Я. К. Аршамов
114
9. ПАЙДАЛЫ ҚАЗБА КЕНОРЫНДАРЫНЫҢ ҚАЙТА
ТҮЗІЛГЕН ШАШЫРАУ ОРЕОЛДАРЫ
9.1. Шашырау ореолдары қалыптасуының жалпы
заңдылықтары
Өзінің генетикалық типіне жəне пайдалы қазбалардың түріне
тəуелсіз əрбір кенорны өзінің қалыптасуынан кейін оны құрайтын
компоненттердің қайта бөлінуіне (миграциясына) алып келетін
сыртқы агенттердің əсеріне ұшырайды. Морылу жəне денудация
процестерінің өзара əрекеттесуі нəтижесінде бұрын қалыптасқан
кенорындарының шашырауы жəне біртіндеп жойылуы жалпылама
болып келеді. Тік құлаған шоғырлардың
жоғарғы горизонттары
гипергенез белдемінде бұзылып, əртүрлі физика-химиялық
өзгерістерге
ұшырайды, жəне пайдалы қазбалар сыйыстырушы
таужыныстардың морылу өнімдерімен араласады.
Кенорындарға іргелес орналасқан кен шоғырының пайдалы
жəне қосымша компоненттерінің жоғары мөлшерімен, яғни
сыйыстырушы таужыныстарында,
пайдалы қазбаның жоғары
мөлшері жəне оның төменгі фондық мөлшерінің арасындағы
аралық мəндермен сипатталатын белдемді
айта т1зілген
шашырау ореолдары деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: