Орот қышқылы (В13 витамині). Суда нашар еритін кристаллды ұнтақ. Бауырда пирамидин нуклеотидтерінің, нуклеин қышқылдарының, билирубиннің синтездеріне қатынасады; бауырда фолий қышқылының мөлшерін көбейтеді; малдың өсімталдығына дем береді; төлдердің өсіп-жетілуін тездетеді.
Витаминнің жеткіліксіздігінде төлдердің өсуі нашарлайды, қан элементтерінің түзілуі бұзылады, белоктар мен көмірсутегінің алмасулары және бауырдың
Поливитаминдер препараттары. Витаминдердің комбинациялы түрлерін қолданғанда олардың организмге физиологиялық әсерлері үдейді, кейбір витаминдердің улылықтары төмендейді, малдар оларды жақсы қабылдайды. Оларға жататындар: аснитин (аскорбин, никотин қышқылдары; тиамин хлориді және глюкоза), тетравит (тиамин хлориді, рибофлавин, никотин және аскорбин қышқылдары), ундевит (ретинол ацетаты, тиамин хлориді, рибофлавин, пиридоксин гидрохлориді, цианкобаламин, никотинамид, Р витамині, Е витамині, аскорбин және фолий қышқылдары, кальций патотенаты), пушновит І және ІІ, декамевит, аэровит, пангексавит, гептавит т.б..
Достарыңызбен бөлісу: |