Я. К. Аршамов пайдалы қазба кенорындарын


 Атмогеохимиялық іздеу əдістері



Pdf көрінісі
бет64/66
Дата15.02.2024
өлшемі4.23 Mb.
#491827
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66
1. Пайдалы казба кенорындарын геохимиялык издеу адистери. Я.К. Аршамов. 2015

10.4. Атмогеохимиялық іздеу əдістері 
Пайдалы қазба кенорындарын іздеудің атмогеохимиялық 
əдістері жерасты атмосфераның құрамын зерттеуге негізделген, 
яғни 
жер 
бетіне 
жақын 
орналасқан 
таужыныстарды 
қанықтыратын газдардың химиялық құрамын зерттеуге 
негізделген. Егер газды сынама аз тереңдіктерде (1-3 м) алынса, 
онда топырақ астындағы ауаның зерттелуі туарлы айтуға. 
Қазіргі газды түсірулер тереңдігі 20-600 м болатын сынама 
алумен жүргізіледі. Сирек, жер маңы атмосфераның газды 
құрамы зерттеледі, осы тұғырда атмогеохимиялық түсірулердің 
жеделділігі артады.
Жер атмосферасын негізінен үш газ құрайды – азот (78% 
шамасында), оттегі (≈21%) жəне аргон (≈1%), жалпы 
қосындысы Жер массасының 99,94% құрайды. Ауыспалы 
(айнымалы) сандармен атмосферада судың буы бар: СО
2
≈ 
0,03%, ал басқа газдар 10
-4
– 10
-6
жəне одан да төмен болады. 
Төмен геохимиялық фон жəне газды фазадағы химиялық 
элементтердің жоғары қозғалмалылығы кез келген пайдалы 


Я. К. Аршамов 
 
160 
қазба 
кенорындарының 
атмогеохимиялық 
шашырау 
ореолдарының жаралуына қолайлы жағдай жасайды.
Атмогеохимиялық іздеу əдісінің қалыптасуы өткен 
ғасырдың 30 жылдар басына тəн жəне В. А. Соколовтың атымен 
байланысты. Бұл сынамалардан көмірсутекті газдардың 
мөлшерін анықтау арқылы мұнай мен газ кенорындарын іздеу 
жұмыстары болды. Осы жылдары іздеу мақсаттарында топырақ 
ауасында радон мен торонның мөлшерлерін анықтайтын 
эманациялық түсіру (радиобелсенді заттардың ажырауынан 
пайда болатын газ тəрізді заттарды түсіру) əдісі қалыптасты. 
Кейіннен эманациялық түсіру əдісі қоданбалы геохимияның 
жеке саласын құрайтын радиоактивті кендерді радиометрлік 
əдіспен іздеу əдісінің құрамына кірді.
Өткен ғасырдың 50-60 жылдары Е. А. Сергеев рудалы 
кенорындарды іздеудің газ-сынапты əдісін іздеу жұмыстарының 
арсеналына енгізді. Осы жылдары рудалы кенорындарды 
жанама индикатор-газдар (CO
2

O
2

бойынша іздеуде 
атмогеохимиялық əдісті қолдану арқылы зерттеу жұмыстары 
басталды.
Рудалы кенорындардың атмогеохимиялық шашырау 
ореолдарын құрайтын газдардың үш тобы белгілі: 
1) Рудажаралу процесімен сингенетикалық болатын газдар. 
Бірінші топты алғашқы газдар – кенжаралу процесінің 
компоненттері құрайды. Гидротермалды кенорындар үшін бұл 
көмірқышқыл газы, аргон, күкіртсутек, метан, сутегі, 
галогендердің ұшпа қосылыстары жəне т.б. жатады. Осылардың 
ішінде ең көп тарағаны көмірқышқыл газы болып келеді.
2) Тектоникалық бұзылыстар белдеміндегі газды компоненттер. 
Екінші топты жарылысты бұзылыстар белдемі бойынша 
тереңнен келетін газдар құрайды. Бұл газды компоненттер 
(көмірқышқыл газ, гелий, сутегі, көмірсутекті газдар, аргон, 
сынап булары) мантия дегазациясының өнімдері, сонымен қатар 
жер қойнауында өтетін химиялық жəне ядролық реакциялардың 
өнімдері.
3) Гипергенді процестерде туындайтын газды компоненттер. 
Үшінші топқа рудалы кенорындардың гипергенез белдемінде 
өтетін 
процестер 
нəтижесінде 
қалыптасатын 
газды 


Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері 
161 
компоненттер (CO
2
, O
2
, Н
2
, Н
2
S, S, O
2
жəне басқалар) жатады. 
Рудалы минералдардың физика-химиялық өзгерулері сульфидті 
кенорындардың тотығу белдемінде қарқынды өтеді.
Жоғарыда келтірілген үш топтың газды компоненттерінің 
қосылыстары рудалы кенорындарда қалыптасатын көп 
компонентті атмогеохимиялық шашырау ореолдарын сипаттайды. 
10.3-суретте пириттену белдемін қиып өтетін профиль бойынша 
жүргізілген атмогеохимиялық түсірудің нəтижесі көрсетілген. 
Мұнда топырақ ауасында CO

аномалды жоғары мөлшері, ал O
2
төмен мөлшері көрсетілген.
10.3-сурет. Пириттену белдемі үстіндегі газды ореол. 
Сынама алу тереңдігі 1,5 м. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет