Витаминдер және оларға ұқсас препараттар



бет2/5
Дата09.11.2023
өлшемі32.35 Kb.
#482758
1   2   3   4   5
8 лекция фарм

Майда еритін витаминдер.
Ретинол (А витамині) – Retinolum. Организмде негізгі түзілетін және сақталатын жері бауыр. Онда ол белоктармен байланысқан түрінде купфер торшаларында болады. Сондай-ақ қордағы майда да жинақталады.
Көптеген мал ауруларында бауырдағы ретинолдың азайатындығы байқалады. Адреналин мен кортизон ретинолдың антагонистері. Олар көп болса ретинол азаяды, аз болса көбейеді.
Ретинол организмде тотығу-тотықсыздану процессінде маңызды роль атқарады. Торша митохондрийлерінде сутегінің тасымалдануына қатысады. Инсулиннің белсенділігін төмендетеді; қанттардың, белоктардың және майлардың синтезі нашарлайды. Мембраналардың майлы қабатының құрамына кіреді, өткізгіштігіне әсер етеді. Улы заттардың организмнен шығуына себепші болады. Минеральды заттардың, гормондардың алмасуларына, жыныс циклін реттеуге қатысады. Жатыр қызметін реттейді. Сүйек тіндерінің қалыптасуына әсер етеді, гистаминге қарсы әсері бар.
Витаминнің жеткіліксіздігінен эпителий торшалары кератинденеді, әсіресе көздің кілегей, сірі қабықтарында; ксерофтальмия дамиды.
Бүйрек үсті және қалқанша бездерінің секрецияларына әсер етеді. Олардың бөлінуі төмендейді. Ретинолдың сіңуіне өттің, ұйқы безінің майының маңызы бар.
Балық майы. Трескі балықтарының бауырынан алынатын мөлдір, майлы сұйық. 1 г балық майында 350 ХБ ретинол және 30 ХБ кальциферол бар. Организмді қуаттандырушы дәрі ретінде, гипо- және авитаминоздарда, мешел ауруында қолданады.
Сондай-ақ цитраль, каротин, хлорофилл-каротин пастасы, аевит препараттары да қолданылады.
Эргокальциферол – Ergocalciferolum. Бірнеше түрлері бар: D1, D2, D3, D4, D5. Олардың ішіндегі малдәрігерлік тәжірибедегі маңыздылары: D2 – кальциферол, эргокальциферол; D3 – холекальциферол. Олардың табиғаттағы провитаминдері – эргостерин және 7-дегидрохолестерин. Эргостерин өсімдіктердің стериндерінің қатарына жатады, ал 7-дегидрохолестерин малдардың тіндерінде, оның ішінде теріде болады.
Д витамині ішектердің эпителий торшаларының кальций мен фосфорды өткізгіштігін жоғарылатады, олардың қандағы керекті мөлшердегі концентрациясын қалыптастырады, сүйектердегі алмасуларын реттейді. Витамин жетіспеген жағдайда төлдерде мешел, ірі малдарда сүйек дистрофиясы дамиды.
Витамин негізінен ащы ішектерде сіңіріледі, одан бауыр мен қан айналысына түседі. Қанда белоктармен байланысады да барлық ағзалар мен жүйелерге тарайды. Оның қорлары сүйектерде, бауырда, ащы ішектердің кілегей қабықтарында т.б. тіндерде шоғырланады. Ішектер мен бүйректер арқылы бөлінеді. Белсенділігі халықаралық бірлікпен белгіленеді (ХБ). 1 ХБ 0,000025 мг таза Д витамині болады.
Витаминді мешел, остеомаляция ауруларының емдеу және алдын алу үшін; тері күйігінде, жараларды емдеуге, ас қорыту жүйесінің ауруларында, қалқан безінің қызметі бұзылғанда, сүйек ауруларында, гепатит, артрит ауруланында қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет