Ясауидің әкесі Ибраһим шайық пен анасы Қарашаш туралы айтыңыз


Есім хан туралы баяндаңыз



бет20/50
Дата02.10.2023
өлшемі109.14 Kb.
#479578
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   50
яссауи окулары сурак жауап 2

49. Есім хан туралы баяндаңыз Есім хан, «Еңсегей бойлы ер Есім»-қазақтың ұлы хандарының бірі. Туған жылы белгісіз, 1628 жылы қайтыс болды. Шығай ханның баласы. Туған ағасы Тәуекел ханнан кейін ел билігін қолға алған Есім хан Қазақ Ордасын 1598–1628 жылдары басқарды. Қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласында тұрып, билік жүргізді. Сұлтан кезінде-ақ ағасы Тәуекел ханмен Түркістаннан Самарқанға дейінгі жерді Қазақ хандығы құрамына қосты. 20 мың әскерімен өзі Самарқанда қалып, Тәуекел хан 80 мыңдай әскермен Бұқараға аттанады, бірақ жеңіске жете алмайды.
1598 жылы Тәуекел қайтыс болған соң, хан тағына отырады.
1599 жылы Есім хандығымен шарт жасап, Ташкент қаласы мен оның айналасын Қазақ хандығына қосып алды.
Осы кезден бастап Ташкент екі ғасыр бойы Қазақ хандығы билігінде болды.
XVII ғасырдың басында Ташкент билеушісі Тұрсын мен Есім хан арасында билік үшін күрес шиеленісе түсті. Тұрсыннан жеңілген Есім хан Шығыс Түркістан билеушісі Абд әр-Рахимның ордасына кетеді. Абд әр-Рахим ханның қызы Падшаһ аруға үйленеді. Шығыс Түркістан хандығына арқа сүйеген Есім хан 1627 жылы Тұрсынды өлтіріп, Қазақ хандығының билігін қайтадан өз қолына алып, бір орталыққа бағынған ірі мемлекет құрады.
Есім хан ойрат қалмақтарымен күресте ерлік пен батылдықтың өнегесін көрсетіп, «Еңсегей бойлы ер Есім» атанады.
50. Салқам Жәңгір ханның билігі жөнінде қандай мәліметтер бар? Салқам Жәңгір - Қазақ Ордасының 15-ші ханы . Есім ханның белгілі 3 ұлының бірі әрі бірегейі.Шежіреге сүйенсек , қазақ хандары Жошы ханның үлкен ұлы Орда Еженнен тарайды.Бергі жақтан алсақ Ақ Орданың соңғы ханы Барақ,одан Жәнібек , Жәнібектен Жәдік сұлтан , Жәдіктен Шығай хан , Шығайдың ұлы Есім хан.Салқам Жәңгір - Есім ханның ортаншы ұлы.Шын аты Жаһангер , парсыша жаулап алушы деген мағынаны білдіреді.Туылған жылы белгісіз , Берекет Кәрібаевтың айтуынша , шамамен XVI ғасырдың соңы мен XVII ғасырдың басы кезі деп айтуға болады.Ал кейбір деректерде 1608 жылы туылған деп те жазылып жүр.Бірақ мұның нақты дереккөзі жоқ болғандықтан , мұны не дұрыс, не бұрыс дей алмаймыз.
Салқам Жәңгірдің даңқы 1643 жылғы Орбұлақ шайқасы арқылы шыққан.Одан басқа Жәңгір ханның тұлғасын толық ашатын деректердің аздығы қолбайлау болып отыр.Белгілісі , Жәңгір ханды ерте жасынан ел ісіне араластыра бастаған.Оған дәлел 12 жасар Жәңгірдің әкесі Есім ханның тұсында Қалмақ еліне елшілікке баруы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет