Я. К. Аршамов пайдалы қазба кенорындарын



Pdf көрінісі
бет65/66
Дата15.02.2024
өлшемі4.23 Mb.
#491827
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66
1. Пайдалы казба кенорындарын геохимиялык издеу адистери. Я.К. Аршамов. 2015

1 – гнейстер; 2 – граниттер; 3 – кварцты порфирлер; 4 – пириттену 
белдемі; 5 – борпылда ш0гінділер; 6,7 – CO
2
(6) жəне O

(7) 
м0лшерлеріні. графиктері 
Геохимиялық іздеу əдістерін басқа түрлерімен салыстыр-
ғанда атомгеохимиялық əдістің құндылығына оның тереңділігі 
жатады. Газды шашырау ореолдары химиялық элементтерден, 
органикалық, бейорганикалық жəне элементті-органикалық 
қоспалардан тұрады. Газды ореолдар литогеохимиялық 
ореолдарға қарағанда динамикалық (қозғалмалы) жүйе болып 
табылады. Газды шашырау ореолдары кенорны қалыптасқан 


Я. К. Аршамов 
 
162 
сəттен бастап, сол кенорны экзогенді процестермен толық 
жойылғанға дейін өзінің дамуын жалғастырады.
Қазіргі таңда атмогеохимиялық іздеу жұмыстары кезінде
газдардың тек қана кейбір түрлері қолданылады. Оларға: 
көмірқышқыл газы, көмірсутектер, сутегі, күкіртті газ, оттегі, 
гелий, аргон жəне радон жатады. Бірақта осы аталған газдардың 
аномалды концентрацияларының көздеріне тек қана рудалы 
кенорындар емес, сонымен қатар рудалы кенорындардың 
қалыптасуына ешбір қатынасы жоқ жер бетінде жəне жер бетіне 
жақын маңда жүзеге асатын көптеген химиялық, биохимиялық 
жəне радиоактивті процестер жатады. Осындай жағдай 
атмогеохимиялық 
іздеу 
жұмыстарының 
нəтижелерін 
интерпретациялау кезінде бірқатар қиындықтар тұғызып, басқа 
геохимиялық іздеу əдістерін, соның ішінде литогеохимиялық 
іздеу əдісін қолдануды қажет етеді.
Атмогеохимиялық əдістер келесі негізгі міндеттерді шешу 
үшін ұтымды пайдаланылуы мүмкін: 
1) барлық климаттық жəне ландшафтық жағдайдағы 
жамылғы шөгінділердің кең дамыған аудандарында жарылысты 
құрылымдарды анықтау жəне қадағалау үшін; 
2) соқыр кенденуге перспективті кенді белдемдерді 
анықтау үшін; 
3) мұнай жəне газ кенорындарын іздеу үшін; 
4) сынап кенорындарын іздеу үшін. 
Қазіргі кезде үш жеке атмохимиялық əдістер қолданылады: 
1) топырақ асты ауадағы газды компоненттер арқылы іздеу;
2) сынап булары бойынша газсынапты іздеулер; 3) сулы-гелийлі 
ореолдар бойынша іздеу.
Газсынапты əдіс біршама табысты дамуда, оның көмегімен 
сынапты жəне сынап құрамды рудалы кенорындардың тікелей 
іздеу 
белгілері 
бөлінеді. 
Газсынапты 
аномалиялардың 
(ореолдардың) қайнар көзіне келесілер жатады: 1) минералдану, 
кен білінімдері, кен денелері жəне кенорындар, 2) терең 
жарылым белдемдері.
Пайдалы 
қазба 
кенорындарын 
атмогеохимиялық 
əдістермен іздеу жұмыстарының негізгі көлемі қазірше мұнай 
жəне газ шоғырларын іздеудің үлесіне келеді. Мұнай жəне газды 


Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері 
163 
атмогеохимиялық іздеулер əртүрлі сатыларда жүргізілуі мүмкін, 
аймақтықтан бастап (масштабы 1:100 000 – 1:500 000) дəлдіктімен 
(масштабы 1:25 000) аяқталады. Бұларды геофизикалық 
зерттеулерден кейін жəне геологиялық құрылымдарды бөлгеннен 
кейін перспективті шоғырларды анықтау үшін жүргізген дұрыс.
Кен денелерді іздеуде атмогеохимиялық əдістерді жас 
шөгінділер қабатымен жабылған бөлікшелерде қолданған дұрыс 
болады. Бұларды жүргізу тек қана атмогеохимиялық іздеу 
əдістерінің тиімділігі дəлелдеген тəжірибелік-əдістемелік 
зерттеулерден кейін мүмкін болады. Рудалы кенорындарды 
іздеу кезінде атмогеохимиялық əдісті зерттеу масштабы
1:50 000-1:25 000 болатын кенорындарды іздеу сатысы кезінде 
қолданған орынды болады. Бұл зерттеулер жеке жүргізілуі 
мүмкін, сонымен қатар басқа да геологиялық барлау 
жұмыстарымен кешенді түрде жүргізілуі мүмкін.
Барлық жаңа аудандарда атмогеохимиялық əдістермен 
іздеу жұмыстарынан бұрын келесі мəселелерді шешу 
мақсатында тəжірибелік-əдістемелік зерттеулер жүргізіледі:
1) 
күтілімдегі пайдалы қазба денелері үстінде нақты 
геологиялық жəне ландшафты-геохимиялық жағдайда газды 
ореолдар жаралу мүмкіндігі; 2) аномалиялар қандай 
индикаторларды құрайды; 3) сынама алудың қолайлы тереңдігін 
анықтау; 4) іздеуге таңдалған индикаторлардың фондық жəне 
аномалдық мөлшерлерінің мəнін анықтау; 5) басқа іздеу 
əдістерімен 
салыстырғанда 
атмогеохимиялық 
əдістердің 
тиімділігі жəне арзан болуы. 
Атмогеохимиялық түсірулер кезінде газды сынама алу 
жұмыстары ұңғымалардан топырақ ауасының атмосферамен 
белсенді газалмасу горизонтынан төмен тереңдіктерде алынады. 
Арнайы зерттеулер арқылы осы горизонттың тереңдігі 1,5 м 
орналасқаны анықталған. Тəжірибе жүзінде рудалы кенорындарды 
іздеу кезінде сынамалар 3 м тереңдіктен алынады. Мұнай жəне 
газ шоғырларын іздеудің алғашқы сатыларында сынамалар аз 
тереңдікке (əдетте 25-30 м-ге дейін) жəне 10x2 немесе 5x2 км 
торабы бойынша бұрғыланған ұңғымалардан алынады. Іздеу 
жұмыстарының келесі сатыларында сынама алу тереңдігі 200м 
жетеді. Терең ұңғымаларды бұрғылағанда міндетті түрде газды 
каротаж жұмыстары жүргізіледі. 


Я. К. Аршамов 
 
164 
Рудалы кенорындарды іздеу кезінде сынамалар топырақ 
асты ауадан арнайы ампулаларға (250 мл) алынады. Сынама алу 
кезінде ұңғыманың забойы атмосферадан оқшауланады жəне 
забой маңы камерасынан топырақ асты газдардың құрамын 
көрсетпейтін ауадан тазартылады. Қатты пайдалы қазбаларды 
іздеу кезінде газды сынамалау жұмыстары шахталы-
интерферометр (ШИ-10) көмегімен СО
2
мөлшерін анықтаумен 
қатар жүргізіледі. Газ-сынапты түсірулер кезінде сынамалар 
алтын сорбенті бар арнайы зондтар арқылы алынады. Сынама 
40-60 см тереңдіктен алынады. Сорғыштың көмегімен топырақ 
ауасы 
сорылып 
алынады, 
алтын 
сорбентімен 
сынап 
адсорбцияланады, содан кейін сорбенті қыздырады жəне сынап 
буларының мөлшері анықталады. 


Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері 
165 
БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ ТІЗІМ 
 
1. Алексеенко В. А. Геохимические методы поисков 
месторождений полезных ископаемых. Учебник. – Второе 
издание, пререраб. и допю – М.: Логос, 2000. – 354 с. 
2. Алексеенко В. А., Алексеенко Л.П. Геохимические 
барьеры. Учебное пособие. – М.: Логос, 2003. – 144 с. 
3. Ворошилов В. Г. Геохимические методы поисков 
месторождений полезных ископаемых. Учебное пособие. 
Томский политехнический университет. – Томск: Издательство 
Томского политехнического университета, 2011. – 104 с. 
4. Соловов А. П. Геохимические методы поисков 
месторождений полезных ископаемых. Учебник для вузов. – М.: 
Недра, 1985. – 294 с. 
5. Соловов А. П., Матвеев А. А., Ряховский В. М. Геохимические 
методы поисков рудных месторождений.. – М.: Издательство 
Московского университета, 1978. – 184 с. 
6. Справочник по геохимическим поискам полезных 
ископаемых. / А. П.Соловов, А. Я. Архипов, В. А. Бугров и др. – 
М.: Недра, 1990. – 335 с. 
7. Перельман А. И. Геохимия, учебник для геологических 
специальностей вузов. – 2-е изд., перераб. и доп. М.: Высшая 
школа, 1989. – 528 с. 
8. Перельман А. И. Геохимия ландшафта. М.: Высшая 
школа, 1975. 
9. Жеребцов В. А. Прикладная геохимия. Учебник для 
студентов геологических вузов. Алматы, Казакпарат, 2002. – 184 с. 
10. Методическое руководство по литохимическим 
методам поисков рудных месторождений. Кокшетау: Комитет 
геологии и недропользования МЭМР РК, 2005. 243 с. Соствители:
Р. Р. Ивлев, А. Б. Халтурин, С. С. Солнцев, В. Б. Македон и др. 
11. Матвеев А. А. Геохимические поиски месторождений 
полезных ископаемых. Краткий курс лекций. – М.: Издательство 
Московского университета, 2003. – 110 с. 
12. Инструкция по геохимическим методам поисков 
рудных месторождений / Министерсвто геологии СССР. – М.: 
Недра, 1983. – 191 с. 


Я. К. Аршамов 
 
166 
13. Сейітов Н., Абдулин А. А. Геология терминдерінің 
сөздігі. – Алматы: «Қазақстан», 1996. – 396 б. 
14. Геологиялық қазақша-орысша жəне орысша-қазақша 
терминологиялық сөздік. – Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа 
орталығы, 2004. – 450 б. Авторлары: $. Б. Байбатша (жетекші), 
А. Т. Бекботаев, А. А. Ж1нісов, Ф. &абиев, Н. Сеитов,
М. Серікбаев. 
15. Щербина В. В. Основы геохимии. – М.: Недра, 1972, - 
296 с. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет