19
Нәпсінің бірінші дәрежесі: тәубе
Нәфс-и аммара, яғни әмір етуші
нәпсі ұдайы жамандықтың
ізінен қалмайтын, қалау-құмарлықтың тұтқыны болған және дүниеге
барынша ұмтылатын нәпсі. Тәннің қалаулары, яғни құмарлық пен
рахат сезімі бәрінен бұрын тұрады. Жүрек пен ар-ұяттың қалаулары
үнемі ең соңында қалады. Нәфс-и аммара үстем болған денеде сансыз
қалаулар билігін жүргізеді. Ол шайтанның уәсуәстарын (обсессивті
невроз), яғни бұйрықтарын әмірі сияқты орындайды, хайуани
қалауларды алдыңғы орынға қояды. Өзін қатты сүю және басқаларды
қорсыну осы нәпсінің маңызды қасиеттері болып саналады. Бұл
сатыда адамға ең керекті қасиет - тәубе ету.
Тәубе араб тілінен аударғанда «кері қайту»
деген мағынаны
білдіреді. Тоғызыншы ғасырда өткен атақты сопы Жүнейд Бағдади
бұған қатысты былай деген: «Тәубенің үш мағынасы бар. Біріншісі,
қате іс істегенде өзін күнәлі сезіну және істеген күнәсі үшін өкіну;
екіншісі, әдет болып қалған теріс істерінен құтылу; үшіншісі,
адамның өзін әділетсіздік пен біреуге деген дұшпандық пиғылдан
арылтуы». Ғазали «Кимия-и Саадет» («Бақыттың алхимиясы») деген
кітабының бір бөлімін тәубеге арнаған. Оған сәйкес, адам құмарлық
пен арзуларына жеңіліп қалатын болса, кемшін жаратылыс.
Бірақ
ақылы мен санасы жабайы құмарлықтарын тізгіндей алатын болса,
онда кемелдікке жетеді.
Сопылықта тәубе «жаңадан ояну», «надандық пен мақсатсыз
жүрістен тура жолға қайту» деген мағынаға ие. Тәубе өткенде
жасаған күнәлар немесе психология тілімен айтқанда, импульстік
мінез-құлықтар мен тыйым салынған жабайы құмарлықтар үшін
Құдайдан кешірім сұрау. Жолаушы өмірінің
бір сәтінде ішкі әлемін
бір бостықтың жайлап алғанын (экзистенциалды вакуум) сезінеді, не
үшін өмір сүріп жүргенінің себебін сұрап және өмірдің
құндылықтарын ой елегінен өткізіп, іштей ізденіске түседі.
Сопылық ілімдегі оянудың ең танымал үлгілерінің бірі сегізінші
ғасырда өмір сүрген Балх қаласының әміршісі Ибраһим бин
Әдхамның басынан өткен оқиға екені анық.
20
«Ибраһим бин Әдхам күн сайын «Құдайды қалай табуға
болады?» деп терең ойға берілетін. Алтын тақтың үстінде сән-
салтанатқа бөленіп отырса да, есіл-дерті Құдайда болатын. Алтын аяқ-
табақпен ас ішіп отырғанда да, Тәңірді табуды қиялдайтын. Ол бір
күні сарайында түн ортасында ұйықтап жатып,
кенеттен бір
дыбыстан оянып кетеді. Үйдің төбесінде тақырлатып біреулер
жүргенге ұқсайды. Патша дереу ашуға мініп, «Төбеде кім жүр?
Түссін тез» деп бақырады. «Бір досың» деген жауап келеді. «Бір
түйені жоғалтып алып едім, осы тамның үстінен іздеп жүрмін». «Әй,
ақымақ, сарайдың төбесінен түйе іздеп жүргенің қай сасқаның?» деп
бақырады Ибраһим. «Ау, санасыз» деп жауап береді әлгі дауыс. «Сен
Тәңірді жібек киімнің ішінде, алтын тақта ұйықтап жатып, табамын
деп ойлап отырсың ба?» дейді. Бұл сөз әміршіге қатты әсер етеді. Ол
бірден орнынан тұрады да, бүкіл дәулетін, салтанатын, байлығын
тәркі етіп, жаяу жолға түседі. Сөйтіп бір-ақ күнде дәруішке айналады.
Ақыры, ең көп бейнет, машақат тартып,
әйгілі әулиелердің бірі
ретінде есімі құрметпен айтылатын болады».
Тәубе немесе жаңадан ояну сатысы психоанализ және
динамикалық психотерапияда сырқаттың қайғы, кінәмшілдік жамап,
бойдағы кемшіліктерін аңғарған алғашқы кезеңіне ұқсайды. Сопылар
адамдық кемелденуге бастайтын алғашқы адымның табиғаттан және
Хақиқаттан айрылу тауқыметінің басқа түсуі екенін білген. Алаң
(anxiety) және кінәмшілдік сезімі әсерлі психотерапиялық бастау
үшін берілген мүмкіндік. Жүнейд Бағдадидің
сөзіне қайта оралсақ,
тәубенің ілкі дәрежесі адамның кінәмшілдік және өкініш сезімдерін
бастан кешіруі. Психотерапияда да бір адам кісілік болмысын өзгерту
үшін, ең алдымен, өзін кінәлі сезініп, алаңға берілуі қажет. Екінші
кезеңде адамның өткен әдет-дағдыларынан және ескі мінез-
құлықтарынан құтылуы керек. Психотерапияда да
адамның басына
бәле болып жабысатын дағдылары мен патология тудыратын
мінездерінен арылуы маңызды мақсатқа жатады. Үшінші кезең –
әділетсіздік пен дұшпандық көзқарастан құтылу. Соқыр сенім,
әділетсіздік пен адамды алалап тұратын мінездің күйреткіш
күштерінен азат болу бұл даму кезеңінің соңғы нысанасына
21
баланады.
Хайуани нәпсінің, яғни
нәфс-и хайуанидің сезімдік/ашуға
тән қуаттары немесе
идтің жыныстық және агрессивті импульстерін
мұқият
бақылауда ұстап, оны жаңа бір құндылық өндіретін арнаға
бағыттау керек. Психодинамика тұрғысынан тәубе өзін бақылау және
зерделеу кезеңі және бұл кезеңде тұрақты тәжірибе болуы қажет.
Өзін-өзі бақылау, зерделеу және импульстерді қадағалау да ықпалды
психотерапияның маңызды элементтерінің бірі. Дегенмен тәубе кейде
адамның өзіне қатты маңыз беруіне жол ашып, тәкаппарлық пен
өркөкіректікке итеріп («мен қандай мықтымын», «құлшылығым
қандай күшті», «қалай басқалардан да ерекше тәубе қыламын» деген
сияқты астам ойлар), кемелдікке бастар сүрлеуді жауып тастауы да
мүмкін. Сондықтан кейбір сопылар тәубенің абсолютті мақсаты
«тәубеден тәубе қылу» деп бағамдайды.
Достарыңызбен бөлісу: