16
қол жеткізерсің. Не
нәрсе сұрасаң, міндетті түрде ол саған осы
жолмен келеді. Соғыста жеңіске жету, елдерді басып алу, тең
құрбыңнан озу, жақсы және көркем сөз сөйлеу, қысқасы, қандай
мақсатың болса, «пақырлық жолын» таңдаған кезіңде бұлардың
бәріне сенің қолың жетеді. Басқа жолдарға керісінше бұл жол жайлы
шағым айтқан жан жоқ. Әркім әртүрлі жолмен жүріп, әрекет етсе,
оның мыңнан бірі ғана мұратына жетеді. Ол
да шат көңілмен және
емін-еркін жетпейді. Өйткені әр жолда қалауына қауышу үшін бір
себеп пен тәсіл бар. Қалаулардың орындалуы себептерге тәуелді. Бұл
жол ұзақ және кедергі келтіретін қатерлерге толы. Себептер қалаумен
сәйкеспейді, басқа күйде тұрады. Қазір пақырлық әлеміне келіп, тер
төккен кезде Хақ тағала саған үш ұйықтасаң түсіңе кірмейтін
мүліктерді, ілімдерді және әлемдерді тарту етеді және сен «Әттең,
мұндай нығметтер тұрғанда, неліктен өткінші нәрсені қаладым» деп
бұрын аңсарың ауған нәрсе үшін ұяласың. Енді кімде-кім өзін осы
жолға құрбан етсе, оның діни және дүнияуи қалаулары жүзеге
асады».
Пақырлық жолға түскен жолаушы жетуді қалайтын маңызды
мақсаттардың бірі. Өйткені сопылықтағы ұлық мәртебелерге жетудің
жолы – пақырлық. Іштей өзін пақыр тұтқан, қалаулардан жырақтап,
өзін бірде бір нәрсенің иесі деп есептемейтін кісі сансыз мал-мүлікті
меншіктесе де, ешқайсына көңілін байламайды.
Меншігіндегі
мүліктің құлына айналмай, қайта оны өзіне құл қылады. Пақырлық
әзіреті Пайғамбардың сипаттарының біріне баланады. Сопылар
пақырлықты сәйр-и сүлуктің, яғни рухани жолдың басында қажетті
мақам деп санаған, сондықтан бірқатар сопы өмір бойы кедей болып
қалуды таңдаған. Абдулқадыр Жейланиге қарағанда, әзіреті
Пайғамбар «әл-фақру фаһри/пақырлық – менің мақтанышым»
дегенде, дүниеге кедей адамды меңземеген, Алла тағаланың затынан
басқа барлық нәрсені тәрк етіп, Оған мұқтаж екенін көрсеткен» дейді.
Молла Жәми пақырлар (бұқара) дүние малы мен мүлкінің
ешқайсысына ие емес, олар Ұлық Алланың пазылын, нығметін талап
етуден басқа барлық нәрседен бас тартқан. Аталмыш топтың әр
нәрсені тәрік етулерінің себебі үшеу:
17
1. Ақыретте берілетін есепті жеңілдету, жаза немесе азаптан
қорқу.
2. Барынша көп сауапқа кенелуге тырысу.
3. Тағатын арттыру және
тағаттан көңіл тыныштығын табу,
жүректі бірлеу және мағынаға талпынуға деген қалау.
Пақырлыққа қатысты әртүрлі сипаттамалар берілген. Бұл
сипаттамалардың бірі мынадай: Пақырлық екі түрлі. Факр-ы сури:
Кісінің малы мен мүлкінің болмауы, факр-ы мағнауи: Кісінің өзін
толықтай Хаққа мұқтажбын деп санауы, байлық пен кедейлікті тең
тұтуы, бар болса тәкаппарланбай, жоқ болса ренжімей тіршілік кешуі.
Факр-и сури де өз ішінде міндетті пақырлық және қалаулы пақырлық
болып екіге бөлінеді. Бұл
«Пақырлық – менің мақтанышым» деген
хадиспен жеткізілген және тек қана Алла тағалаға қатысты
айтылатын пақырлық.
Сури факр деген ұғым дүниеге мұқтаждық жағдайы мен рухани
пақырлық бөлек-бөлек нәрселер болса да, жоғарыдағы хадисте
дүнияуи пақырлықтың өтемінің адамды қызықтыратын жағдайда
екені анық көрінеді.
«Аллам, пақырлық пен күпірден саған
сыйынамын», «Енді болмағанда, пақырлық күпір болатын еді» және
«Пақырлық – екі жиһанда кісінің жүзіқарасы» мағынасындағы
хадистерде айтылатын пақырлық жаратылған
нәрселерге қатысты
пақырлық. Сулеми пақырлыққа қарсы осы хадистерді былай
түсіндіреді: Кейбір пақыр дүниеге мұқтаж, дүние мүлкі оны бай
қылады. Кейбір пақыр басшы болуға мұқтаж, қалауына қауышуы оны
байға айналдырады. Кейбір пақыр балаға мұқтаж, баласы болса, өзін
бай сезінеді. Бұлардың бәрі жоғарыдағы хадистерде айтылған жаман
пақырлық. Сол себептен сабыр мен разылық пен бірге тұратын
пақырлық – кәміл мақамның көрінісі. Шағыну мен жалынудан
тұратын пақырлық болса, кәміл емес, кемшін кейіпте болады.
Хадисте адамды бүлік пен тіпті күпірге дейін жеткізуі мүмкін деп
айтылған пақырлық, міне, осы. Зуннун
Мысри де осы мәселемен
байланысты былай деген: «Адамдардың күпірге ең жақындары
сабырсыз пақырлар».
18
Пақырлық пен нәпсі тәрбиесі бір-бірімен өте тығыз байланыста
өрбіген. Адам нәпсінің жаман, лас қылықтарынан, арзу мен
қалауларынан арылған сайын пақырлыққа деген құштарлығы да арта
түседі. Бұл үшін, алдымен, нәпсінің танымын айқындап алу қажетті.
Достарыңызбен бөлісу: