«Ясауи» ғылыми-зерттеу орталығы п а қ ы р н а м а



Pdf көрінісі
бет5/33
Дата28.10.2022
өлшемі7.51 Mb.
#463573
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Пақырнама 2021

сақилық, жомарттық турасында баяндалатын бөлімінен көруге 
болады. 
Онда: «Бұл бөлім «кеңпейілділік», «исар» (құрбаншыл), 
«сақылық» деп аталатын үш хал туралы. Егер малы, дүниесі бар біреу 
тек кейбір малдарын ғана қайыр-садақа етсе, оны «сақи» дейді. Егер 
малының көбірегін қайыр садақа етсе, «базл», «кеңпейіл», 
«қайырымды» дейді. Егер бар малын қайыр садақа етсе, оны {түркіш. 
65b} «исар» дейді» деп Хақтың жолында бар малды сарп етуді теріс 
демейді. 
Мұндай бар малды сарп етудің үлгісін Пайғамбардан (с.ғ.с.) 
бастап кейінгі төрт шадияр да көрсеткені олардың өмірнамаларынан 
белгілі. Алайда Хақты тану, Хаққа жету жолында бар малын сарп етіп 
пақыр болудың түпкі мәні жүректі Хақтан өзгеге махаббат қылудан 
босату, тазарту болып табылады. Сонда ғана Алла тағаланы жүректе 
бір деп танып, білудің сырын, мәнін ұғып, Алла тағаланың дидарына 
қауышатыны барлық дидар талап болған ұлы әулиелердің 
еңбектерінде ұшырасады. Мысалы, Жалаладдин Румидің мына бір 
бәйітінде:
رگ
ميرح
لد
زا
ريغ
زود
یزاس
کاپ
یافص تدحو نوردنا ینوک کاردا 
«Егер жүректің алаңын бөтен ұрылардан тазартсаң, Ұлық 
Алланың бірлігін сонда барып ұғып түсінесің» деп Алла тағаланың 
бірлігі туралы түсінікті өте тереңінен қаузаған. 
Шәкәрім қажы да Қожа Ахмет Ясауи бабаның «Дидарымды 
көрем десең пақыр бол» деген сөзін «Көрем десең Жарымды, Мас бол 
жүрек тазала. Өртеп жібер барыңды Қарсы ұмтыл қазаға» деп пақыр 
болу туралы түсінікті жүректі тазарту, екенін көрсетіп, «пақырлық», 
«пақыр болу» сөзінің мәнін ашық көрсеткен. 


12 
Жоғарыда пақырлықтың өте жоғары, ең үлкен мәртебе» дәреже 
екенін баяндағанын айтып өттік. Енді сол мәртебеге, дәрежеге Хақты 
іздеуші міндетті түрде шариғат, тариқат, мағрифат, хақиқат 
мақамдарын түгел, тұтас қамтып өтуге тиістігі Қожа Ахмет Ясауи 
бабаның осы «Пақырнама» шығармасында жіті баяндалған. Себебі 
жүректің түбіндегі негізгі мақсат «ышық гауһарына» осы мақамдарды 
тұтас, бірін-бірінен бөліп жармау арқылы қол жеткізіледі. Ол 
турасында Бустан ул-мухиббин шығармасында мысалмен өте көркем 
түрде суреттеліп берілген. Яғни ол кітапта: «Шариғат кемеге ұқсар
тариқат дарияға ұқсар, хақиқат – інжу-маржан жинайтын қабыршақ. 
Егер дүр керек болса, ол кемеге мініп, дарияға кіріп, дүрді алады. 
Кімде-кім бұл тәртіпті тәрк қылса Алла тағалаға жете алмайды» 
дейді. 


13 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет