратады.
Құрамында В тобының витамині бар дәрілік заттардың қатарына тазаланған құрғақ сыра ашытқысы, «Гефефитин» таблеткасы, «Тиодин» ертіндісі, фосфотиамин, кокарбоксилаза, бенфотиамин, рибофлавин (В2 витамині), флавинат, никотин қышқылы (РР - В3 витамині), никотинамид, холин (В4 витамині), пантотен қышқылы (В5 витамині), пиридоксин гидрохлориді (В6 витамині), пиридоксальфосфат, цианокобаламин (В12 витамині), оксикобаламин, кобамамид, витогепат, комполон, антианемин, кальций пангаматы (В15 витамині), фолий қышқылдары (Вс витамині) жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет