Витаминдер және оларға ұқсас препараттар


Аскорбин қышқылы – Acidum ascorbinicum



бет4/5
Дата09.11.2023
өлшемі32.35 Kb.
#482758
1   2   3   4   5
8 лекция фарм

Аскорбин қышқылы – Acidum ascorbinicum. Суда, спиртте оңай еритін, қышқыл дәмді, түссіз кристалл. Тотықтырғыш заттармен, бикарбонаттармен, йодпен үйлеспейді.
Синтетикалық жолмен алынған аскорбин қышқылы табиғи С витаминіне толық ұқсайды. Организмде тотығу-тотықсыздану процессінде, көмірсутегі мен белоктардың алмасуларында маңызы зор. Тиразин мен фенилаланиндердің алмасуларын реттейді; катепсиннің әсерін үдетеді; бауыр энтеразасын белсендендіреді; қанда каталазаның түзілуін жылдамдатады; қанның ұюын жақсартады; капиллярлардың өткізгіштігін, тіндердің регенерациясын, стероидты гормондардың түзілулерін қалпына келтіреді. Қандағы холестерин мен кальцийдің деңгейін төмендетеді; липидтер мен кальцийдің ағзаларда қорлануын азайтады; асқазан, ішек ферменттерін белсендендіреді; антигеморрагиялық әсер етеді; ұйқы безіне, эритропоэзге, фагоцитозға оңды әсер етеді.
С витамині бүйрек үсті қабының гормоны мен тиаминге синергист; ал қалқан безінің гормонына, А және Д витаминдерге – антогонист.
Витаминнің жеткіліксіздігінде организмнің резистенттілігі төмендейді, жүрек етінде дистрофиялық құбылыс байқалады, тотығу-тотықсыздану процессі бұзылады.
Ауылшаруашылық малдары мен құстардың организмінде С витамині глюкозадан синтезделеді.
С витамині С гипо- және авитаминоздарында; сәуле ауруында; індетті аурулар мен улануларда; геморрагиялық диатезде; бауыр, жүрек, жатыр ауруларында; анемияда; сүйек сынықтарында; гипотрофиялық құбылыстарда; ревматикалық процесстерде қолданылады.
С витаминін кальций хлоридімен қосып ісіктерде, бүйрек түбекшесінің қабынуында (гломерулонефритте), экссудатты плевритте қолданудың оң нәтиже беретіні туралы деректер бар.
Биофлаваноидтар. Р витамині. Шөпқоректілер мен етқоректілердің азықтарының құрамының қажетті затары. Көптеген өсімдіктерде, әсіресе олардың ұрықтарында гликозидтер түрінде кездеседі. Оларды аскорбин қышықылымен қосып қолданғанда капиллярлардың өткізгіштігі мен жарылғыштығы азаяды, тотығу-тотықсыздану процессі жақсарады және оның антиоксидантты қасиеті пайда болады. Аскорбин қышқылы мен адреналинді тотығудан қорғайды. Бұл витаминді малдәрігерлік тәжірибеде капиллярлардың өткізгіштігін жоғарылататын ауруларда рутин, урутин және рутамин препараттары ретінде қолданады.
F витамині. Құрамында көп қанықпаған май қышқылдары бар комплекс. Организмде майлардың алмасуын реттейді, тері жарақаттарының жазылуын жақсартады. Витаминнің жеткіліксіздігінде тауықтардың жұмыртқа салуы төмендейді, балапандар өспейді, жиі-жиі ас қорыту жүйесі мен өкпе ауруларына шалдыққыш келеді. Бауырдағы А витаминінің деңгейі азаяды. Витаминнің кері әсерлері биотиннің жеткіліксіздігінде асқына түседі.
Препаратты тері ауруларында, ол рентген сәулесімен күйгенде, ұзаққа созылған жараларда сырттай, линол препараты (метил эфирлерінің линол, линолен және олеин қышқылдарымен қосылысы) түрінде қолданады.
Липой қышқылы – 6,8 – дитиооктан қышқылы. Сарғыш түсті, ащы дәмді кристаллды ұнтақ. Натрий тұзы суда жақсы ериді. Жүзім және а-кетоқышқылдарын тотығу арқылы декарбоксилдендіру процессіне қатысатын кофермент. Организмдегі май мен көмісутегінің алмасуларын реттеуге қатынасады, бауырдың қызметін жақсартады, ауыр металл тұздарымен уланғанда оң әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет