Xviii ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың ғы соңындағы Батыс Еуропа философиясы



бет23/23
Дата13.04.2023
өлшемі96.84 Kb.
#472201
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
annotation11178

Анри Бергсон (1859-1941жж.) өмір философиясы мен интуитивизмнің өкілі. Ол қазіргі заманғы материалистік-механистік және позитивизм үрдісімен тартысқа түсіп, мәнділікке ие болудағы интуицияның рөлі туралы ілімін жасап шығарды. Ол мәнділік екі бөліктен тұрады деді: интуитивтік жолмен ұғуға болатын – өмір және материя, яки интеллект материя ретінде қарастыратын инертті «зат». Бергсонның ойынша, күллі әлем бір-біріне қарама-қайшы осы екі қозғалыстың: тұтастыққа ие әрі «жоғарыға ұмтылатын» субстанция ретіндегі өмір мен «төменге бағытталған» материяның соқтығысуы мен шиеленісуінен тұрады. Өмір әуел бастан адамға бір рет берілетін, үлкен қуат беретін ұлы күш; ол материяның қарсылығына ұшырап, оған төтеп береді.
Бергсон өмір туралы ілімін мәнділікке жетудегі шығармашылық эволюция мен интуиция, уақыт пен еріктің және жадының уақытқа қатынасы тұрғысынан оның еркіндігі жөніндегі бірқатар тұжырымдарымен толықтырды. Бергсонның ойынша, эволюцияны түсіндіру мүмкін емес. Себебі қалыптасқан дәстүр бойынша эволюция «қоршаған ортамен интенсивті жанасу» салдарынан болады.
Рационалды метафизикадағы механицизм мен теология (Құдайшылдық мақсаттар туралы ілім) екеуінің де бірден бір кемшілігі бар: олардың ойынша, әлемде айтарлықтай жаңа еш нәрсе жоқ және болуы мүмкін емес. Материалистік механицизм болашақты «алып дүниенің мазмұнын» құрайды десе, теология жетуге тиіс мақсатты алдын ала тану мүмкін дейді. Олардың екеуі де бір нәрсені қарастырады – нәтижеде (қандайы болсын) ешқандай жаңалықтың болуы мүмкін емес.
Бергсонның ойынша, суретшінің жұмысы сияқты эволюцияның да шығармашылық негізі бар. Әрекетке ұмтылу, белгісіз бір нәрсені қалау әуел бастан адамға беріледі. Бірақ қалау-тілектер қанағаттандырылмаған жағдайда оларды не нәрсе қанағаттандыра алатынын және оның табиғатын алдын ала білу мүмкін емес.
Жер ғаламшарындағы өмірдің дамуы туралы өзінің түсініктерін бере отырып, Бергсон өмір ағымы алдымен «жануарлар және өсімдіктер» деп екіге бөлінеді дейді. Өсімдіктер қуатты резервте сақтауға арналған, ал жануарлар – қуатты кездейсоқ және белсенді әрекеттерге пайдалануға арналған. Бірақ жануарлар өз ішінде интеллект пен инстинктінің көбірек және азырақ болуына қарай іштей тармақталады. Бір-біріне қарама-қарсы қою арқылы Бергсон олардың бірінсіз бірі өмір сүрмейтінін, бірақ негізінен интеллект адамның бағы емес, – соры, ал ең жоғары инстинкт интуиция деп аталатынын айтады. Интеллектінің назарын өзіне бұрып, ондағы ұйықтап жатқан интуицияның әлеуетті мүмкіншіліктерін оятуға мәжбүрлеу керек. Инстинктінің интеллектіге қатынасын көру мүшесінің түйсінуге қатынасымен салыстырады.
Интуицияның ең басты айырмашылығы – ол да интеллект сияқты әлемді жекелеген заттарға бөледі. Интуиция саналуандылықты тұтастықта қарастырады, бірақ мұндағы саналуандылық кеңістіктегі заттардың сыртқы түрінде емес, өзара байланысты процестердің сан алуандығында. Интуиция ол үшін – өмірді өз бетімен танудың құралы. Интеллектіге басқа міндеттер жүктеледі. Ол түрлі материалдық нысандарға сүйенеді, ал интуиция заттар мен құбылыстардың «жанды тұтастығына» негіз болатын мәнді терең сезеді. Шын мәнісінде бұл өмірде «заттар жоқ», тек «мәнді тұтастықтардың үздіксіз» байланысы бар. Бергсонның ойынша, өмірге бұлайша қарау интеллект үшін өте қиын әрі жасанды сияқты көрінгенімен, интуиция үшін қарапайым әрі табиғи нәрсе.
Заттарды Бергсон бойынша бөлшектейтін интуиция түстің бір түрі болып табылады: біздің бүкіл өміріміз сияқты ол да белсенді емес, тек жасампаз. Біз ұйықтаған кезде біздегі «Мен» шашыраңқы күй кешеді, өткен өміріміз бөлшектерге бөлінеді; шындық өмірде өзара байланысты заттар жеке заттарға ажырайды.
Бергсонның интуитивизмі мен өмір философиясына уақыт пен кеңістік туралы ілімі негіз болды. Ол ілімі көп жағдайда Эйнштейннің қатыстылық теориясымен үндесіп жатыр. «Еріктің уақыты мен еркіндігі» атты еңбегінде интеллект кеңістікпен байланысты болса, ал инстинкт немесе интуиция уақытпен байланысты деп көрсетіледі. Бергсон үшін кеңістік – материяның белгісі – тұтастықтарды ажырату барысында ол жоқтан жасалады: ол практикада айтарлықтай пайдалы болғанымен, теория жүзінде адастырады. Уақыт, керісінше, өмірдің немесе ақылдың ең басты белгісі болып табылады. Бірақ уақыт – бұл математикалық уақыт емес, сондай-ақ бірімен-бірі байланысты сәттердің біртектес жиынтығы емес. Бергсонның ойынша, «математикалық уақыт» шын мәнісінде кеңістікке тән форма; ал өмірге мән беретін уақытты ол ұзақтық деп атайды. Бұл – «жанды» уақыт. «Жанды» болуы уақыттың басты белгісі болғандықтан да ұзақтық (оқиғалар мен құбылыстардың ұзақтығы) ретінде танылады. Ол жадында да ұзақ сақталады, себебі «өткен өмір осы өмірмен қатар өмір сүреді».
Бергсон бойынша «жады» категориясы әдетте түп негіздері бөлек екі нәрсенің басын біріктіреді. «Жады» негізінен материяға абсолютті тәуелсіз күш болуы тиіс. Егер рух дегеніміз шынайы өмір дейтін болсақ, Бергсонның ойынша, нақ осы тұста жады арқылы «біз онымен тәжірибеде жанаса аламыз». Біздің миымыз – алынған ақпаратты сұрыптап, орналастыратын пассивті құрылғы, қабылдағыш сияқты. Осыған қарағанда, Бергсонның ойынша, егер ми болмағанда, біз кез келген нәрсені қабылдауға қабілетті болатын едік, себебі «шындығында біз тек өзімізді қызықтыратын нәрсені ғана қабылдаймыз». Өмір бұл бір өмірлік ұмтылыс, ол әлсіреген кезде семіп, бытырайды да, сіресіп қалған жансыз материяға (жансыз затқа) айналады.
Жадымызда өткен өмір бүгінгімен астасып өмір сүреді. Ақыл болмағанда, әлем мәңгілік өліп-тірілетін қасиетке ие болар еді де, өткен өмірдің шындығы жойылып, өткен өмірдің өзі де болмаған болар еді. Оның ойынша, жады барлық нәрсені байланыстыруға бейім, сол себепті өткен мен бүгінгінің шындығын растайды, сөйтіп шынайы ұзақтық пен уақытты жады жасайды. Тек интуиция ғана өткен мен бүгіннің ара жігін ажырата алады; интеллект үшін ол «танылмайтын», сыртқы белгілер ғана.
Бергсон, еріктің еркіндігін жоққа шығаратын дәлелдердің көпшілігі психикалық жай-күйлердің белсенділігін тым болмағанда теория жүзінде өлшеуге болатын сандардың көрсеткіші дегенге сүйенеді. Бұл көзқарасты жоққа шығара отырып, ол шынайы еркіндіктің болуын мүмкін дейді. Бергсон былай деп жазады: «Суретшімен суретшінің туындысының арасындағы қатынас секілді біздің қылықтарымыз да біздің даралығымызды көрсетіп, даралығымызды дәл бейнелегенде, даралығымызға сондай жақындаған кезде біз еркін боламыз».
Осылайша, өмір философиясы мен интуитивизмнің өкілі Бергсон уақыттың мәні мен «адамның ол уақытты басынан өткеру» табиғатын ХХ ғасырда алғашқылардың бірі болып зерттеді.
Бақылау сұрақтары:

  1. Неміс классикалық философиясы.

  2. Марксизм философиясы.

  3. Позитивизм философиясы: Конт, Спенсер, Милль, Мах.

  4. Неокантшылдықтың негізгі мектептері, олардың таным-дық және әдістемелік мәселелері.

  5. Шлейермахер, Дильтейдің философиялық герменевтикасының негіздері қандай?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет