Я. К. Аршамов пайдалы қазба кенорындарын


 'айта т зілген ореолдар жəне шашырау ағындары



Pdf көрінісі
бет57/66
Дата15.02.2024
өлшемі4.23 Mb.
#491827
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   66
1. Пайдалы казба кенорындарын геохимиялык издеу адистери. Я.К. Аршамов. 2015

10.1.2. 'айта т зілген ореолдар жəне шашырау ағындары
бойынша литогеохимиялы іздеу əдістері 
 
Кенорындарды жəне пайдалы қазбалардың жеке денелерін 
қайта түзілген ореолдар жəне шашырау ағындары бойынша 
барлық іздеу жұмыстары ландшафты-геохимиялық карталарды 
құрастырғаннан кейін жүргізіледі. Ландшафты-геохимиялық 
карталар геохимиялық аномалияларды бөлу кезінде жəне іздеу 
жұмыстары нəтижесінде алынған барлық геохимиялық 
деректерді 
интерпретациялау 
кезінде 
міндетті 
түрде 
қолданылуы керек. Сонымен қатар ландшафты-геохимиялық 
карталар геохимиялық іздеулердің нақты бір əдісін тиімді 
қолдану жағдайы бойынша аймақтарды аудандаудың негізі 
болып келеді. Бұл карталардың масштабы іздеу масштабтарына 
қарағанда кіші болуы мүмкін.
Литогеохимиялық іздеу жұмыстары қайта түзілген 
шашырау ореолдары бойынша жəне шашырау ағындары 
бойынша да жүргізіледі. Масштабына байланысты аймақтық, 
жеке іздеу жəне дəлдікті зерттеулер болып бөлінеді. 
Айма ты
зерттеулер. Шашырау ағындары бойынша 
іздеу жұмыстары (10.2 жəне 10.3-кестелер) таулы қарқынды 
денудацияланған аудандарда жəне бедері тегістелген пішінді 
гумидті белдемдер аудандарында жүргізіледі. Алғашқы 
жағдайда зерттеулерді шлихті түсірулермен, ал екінші жағдайда 
гидрогеохимиялық жұмыстармен біріктірген дұрыс болады. 
Аридті белдемнің əлсіз бөлшектелген аудандарында аймақтық 
литогеохимиялық 
зерттеулер 
қайта 
түзілген 
шашырау 
ореолдары бойынша жүргізіледі.


Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері 
145 
Қарастырып отырған зерттеулердің міндеті ауданның 
геохимиялық ерекшеліктерін жəне металлогениялық ерекшеліктерін 
анықтау, сонымен қатар морылып жатқан кенорындардың 
шашырау ағындарын жəне ореолдарын анықтау болып 
табылады. Барлық аймақтық жұмыстар 1:200 000 – 1:100 000 
масштабтарда жүргізіледі. 
Зерттеулерді аймақтық геофизикалық жұмыстармен бірге 
жүргізген кезде геофизикалық мəліметтердің дəлділігін арттыру 
үшін литогеохимиялық сынамаларды геофизикалық түсірулердің 
профильдері бойынша алған жөн болады. Қалыңдықтары 10 м
асатын аллохтонды борпылдақ шөгінділермен жабындалған 
аудандарда қайта түзілген ореолдар бойынша литогеохимиялық 
іздеулерді тек қана сол борпылдақ шөгінділерде кездесетін 
кенорындарды анықтау үшін жобалауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет