«Ясауи» ғылыми-зерттеу орталығы п а қ ы р н а м а


Нәпсінің екінші дәрежесі: уәра



Pdf көрінісі
бет9/33
Дата28.10.2022
өлшемі7.51 Mb.
#463573
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33
Пақырнама 2021

Нәпсінің екінші дәрежесі: уәра (күнә мен арамнан қашу үшін 
күмәнді нәрселерден қашық тұру) 
Жаңадан 
оянғаннан 
кейін 
жолаушы 
құмарлық 
пен 
қалауларының, ой мен әрекеттерінің парқына барып, ой елегінен 
өткізеді және бұл қасиет этика, қоғамдық және діни құндылықтар 
әңгіме болғанда іштей қайшылыққа жеткізуі де кәдік. Бұл сатыда 
адам дін тыйым салған нәрселерден қашық тұруы керек және 
ұйқы/тамақ, күлкі сияқты үш арсыздан аулақ болуы керек. 
Хауф пен рижа (қауіп пен үміт) 
Сопылық ілімнің іргетасы – үміт. Үміт, бұл яғни адамның өз 
«Менін» бәлеге соғатын дағдылардан азат етуге мүмкіндік беретін 
сезім. Уәра сатысында жолаушы үміт сезімін қауіп сезімімен бірге 
бастан өткереді, яғни қауіп пен үміт арасында теңселіп тұрады. Үміт 
психоанализде эгоның маңызды функцияларының бірі ретінде 
қабылданады. Адамдардың азап пен бейнетке төзуі, қалау мен 
құмарлықтарын кері қайтаруы, шындыққа көнуі үміт арқылы жүзеге 
асады. Үміт адамды келешекке дайындайды. Қалау болса психиатрия 
тілімен айтқанда, инфантильді сезімдердің, эгоцентризмнің және 
нарцизссизмнің, яғни өзін-өзі сүюдің көрінісі болса керек. 
Қалаулардың тұтқынында қалу адамның дамуын тежейді және 


22 
маңызды психологиялық кемшіліктер тудыруы ықтимал. Сопылар 
қалаулардың парқына баруды және қалауға кеткен күш-қуаттың үміт 
үшін жанармай немесе өзгертуші әлеует ретінде қабылдануын 
ұсынады. Яғни адамның ішіндегі күш-қуат құмарлық пен қалауға 
жұмсау үшін емес, үміт сезімін күшейту үшін жағылатын бір отын 
сияқты болу керек. Сопы психологиясында тәкаппарлық – Хақиқат 
жолындағы ең үлкен тосқауыл, кедергі. Тәкаппарлық пен 
мақтаншақтық іштегі дұшпандықты, соқыр сенім (prejudice, 
предубеждение) мен фрустрацияны күшейтеді. Атақты сопылардың 
өмірлері тәкаппарлық пен мақтаншақтықпен күрестің теңдессіз 
үлгілеріне өте бай. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет