«xxi ғасырдағЫ Ғылым және білім»


МУРАТОВА А.К., АЯПОВА Т.Т



Pdf көрінісі
бет92/169
Дата28.03.2023
өлшемі4.46 Mb.
#471286
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   169
thesis141891

МУРАТОВА А.К., АЯПОВА Т.Т.
(АЛМАТЫ Қ., ҚАЗАҚСТАН) 
 
МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ҚАРЫМ- ҚАТЫНАС КОНТЕКСТІНДЕГІ 
ШЕТТІЛДІК БІЛІМ БЕРУДІҢ ЗАМАНАУИ ПАРАДИГМАСЫ 
Қазіргі таңда халықаралық қатынастардың күшеюіне байланысты 
қоғамның тарапынан шет тілін ерте жастан оқытуға деген қызығушылық арта 
түсті. Елімізді жаңа саяси жолға бастайтын Президентіміздің «Қазақстан - 
2050» Стратегиялық Жолдауында Қазақстан азаматтары 2025 жылға дейін 
үштұғырлы тілді меңгеру қажеттілігі, білім арқылы интеграциялану үшін 
ағылшын тілін де жақсы білу қажеттігі айтылған болатын [1]. Сондықтан да 
Елбасы Жолдауының басымдылықтарының бірі – үштұғырлы тілді азаматтар 
қалыптастыру. Ендеше қазақ, орыс, ағылшын тілдерін ерте жастан бала 
санасына үш тілділік аясынан көп мәдениеттілікті сіңіру өзекті мәселе болып 
табылады. 
Қазіргі білім беру жүйесінің нысаны – көп мәдениетті кеңістікте 
тәрбиеленіп, дамып отырған адам. Ұлттық сана-сезімнің күрт өсуіне 
байланысты этникалық және этномәдени өздік сәйкестендіруге ұмтылу 
халықтың тек өз ұлтына ғана емес, басқа да жақын және алыс ұлттар ортасына 
деген үлкен қызығушылығына себеп болып отыр. 
Е.И. Пассовтың пікіріне сүйенсек, шетел тілін оқыту дегеніміз – адамның 
жеке тұлға ретіндегі білімі (қалыптасуы): рухани байлығын, қабілеттіліктерін 
дамыту, қажеттіліктерін көтеру, моральдық – жауапты және әлеуметтік 
бейімделген адамды тәрбиелеу. Нәтижесінде, білім – мәдениетке кірігу арқылы 
адамның қалыптасуы жүзеге асады және оны сіңіре отырып адам оның 
субъектісі болады деген [2, 33]. 


246 
Бүгінгі таңда шетел тілін оқытудың басты мақсаттарының бірі-
мәдениетаралық қарым-қатынасқа қабілетті, шетел тілін сол тілде сөйлеуші 
ұлттық тілдік және әлеуметтік - мәдени ерекшеліктеріне сай, дұрыс қолдана 
алатын, білімді де мәдениетті мамандар даярлау болып табылады.
«Мәдениетаралық қарым- қатынас» терминін қарастырған ғалымдар 
қатарында, С.С.Құнанбаева, Д.А.Иванов, В.Д.Щадриков, А.Т.Чакликова және 
т.б. ғалымдардың еңбектеріндегі «құзіреттілік», «мәдениетаралық қатысым 
құзіреттілігі» ұғымдарын айқындайтын теориялар негізінде, Д.Н.Кулибаева, 
С.Савиньон, Д.Хаймс және т.б. ғалымдардың еңбектеріндегі «мәдениетаралық 
қатысым құзіреттілігі және оның субқұзіреттіліктері» ұғымдарын айқындайтын 
теориялар негізінде зерттелді [6]. 
С.С.Құнанбаеваның пікірі бойынша, «мәдениетаралық қатысым» үрдісіне 
қатысты жұмыстарды қарастыра келіп, мәдениетаралық тілдесім үстінде екі 
түрлі мәселеге айрықша назар аудару қажеттігі байқалады:
а) қатысымдық факторлар (жағдаят, тілдің жанры мен стилі, қатысым 
формасы, бейвербальды құралдардың болуы және мінез-құлық формалары);
ә) психологиялық факторлар (қабылдау сапасы, реакция, атрибуция
стереотипизация, эмпатия; өзге мәдениетке псхологиялық реакцияның мынадай 
түрлері жатады: жоққа шығару, бейімделу, аккультурация;
б) мәдени факторлар (базалық ұғымдар, нормалар, құндылықтар, 
тәжірибе); 
Әрбір шетел тілін меңгерту, оқыту және сол тілді тану, ойлану, сол тілде 
білім сапасын жетілдіру мұның барлығы дерлік сол тілдің иемденушінің 
мәдениетіне, танымына, әлемдік көзқарасына тікелей байланысты.
«Тіл- сана- мәдениет» концептісін мәдениетаралық қарым- қатынас 
интеграцияланған аспектілері негізі ретінде қарастыратын академиялық 
еңбектер танымал болуда. Олар таным теориясы, психолингвистика, тілдің 
интербелсенді жүйе ретінде әлеуметтік мәдени теориясы (M. Cole, Lee), қарым- 
қатынас және мәдениеттанулық теориясы (E. Hall) және т.б. нәтижелерге 
негізделген. 
Н.Д. Гальскова А.Ченкиннің ғылыми тұжырысдамасына сүйене отырып 
когнитивизмнің негізі шетел тілді меңгерген адам психологиясы, тілдік қарым-
қатынасы, функционалды және мәдени құндылықтары сол тілде сөйлеу 
барысында тілді иемденушінің тілінде көрініс табатындығын айтқан. [3,109 б.] 
Мұндағы негізгі роль танымдық сипатпен бірге берілген білімді қабылдау, 
физикалық тұрғысынан бой ұсыну мен мәдениет арқылы өзара қатынас орнату. 
Дж. Лакофф былай дейді: «Все эти соображения подтверждают точку 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   169




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет