Я. К. Аршамов пайдалы қазба кенорындарын


 Элементтерді анықтаудың түрлері



Pdf көрінісі
бет22/66
Дата15.02.2024
өлшемі4.23 Mb.
#491827
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   66
1. Пайдалы казба кенорындарын геохимиялык издеу адистери. Я.К. Аршамов. 2015

4.1. Элементтерді анықтаудың түрлері
Жер қыртысындағы элементтер тұрақты химиялық тепе-
теңдік жүйесін құрайды. Осындай жүйелердің тобы химиялық 
элементтерді анықтаудың түрлері деген атқа ие болды. Əр түрлі 


Я. К. Аршамов 
 
46 
қалыпта орналасқан элементтердің тəртібін білу, болжау жəне 
іздеу жұмыстарының сенімділігін арттыруға септігін тигізеді. 
В. И. Вернадский элементтерді анықтаудың негізгі түрлерін 
төмендегідей топтарға біріктірген:
1) таужыныстары жəне минералдар (бұл топқа табиғи 
сулар жəне газдар кіреді);
2) тірі зат;
3) магмалық балқыма;
4) шашырау.
Е. М. Квятковский минералды, минералсыз, концентрация-
ланған жəне шашыраңқы түрлерін бөлу арқылы элементтердің 
анықтау түрлерін қарастыруды ұсынды. 
В. А. Алексеенко (1988) қосылыстарды жеке минералдық 
түрлерге бөлуді ұсынды. Сонымен қатар іздеу жұмыстарын 
жүргізгенде Жер қыртысындағы элементтерді анықтаудың 
төмендегідей тоғыз түрін ескеру қажет.  
1) Жеке минералды т1рлер (кристалдық жəне коллоидтық 
жүйелер – молекулалар жəне олардың қосылыстары). Химиялық 
элементтерді анықтаудың бұл түрі литосфераға өте маңызды 
болып келеді. Элементтер осындай түрде болып, əрдайым өзара 
тұрақты байланыста миграцияланады. Элементтердің мұндай 
түріне қатты дисперстік ортасы бар коллоидтық жүйелердің аз 
ғана 
мөлшері 
жатқызылады 
(кристаллозолдар 
жəне 
кристаллогелдер). 
Осыларды 
құрайтын 
элементтердің 
миграциясы тек қана минералды түрде жəне тек бірге өтеді.
Бірақ, элементтердің өзара қатынасы əрбір жеке сынықта əр 
түрлі болуы мүмкін. Бұл ерекшелік коллоидтық минералдарды 
изоморфтық қосылыстарға жақындатады.
Қазіргі кезде 2400 жеке минералдық түрлер жəне 7000 астам 
түрлері бар. Олар өз кезегінде таралуына байланысты 5 топқа 
бөлінеді: 
а) өте көп таралғандар, саны бойынша таужыныстардың
біршама бөлігін қамтиды (дала шпаттары, кварц, слюдалар, 
кальцит жəне т.б.); 
б) қалыпты таралғандар, саны бойынша таужыныстардың 
бөлігін сирек қамтиды немесе көптеген таужыныстардың шағын 
ғана бөлігін қамтиды (апатит, нефелин, лейцит жəне т.б.);


Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері 
47 
в) орташа таралғандар, таужыныс құраушы емес, бірақ 
пайдалы қазба кенорындарының кендерінде көп мөлшерде 
кездеседі (пирит, халькопирит, галенит, ильменит); 
г) сирек таралғандар, кенорындарда аз мөлшерде 
кездесетіндер (саф алтын, сильвин, витерит, бериллий, тантал, 
ниобий минералдары жəне т.б.); 
д) өте сирек таралғандар, Жер шарының тек қана 10 немесе 
одан да аз нүктелерінде анықталған, өте аз мөлшерде 
кездесетіндер (криолит, германит, рейнерит жəне т.б.). 
2) Минералдардағы изоморфты оспалар ұқсас элементтердің 
бір-бірімен кристалдық торларында заңды алмасуын көрсетеді. 
Бұл түрде іс жүзінде барлық элементтер кездеседі, ал олардың 
кейбіреулеріне (Rb, Те, Рг, Nd, Eu, Gd, Tb, Dy, Но, Er, Lu, Hf, Re) 
ол литосферада басым болып келеді. 
Изоморфты қоспаларды туғызатын элементтер тек қана 
қожайын-минералдармен миграцияланады. Бұл элементтерді 
анықтаудың минералды жəне изоморфты түрлерін бір-біріне 
жақындатады. Элементті құрамы жəне изоморфты қоспалардың 
концентрациясы 
қожайын-минерал 
жаралған 
ортаның 
нақтыланған геохимиялық сипаттамасын алуға мүмкіндік 
береді. Яғни, изоморфты қоспаларды зерттеу геохимиялық 
іздеулерді біршама мақсатты жүргізуге мүмкіндік береді. 
Минералдардың химиялық құрамының мəліметтерін 
қарағанда қарапайым бинарлы қосылыстардың құрамы талдау 
нəтижесі бойынша біршама күрделі екені бұрыннан анықталған. 
Мысалы: қарапайым құрамды қосынды ZnS (сфалерит) бірқатар 
элементтердің қосылыстарынан тұруы мүмкін (Zn, Fe, Mn, Cd, 
Ga, Se, Sn, S, Sc). Сирек табиғи қосылыстар – минералдар екі 
немесе үш қосылыстардың қоспаларынан тұрады. Мұндай 
қосындыларды «аралас кристалдар» деп атайды. Ал осы аралас 
қосындыларды туғызған құбылысты изоморфизм деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет