9. «Мединеде – Мұхаммед, Түркістанда – Қожа Ахмет, Маңғыстауда – Пір Бекет» сөзіне талдау жасаңыз? Мединеде Мұхаммед пайғамбар туылды.Түркістанда Қожа Ахмет туылды.Маңғыстауда Пір Бекет туылды.
10. Түркістан маңындағы Ясауиге туыстас адамдардың кесенесі мен өмірі жайлы не білесің? Бір кездерде Әзірет Ғалидің баласы Мұхаммед Ханафия (Бибі Фатимадан тумаған) осы жаққа келген екен. Сонда осы жерде біраз отырып дем алыпты (..). Қожа Ахмет Ясауи дүниеден өтерінде басымды бабамның сол басқан ізіне қойыңдар депті (...). Кейінгілер оның бұл өтінішін бұлжытпай орындапты. Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жақын жерде оның қызы Жамал ханымның мазары, ал кесенеден қашықтау жерде оның Гаухар-хуштадждың кесенесі бар»-деген деректер кездестіруге болады. Сондай-ақ, басқа қолжазбаларда да Ясауидің өкіл қызы Жәмила жайлы мәліметтер бар. Ясауитанушы, ғалым Д.Кенжетай да түркістандық Нажимов Оразбайдың үйінде сақталған «Насабнамада» Қожа Ахмет Ясауидің Жамал есімді қызы жазылғандығын растайды.
11. Қандай оқиғадан кейін Қожа Ахметтің есіміне Ясауи деген тіркес жалғанып айтылатын болды?
12. Салауат сөзінің мағынасы қандай? Салауат — Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) есімі аталған кезде арнайы айтылатын дұға атауы. Салауат Құран Кәрімдегі бұйрық бойынша пайғамбарға жарылқау, құрмет, құттықтау, дұға тілеу мағынасында арнайы жасалатын құлшылық түрі. Ислам ғұламалары салауат айтуды шариаттың шарты ретінде бекіткен. Әбу Ханифа мазхабында әр намаз оқылғанда пайғамбарға салауат айтуды сүннет үкіміне жатқызады. Жазба әдебиетте “с.ғ.с.”, “ғ.с.”, “с.а.у.” түрінде салауаттың қысқарған сөз түріндегі қалпын пайдалану дәстүрі бар. Қазақ дәстүрлі қоғамында пайғамбарға құрмет иманның басты негізі ретінде танылғандығын жыраулар мұрасынан анық көреміз. Қашаған жырау, Әбубәкір Кердері, Ақтай Керейұлы, т.б. қазақ шайырларының шығармашылығында да салауаттың, мадақтың мәні көрсетілген.
13. Қожа Ахмет Ясауи хикметтерде пайғамбардың қасиеттерін қалай сипаттайды. Қожа Ахмет Яссауи-сопылық дүниетанымның негізін қалаушылардың бірі, есімі ислам әлеміне мәшһүр ойшыл қайраткер, аса көрнекті ақын.Ол өзінің даналық кітабында екі өмірдің мәнін аша келіп имандылыққа, әділдікке, адалдыққа, мейірімділікке үндейді. Осыған орай, ол Мұхаммед пайғамбардан үрдіс болып келе жатқан жол: жиған малдың қызығын тек өзі көрмей, өзге жетім-жесір, мүсәпірлерге де қайырымды болу, жасаған күнәңді дер кезінде түсініп, тәубаға келу, Аллаға сол туралы шын көңілден жалынып-жалбарынудың қажеттігін ұтымды түрде сипаттайды
Достарыңызбен бөлісу: |