14. Хикметтерде адамның рухани кемшіліктері туралы не айтылады? Қ.А.Йассауи хикметтері арқылы жеті принципін жеткізген:
1.Аллаһқа деген махаббат
2.Ықылас пен шынайылық
3.Адамға деген сүйіспеншілік
4.Кішіпейілділік
5.Әйел мен еркек теңдігі
6.Еңбекті бағалау
7.Ілім мәселесі
Қожа Ахмет Ясауидің ендігі бір мән берген, аяусыз әшкерелеген тақырыбы надандық дер едік. Өйткені оның түсінігінше, надандық бүкіл жауыздық, зұлымдықтың таусылмас қайнар көзі. Мұнда арсыздық пен бәлеқорлық, өтірік-өсек, әділетсіздік те содан табылады деп түйіндейді. Жоғарыда айтылғандай, осы надандыққа ғылым-білім мен даналықты үнемі қарама-қарсы қойып отырады. Сондықтан наданның көзін ашып, Құдайдың сара жолына түсіруге ол бар ынтасы мен ықыласын сарқа жұмсайды. Тіпті өз ойын жинақтай келе ғұлама: «Надандармен бірге өткізген уақыттың өзі дозақпен тең», – деп қорытып, олармен бірге жүруге де, жолға шығуға да қарсы тұрады. Жалған молда, залымдарды да аяусыз түйреп, «Хал ілімін» үйренуге шақырады. Осындай әділетсіздіктер мен зұлымдықтарға қарсы әділдікті ту ете отырып, Хақ Тағала ісіне ғана сабырлық, төзімділік танытудың қажеттігін бейнелі жолдармен өрнектейді.
15. Хикметтерде қай сахабалар мен пайғамбарлардың аттары аталады? Мұхаммед (с.ғ.с), Әли сахаба, Мұстафа сахаба, 16. «Насабнама» қолжазбасының авторы? Ол қолжазбада не айтылады? Насабнама– қожалар әулетінің шежіресі. Ол өз ішінде әр әулеттің жеке шежіресі болып жіктеледі және негізінен аққорғандық, хорасандық және дуана қожалардың шығу тегін өрбітеді. “Насабнама” нұсқаларының қай ғасырда жазылғаны белгісіз. Тек аққорғандықтардың шежіресінде ғана “Насабнама” алғаш араб тілінде жазылып, оны 1244 жылы Қожа Ахмет Иасауидің ағасы Садыр шейхтың немересі Маулана Сафи әд-Дин Орын Қойлақи түркі тіліне аударғаны жазылған. “Насабнама”-ның екінші нұсқасының авторы немесе құрастырушысы Ысқақ Қожа ибн Исмаил Ата Қазғұрди. Ол өзінің “Хидиқат ал-арафин” атты шығармасының соңына “Дуана қожалар” немесе “Беглер” тобының шежіресін қосқан. Басқа “Насабнама” нұсқаларында мұндай мәліметтер кездеспейді. “Насабнама” нұсқалары бір-бірінен өздерінің таралу аймағына қарай, ондағы айтылған тарихи оқиғалардың баяндалуымен, жер-су аттары көбірек аталуымен ерекшеленеді.[1]“Насабнама” нұсқаларының жалпы құрлымдық жүйесі мен тарихи мағлұматтар жиынтығын былайша топтастыруға болады: 1) Түркістан жеріне ислам дінін таратушылардың бұған дейінгі қызметі;
2) Әулие Атаның (Сатұқ Бұғра Қара хан) Қарахан мемлекетін құрудағы күресі;Қарахан әулетінен шыққан хандардың Шыңғыс хан шапқыншылығына дейінгі билігі;
3) Ысқақ бабтың Сайрам, Сулхан, Қарғалы қалаларының халқын ислам дініне кіргізуі, Қожа Ахмет Иасауи жайлы деректер;
4) Әбдіжәлил бабтың Сырдың төмен ағысындағы дін жолындағы күресі;
5) үш бабтан тараған әулеттер шежіресі;
6) Ысқақ Бабтың уақфтық жер, суларының тізбесі.[2]