Ясауидің шәкірті Имам Марғозы туралы хикаяны және оның кесенесі орналасқан жерді атаңыз Өзі ишан, өзі патша баласы - ханзада Имам Мырғазы деген атақ дәрежесі мықты бір кісі Әзірет Сұлтанның даңқын алыста жатып естіп, оған күмәнданады. Оны өтірік шайық, жалған дұға оқитын біреу ғой деп ойлайды. Сөйтіп, сынау үшін әдейі есекке кітап артып, зікір[ші]-сопыны мұқатқысы келіп, жолға шығады. Қожа Ахмет өзінің мүриттерімен арам ойлы адамның келе жатқанын, әулие емес пе, біліп отырады. Көп адаммен келіп, Хазіретке жолыққан Мырғазы оның алдына барғанда не айтарын білмей ауызы буылып қалады. Сасқанынан кітаптарын әкеліп көрсетеді. Қараса, кітаптары жазу-таңбасы жоқ қағаздардың қаттамасы болып, әулиенің алдында жатады. Су тиіп бүлінбеген, күнде қалып сарғаймаған кітаптардың дәптер сияқты затқа айналғаны ишан мен оның серіктерін «жыңды» қылады. Әзірет Сұлтанның (...) әулиелігіне көзі жеткен ишан кешірім сұрап, Хазіреттің аяғына жығылады. Өзінің пендешілігін мойындап, оншақты күн әулиенің қасында болғанда, Ахмет сопының неше түрлі таңғажайып қасиеттеріне қайран қалып, өзіне пір тұтады
Ясауидің шәкірті Сүлеймен Бақырғани (Хакім ата) туралы баяндаңыз: Сүлеймен Бақырғани (Бақырған ата, Хаким ата, Сүлеймен ата) (XII ғ-дың 2-жартысы) – ақын, ойшыл, ғұлама. Қожа Ахмет Ясауидің шәкірті. Сүлеймен Бақырғани (туған жылы белгісіз —1186 ж.) Түркістан қаласында дүниеге келген. Ол өзінің "Ақырзаман" кітабында: Ысқақ Баб ұрығы, Шайқы Ибраһим құлыны, Машайықтар ұлығы — Шайқым Қожа Ахмет Ясауи. Шариғаты мінсіз, Тариқаты түпсіз, Хақиқатта өрен жүйрік — Шайқым Ахмет Ясауи, — деп жырлағандай, әйгілі Әзірет Сұлтанға шәкірт болған. Кейін Самарқанд, Бұхара, Хорезм, Дамаск қалаларында білімін толықтырды. Халық арасында Хакім Ата деген атпен белгілі
7. Зеңгі баба туралы не білесіз? Зеңгі Ата Ташкент тауларында сиыр бағатын қалың ерінді қап-қара (...) бақташы болатын. Өзі мен отбасын айлық ретінде ташкенттіктерден алатын бес-он теңге ақшамен асырайтын. Өмірі үнемі далада өткендіктен, намазын да далада, жазықтықта оқып, намаздан кейін дауыстап зікір салатын. Сол кезде, аңызға қарағанда, барлық сиырлар жайылуын тастап, оның айналасына шеңбер жасап тыңдайтын болған екен. Зеңгі баба Құл Қожа Ахмет Ясауиге «перзент» деп сөйлейтін көрінеді. (...) Бірде ол екеуі дидарласып отырғанда, өзі қап-қара Зеңгі бабаның аппақ тістерін көріп, Қожа Ахметтің ернін күлкі қытықтап, езу тартыпты. Сонда баба:
-Перзент, неге күлдің? – деп, сұрапты.
-Тісіңізге күлдім, - дейді Әзірет Сұлтан. Зеңгі табан астынан:
-Тісімнің көрімдігіне не бересің?- дегенде, оған Қожа Ахмет:
-Әуелі жайды сізге, онан кейін бізге салсын,- депті.
(...) Әмір Темір Әзірет Сұлтанның күмбез-мазарын жаңадан көтеруге кіріскенде, күндіз адам бойы көтерсе, онысы түнде құлап, азанда қирап жатыпты. Содан жеті-сегіз ғұламасын жиып:
-Осы неге құлайды? Сіздерге түнде қарап, соны байқаңыздар, - деп, тапсырады. Олар таза тәғарат алып, Алла тағалаға мінәжат етіп, қарауылдап отырады. Сонда түн ішінде бір көк өгіз келіп, дуалға сүйкеніп, бәрін құлатып кетеді. Бұл болған жайды Темірге баян етеді. Сол уақытта тарихта өткен адамдардың сырына қанық кісілер жиналып келіп: - Ілгеріде Қожа Ахметтің өзі Зеңгі бабаға: «Әуелі жайды сізге, онан кейін бізге салсын», - деген екен. Алғаш Зеңгінің басына күмбез-мазар салынбайынша, Әзірет Сұлтанның кесенесі тұрмайды, - дейді.
Әмір Темір адамдары Зеңгі бабаға жай тұрғызып, онан кейін Әзірет Сұлтанға ауысады.
Бұл күнде Ташкент облысының Жаңажол ауданындағы Зеңгі бабаның күмбез-мазары тұр.
8.Әнтәл хәди» сөзінің мағынасын ашып, тура жолдың мұсылмандар үшін маңызы қандай екендігін түсіндір? Тура жолды нұсқаушы Аллаһ тағаланың Мұхаммед (с.ғ.с.) қатысты айтылған.
Достарыңызбен бөлісу: |