Я. К. Аршамов пайдалы қазба кенорындарын



Pdf көрінісі
бет62/66
Дата15.02.2024
өлшемі4.23 Mb.
#491827
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66
1. Пайдалы казба кенорындарын геохимиялык издеу адистери. Я.К. Аршамов. 2015

Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері 
155 
ағзаларына химиялық элементтердің артық мөлшерде түсуіне 
кедергі жасайтын өсімдіктердегі қорғанышты физиологиялық 
тосқауылдардың бар болуымен сипатталады. Рудалы элементтердің 
фондық мөлшерлерінің маңында осындай физиологиялық 
тосқауылдары анықталатын өсімдіктер биогеохимиялық іздеу 
жұмыстарын жүргізуге жарамсыз болып келеді. 
10.2-сурет. Рудалы элементтің өсімдік күліндегі (С
2
) мөлшерінің сол 
элементтің топырақтағы мөлшеріне (С
1
) байланысының графигі: 
1 – пропорционалды биологиялы ж%тылу; 
2 – биологиялы тос ауылды. бар болуы 
 
Биогеохимиялық іздеу əдісінің мүмкін болатын тиімділігін 
анықтайтын тағы бір белгісіне өсімдіктердің тамырлық 
жүйелері дамитын тере.дік жатады. 
Қағида бойынша, бұл тереңдік 0,2-1 м-ден 20 м аралығында 
өзгере отырып, тұрақты тоң аудандарында минималды болады, 
гумидті климат жағдайында ұстамды шамаға жəне аридті 
белдемді аудандарда максималды шамаға ие болады. 
Тамырлары тереңге жететін өсімдіктердің жеке түрлері үшін 
бұл көрсеткіш үлкен шамаларға жетеді. Мысалы: жусан 
өсімдігінде 25 м, сексеуілде 37 м, түйе тікенегінде 40 м.
Қойылған міндеттерге байланысты биогеохимиялық
зерттеулерді айма ты  (1:200 000 – 1:100 000 ), жеке іздеу 
(1:50 000 – 1:25 000) жəне дəлдікті (1: 10 000 жəне одан жоғары) 
жұмыстары деп бөлінеді. 


Я. К. Аршамов 
 
156 
Айма ты
зерттеу 
ж%мыстары 
ауданның жалпы 
геохимиялық жəне биогеохимиялық сипаттамаларын анықтауға 
септігін тигізеді. Бұл жұмыстарды жүргізгенде кенорны 
бөлігінің биогеохимиялық ореолдарын анықтауға мүмкіндік 
туады. Бұл кезеңнің негізгі міндеті келесі кезеңдердегі 
биогеохимиялық іздеу жұмыстарының тиімділігін қамтамасыз 
ететін тəжірибелі-əдістемелік зерттеулерді жүргізу.
Жеке 
іздеу 
ж%мыстары 
жаңа 
пайдалы 
қазба 
кенорындарының биогеохимиялық ореолдарын жəне олардың 
орналасуының жалпы заңдылықтарын анықтауға алып келуі 
қажет. Пайдалы қазбаларды болжаумен жүргізілетін терең 
геологиялық карталауды жобалағанда биогеохимиялық іздеулер 
бұрғылаудан бұрын жүргізілуі керек, ал олардың мəліметтері 
ұңғылардың орнын анықтағанда ескерілуі қажет.
Дəлдікті 
ж%мыстар 
кенорындардың, 
жеке 
кенді 
белдемдер жəне кен денелерінің биогеохимиялық ореолдарын 
анықтау жəне контурлау мақсатында жүргізіледі.
Тəжірибелік жұмыстар кен денелерде жəне кенсіз 
бөлікшелерде жүргізілуі қажет жəне ботаникалық жəне 
биогеохимиялық зерттеулерден тұруы керек. Ботаникалық 
зерттеулер кезінде сол ауданда өсетін өсімдіктердің негізгі 
түрлері 
анықталады 
жəне 
гербарий 
құрастырылады. 
Биогеохимиялық тəжірибелік жұмыстардың көмегімен келесі 
негізгі міндеттер шешіледі: 
- ауданның көп тараған өсімдіктерінде индикатор-
элементтердің мөлшеріне фенологиялық фазалар дамуының 
жəне көнелігінің əсерін анықтау; 
- индикатор-элементтердің таралу заңдылығын анықтау; 
- өсімдіктердегі металдар арасындағы байланыстың 
ерекшеліктерін анықтау; 
- аудандағы дамыған негізгі өсімдіктердегі индикатор-
элементтердің физиологиялық тосқауылдармен жұтылуын 
анықтау; 
- сынамалауға қолайлы өсімдіктерді анықтау (əдетте көп 
тарағандардың 2-5 түрі жеткілікті); 
- индикатор-элементтердің кешенін анықтау, олардың 
мөлшерін анықтау жұмыстары сынамаларда жүргізілуі керек; 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет