5. Ауыр қылмыс жасаған адам өлім жазасына кесілген
«Жеті жарғыда» қылмысты іс-құқық нормаларына үлкен орын бөлінген. Қылмыс ретіне: кісі өлтіру, мертіктіру, әйелді зорлау, соққыға жығу, қорлау, ұрлық істеу және тағы басқалары жатқан. Кінәлілер жасаған қылмыс-деңгейіне сай әртүрлі жазаға кесілген. Бұл жинақта «қанға қан» заңы сақталды. Өлім жазасының екі түрі болған: дарға асу және тас атып өлтіру. Сондай-ақ, мемлекет ішіндегі бүлікшілер мен сатқындар өлім жазасына кесілген.
6. Қылмыстық істерді билер соты қараған
Билер соты барысында екі жақ келісуі бойынша өлім жазасын құн төлеумен алмастыруға мүмкіндік болған. Құн төлеу төрт жағдайда рәсімденген. Олар: егер әйелі күйеуін өлтірсе және күйеуінің туыстары оны кешірмеген жағдайда; егер әйел некесіз туған баласын өлтірген жағдайда; жұбайлар арасындағы «көзге шөп салушылық» дәлелденген жағдайда; «құдайға тіл тигізгені анықталған жағдайда». Ал, әкесіне қол жұмсаған ұл баланы қара сиырға теріс отырғызып масқаралаған. Ата-анасына дауыс көтерген қыз баланың жазасын шешесі шешкен.
Қазақ хандығындағы билер соты
7. «Жеті жарғы» ХІХ ғасырдың ортасына дейін қолданылған
«Жеті жарғыны» қазақ халқы ХІХ ғасырдың ортасына дейін пайдаланып келді. Ал кейбір заңдар Қазан төңкерісіне дейін қолданылды. Жоғарыда атап өткеніміздей, біздің заманымызға «Жеті жарғының» түпнұсқасы жеткен жоқ. Алғаш рет орыс ғалымы Г. Спасский жаппас руының старшыны Күбек Шүкіралиевтің мәліметтері негізінде «Жеті жарғының»11 үзіндісін 1820-шы жылы «Сибирский вестник» баспасөзінің бетінде жариялады. «Жеті жарғының» екінші нұсқасы (34 үзінді) А.Левшиннің зерттеулерінде беріледі. Бұл нұсқалар «Жеті жарғы» жарыққа шыққаннан кейін 100 жылдан соң халық ауыз әдебиеті жанрында жарияланған.
52. Жәнібек хан Есім хан ұлы туралы айтыңыз: Жәнібек хан- Есім ханның екінші ұлы.Анасы Есім ханның сүйікті әйелі Ханша Айлин Ханым болды. Есім хан қайтыс болған соң, билік мұрагерлік жолмен оның үлкен ұлдарының бірі Жәнібектің қолына берілді. Алайда Жәнібек ханның жүргізген билігі туралы мәлімет жоқтың қасы. Бір анығы Жәнібек тағында берік отырмады. Үнемі ішкі феодалдық талас-тартыстар оны мазалап қоймады, оның үстіне ойраттардың (жоңғарлардың) шабуылдары көбейіп, Қазақ хандығы әлсіреді. Осының кесірінен халық наразы болып, сұлтандар арасында билік үшін талас басталды. Бұл таласты Жәнібектің туған інісі Жәңгір жеңіп, сұлтандарды тынышталдырып, халық қолдауына ие болды. Бірақ ағасын құрметтеп, билікті ресми түрде Жәнібектің атында қалдырды. Істеген ұлы істері болмай, інісінің көлеңкесінде қалып қойған Жәнібекті көпшілік мойындамады.
Достарыңызбен бөлісу: |