Я. К. Аршамов пайдалы қазба кенорындарын



Pdf көрінісі
бет55/66
Дата15.02.2024
өлшемі4.23 Mb.
#491827
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   66
1. Пайдалы казба кенорындарын геохимиялык издеу адистери. Я.К. Аршамов. 2015

 
 


Я. К. Аршамов 
 
140 
10.1.1. Алғаш ы ореолдар бойынша литогеохимиялы
іздеу əдістері 
 
Алғашқы ореолдар бойынша іздеу жұмыстары геологиялық 
барлау жұмыстарының барлық сатыларында жүргізіледі, бірақ 
олардың тиімділігі əр сатыда геологиялық, ландшафты жəне 
экономикалық факторларға байланысты болады. Негізгі 
факторларға зерттелетін ауданның ашылу дəрежесі; нақты 
таужыныстардың жəне тектоникалық құрылымдардың бар 
болуы; таужыныстардың эпигенетикалық өзгеруінің сипаты 
жатады. 
Борпылдақ шөгінділермен көмкерілген жабық аудандарда 
борпылдақ шөгінділердің қалыңдығы, сонымен қатар тау-кен 
жəне бұрғылау жұмыстарының қажетті көлемін жүргізу 
мүмкіндігі ең маңызды мəселелерге жатады. 
Жұмыстардың 
масштабына 
байланысты 
барлық 
литогеохимиялық зерттеулер алғашқы ореолдарды анықтау 
жəне зерттеу бойынша аймақтық, іздеу жəне барлау-игерулік 
зерттеулер деп бөлінеді. 
Айма ты
литогеохимиялы зерттеулер. Бұлар аймақтық 
геофизикалық жұмыстарды жүргізумен қатар жүргізілуі мүмкін, 
сонымен қатар, масштабы 1: 200 000 – 1: 50 000 геологиялық 
карталарды құрастыру кезінде жүргізіледі. Түбірлік таужыныстарды 
профильдер бойынша сынамалау құрама геология-геохимиялық 
қиманы құрастыру үшін жүргізіледі, яғни аудандағы 
таужыныстардың алғашқы геохимиялық сипаттамаларын алу 
үшін жүргізіледі. Масштабы 1: 50 000 геологиялық түсіру 
кезінде кенорынның анықтауға перспективті жəне ашылған 
бөлікшесі ауқымында алғашқы ореолдар бойынша іздеу 
жұмыстары жүргізілуі мүмкін. Масштабы 1: 50 000 геологиялық 
түсіру 
кезінде 
түбірлік 
таужыныстарды 
сынамалау 
кенорындардың аймақтық геохимиялық ореолдарын құрайтын 
элементтер кешені бойынша Pb, Zn, Cu, Au, W шоғырларын 
анықтауға потенциалды перспективті қабаттарды бөлуге 
мүмкіндік береді. Осы сатыда тау қазылымдарындағы түбірлік 
таужыныстары жəне бұрғылау ұңғымаларының керндері 
міндетті түрде сынамалануы қажет.


Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері 
141 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет