247
үйрену барысында аса үлкен септігін тигізеді. Жеке тәжірибе, жалпы түсінік,
өзіндік қалпын қалыптастырады. Өзге тілді қабылдау барысында өз
мәдениетімен өзге мәдениетті салыстыра отырып қабылдайды. Бұл қабылдау
танымдық
қабылдау, танымдық санат пен тілдік санат болып табылады.
Қазіргі лингвистикада концептуалды зерттеулер негізгі екі бағыттың –
когнитивтік лингвистика мен
лингвомәдениеттанудың арнасында белсенді
түрде жүргізілуде. Көптеген концептуалды зерттеулер нәтижелері мен
теориялық қағидалар, когнитивтік лингвистика да, лингвомәдениеттану да тіл
білімінің антропоцентристік бағытқа сүйенген салалар екендігін көрсетеді.
И.В. Привалованың «этно- лингвомәдени сана» теориясына сүйенсек, екі
тілдегі рефлексиялық белсенділіктің көрінісі
болуы керек мәдениетаралық
қарым-қатынас кезінде коммуникаторлар ананың тілдік сана-сезімінің
формалары тіл өздігінен шет тілін үйренеді үнемі салыстырмалы ақпараттық
жасайды қабылдау және шығару кезінде интроспективті рефлекс арқылы
мәдениетаралық қарым-қатынаста сөз сөйлеу үдерісі орын алады. Бұл күрделі
этно-лингвомәдени сана құрылымның операциялық бөлшектері негізінде
зерттеуші лингвистикалық, когнитивті және мәдени ерекшеліктерді анықтауы
керек.
Өзінің 2005 жылы жарық көрген «Заманауи шетел тілі білімі: әдіснамалар
мен теориялар» атты еңбегінде С.С.Құнанбаева «шет тілі»
пәндік саласының
«шеттілдік білім беру» деңгейіне шейін кеңеюін, ал ғылыми және
дидактикалық зерттеу нысанының «тілден» «лингвомәдениетке» ауысуын
түсіндіреді [4; 54].
Ал шеттілдік білім берудің ақырғы нәтижесі
— «мәдениетаралық қатысым
субъектісін» мәдениетаралық қатысымның когнитивті-білімдік және әрекеттік-
қатысымдық негіздерін жоғарғы деңгейде қалыптастырған тұлға. Сонымен
қатар бұл тұлға, яғни «мәдениетаралық қатысым субъектісі», қарым-қатынас
жағдаяттарының әр түрлілігі жағдайында алғыр және шапшаң түрде әрекеттесе
отырып, мәдениетаралық қатысымдық құзыреттіліктің
әлеуметтік және
лингвомәдени компоненттерінің берік бекітілуін және лингвоәлеуметтің
заңдарына сәйкес қатысымдық және өзін- өзі ұстау мәдениетін көрсете отырып,
мәдениетаралық қатысымды жүзеге асыра білуі керек [4; 274].
Өзінің жұмысында Г.М.Алимжанова тілдің мәдениеттегі орнын анықтай
келе
«...тіл мәдениеттің қарым-қатынас құралы болуын қамтамасыз етеді.
Тіл–мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрін сақтап, ұрпақтан ұрпаққа беру
арқылы белгілі бір ұлтты құрайтын ең негізгі және ең күшті қару...» деп
жазды [7, 25].
Жоғарыда айтылғандай зерттеу жұмыстарынан шыққан қорытындыны
тұжырымдайтын болсақ, тіл мен мәдениет бір-бірін толықтырады және бір-
бірінсіз өмір сүре алмайды, яғни мәдениет жоқ жерде тіл,
тіл жоқ жерде
мәдениет бола алмайды.
Сонымен, «шеттілдік білім беру» дегеніміз — бұл: «білім берудің» белгілі
сипаттамаларына, әсіресе олардың маңыздысы болып саналатын әдіснамалық
тәуелсіздік пен дербестік сипаттамасына сәйкес келетін дербес дидактикалық
сала;
248
ғылыми таным мен нақты ғылыми саланы зерттеудің когнитивті-
лингвомәдени әдіснамасы бар білім берудің ерекше түрі;
бірыңғай
теориялық
тұғырнамасы
(шеттілдік
білім
берудің
мәдениетаралық-қатысымдық тұжырымдамасы), біртұтас пәнаралық-кешенді
зерттеу нысаны (шет тілі — шетел мәдениеті — тұлға) және ақырғы нәтижесі
(мәдениетаралық қатысым субъектісі) бар ғылыми- практикалық сала;
теориялық дербестігін дәлелдейтін өз ұғымдары мен категорияларының
жүйесі бар салалық ғылымның негізі;
оның құрамындағы «шет тілі — шетел мәдениеті — тұлға»
танымның
кешенді нысаны: а) әлемнің саналы (когнитивті) түрде қайта тұжырымдануын;
ә) «екінші когнитивті сананың» қалыптасуын және б) жаңа тіл мен
лингвомәдениетті үйреткенде «әлемнің екінші көрінісінің» құрылуын білдіреді.
«Шеттілдік білім беруде» жаңа лингвомәдениетті үйрету процесі шеттілдік
білім беру мазмұнының әдіснамалық ұстанымдарға сәйкес өзгеруі арқылы
жүзеге асады. Әдіснамалық ұстанымдарға мыналар жатады:
когнитивті ұстаным;
қатысымдық ұстаным;
лингвомәдени ұстаным;
әлеуметтік-мәдени ұстаным;
тұжырымдамалық ұстаным;
тұлғаға бағытталған (дамытушылық-рефлексивтік) ұстаным [5, 15].
Аталған әдіснамалық ұстанымдардың жинағы пәндік мазмұн арқылы
«шеттілдік білім беру» әдіснамасын жүйелеп, іске асыратын әдіснамалық негіз
болып табылады; «шеттілдік білім беруде» белгіленген когнитивті-
лингвомәдени негіз «мәдениетаралық қатынас субъектісінің»:
а) мәдениетаралық қатысымның когнитивті-білімдік және әрекеттік-
қатысымдық негіздерін жоғарғы деңгейде
қалыптастырған;
ә) қарым-қатынас жағдаяттарының әр түрлілігі жағдайында алғыр және
шапшаң түрде әрекеттесуді қамтамасыз ететін, жеткілікті деңгейде
қалыптастырылған мәдениетаралық қатысымдық құзыреттілікке ие;
б) өзінің мәдениетаралық қатысымдық құзыреттілігінің әлеуметтік және
лингвомәдени компоненттерін берік құрған тұлға ретінде қалыптасуына
мазмұнды-тұжырымдамалық және әрекеттік тұғырнама рөлін атқарады.
Білім алушыларды
оқытылатын тіл елінің әдебиеті, тарихымен, оның
дәстүрімен, көрнекті жазушыларымен таныстыру арқылы олардың бойында
әдеби- елтанымдық, мәдениетаралық- коммуникативті, лингвоелтанымдық
біліктілікті қалыптастыру; мәдени
- тарихи шындықтармен танысу; яғни
мәдениетаралық қарым – қатынас құзыреттіліктерін қалыптастыруға болады.
Қорыта айтқанда, шетел тілін оқытудың тәжірибесі мен теориясы
анықтағандай жеке тұлға өзі бейімделе бастаған жаңа мәдениетті өзінің ой
санасында қалыптастырып, ары қарай дамытып, жүйелеп үйрене түседі. Шетел
тілін үйрену тек, сол тілдің грамматикалық және сөздік қорын жақсы меңгеріп,
сол шет тілінде сөйлеу ғана емес, өзі қолданып, яки үйреніп жүрген тілді
иемденуші халықтың мәдениетін де меңгеру, сезіну, ой-санасына қалыптастыру
болып табылады.