Xviii ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың ғы соңындағы Батыс Еуропа философиясы



бет20/23
Дата13.04.2023
өлшемі96.84 Kb.
#472201
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
annotation11178

Фридрих Ницше (1844-1900 жж.) – философ-иррационалист, ХХ ғасырдағы Еуропа философиясында ең көп дау-дамай туғызған көрнекті философтардың бірі. К.Ясперстің айтуынша, ол С.Кьеркегормен, К.Маркстермен бір қатарда тұрған жаңа ғасырдың замандасы. Фридрих Ницше өте қиын кезеңде өмір сүрді: Бисмарктің қатал саясатымен Германиядағы біріктіру процесі өте қиын жүріп жатты. Жүздеген жылдар бойы әбден үйреншікті болып, немістің жанына ұялаған және оны сақтағысы келген неміс халқының ұғым-түсініктері мен нормалары, ережелері жарамсыз болып қалды. Тамаша білімді, еуропалық мәдениеттің ең озық үлгілерінен – ұлы ақындардан, философтар мен музыканттардан тәрбие алған неміс зиялылары сол кезде Еуропадағы ең алдыңғы қатардағы деп саналған неміс мәдениеті идеялары мен мәдениетін әрі қарай дамытуға құлық білдірді. Адамдардың аз-ақ бөлігі ғана түпкілікті өзгерістердің қажеттілігін мойындады. Солардың қатарында Фридрих Ницше де болды.
Өзінің шығармашылығының бірінші кезеңінде Ницше ежелгі грек мәдениетіне бет бұрды. Ежелгі грек мәдениетінде трагедияның өмірлік күшін ерекше бағалайды. Антикалық мәдениет ол үшін құндылықтар мәдениетінің идеалы болып табылады, себебі ол адамның табиғатына бейімделген, соны нақ бейнелейді. Шопенгауэрдің «әлем бұл бір түс сияқты» деген идеясын дамыта келіп, Ницше мәдениет пен өнердің аполонийлық және дионисийлік бастаулардан нәр алатынын көрсетеді. Өнердің аполонийлық түрінде жекелеген құбылыстар дәріптелсе, екінші түрінде – «қайғыдан рахат кешудің» дөрекі түрі, «бас жазу» мен жүгенсіз құмарлық мадақталады.
Қазіргі замандағы мәдениеттің аполонийлық бастаулардан нәр алуы, яғни ғылыми ойларға тым иек артып, жасанды оптимизмге сенуі оның ең әлсіз тұсы. Бұл сократтық-аполонийлық мәдениет әбден ескірді. «Афины қоғамының титығына жеткен» де осы мәдениет болатын. Себебі Сократтың парасаттылығы шынайы құндылықтарды ақылға, табиғи рухты – майевтиканың логикасына бағындырды.
Мәдениеттің бұл түрінің басты мақсаты парасатты, яки дұрыс таным мен білім болды. Осылайша біржақты даму «оның өмірлік күшінің сарқылуына» әкелді.
Ницше шығармашылығының екінші кезеңінде адамды «тазарту» мәселесімен айналысты. «Адами, тым адами. Ерікті адамдарға арналған кітабында» ол ескірген көзқарастарды жеңіп, өзінің құндылықтарына қайта баға бере алған рухы еркін адамдар туралы айтады. Ницше әлемді танудағы ғылымның жетістіктері мен мораль, дін, мәдениет, мемлекет, отбасы және адам туралы түсініктерді қайта бағалау қажеттілігін көрсетеді. Ғылымдағы көпшілікке белгілі жетістіктер, қоғамдық сананың формалары мен қоғамдағы әлеуметтік институттар туралы түсініктердің қалыптасу себебі әуестік пікір тудырады, ал ескірген рух пікірге нандырады, ол нанымды қайта бағалаудан, сүзгіден өткізу керек.
Өзінің шығармашылығының үшінші кезеңінде Ницше нанымды өзгертудің жолдарын табуға тырысты. «Көңілді ғылым» еңбегінде Шопенгауэр қайта оралу идеясын бейнелеу үшін құм сағаттың образын пайдаланады, Заратустра, адамнан да жоғары әлем, Құдайдың өлімі туралы айтады. Сондай-ақ, ойын семантикасы мәселесін көтереді, ол сөздің тіркесімділігі мен мағынасына үңілу, ену және ықпал етуден тұрады. Бұл еңбектегі ойын тақырыбы И.Хейзинганың, Л.Витгенштейннің, М.Хайдеггердің, М.Фуконың, Ж.Делезаның, Ж.Дериданың ойларына әсер етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет