Ясауидің әкесі Ибраһим шайық пен анасы Қарашаш туралы айтыңыз


Кесенеде жерленген Найман Бағаналы Төлек батыр Өтепұлы туралы айтыңыз



бет38/50
Дата02.10.2023
өлшемі109.14 Kb.
#479578
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   50
яссауи окулары сурак жауап 2

80. Кесенеде жерленген Найман Бағаналы Төлек батыр Өтепұлы туралы айтыңыз жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен қазақ батыры, қолбасы. 17 ғасырдың аяғы – 18 ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген. Ол өзінің замандастары Өтеген, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Райымбек, Қойгелді, Сәмен, Шінет сияқты жаужүрек батырлармен тізе қосып, қазақ жерін жоңғар басқыншыларынан азат етуге белсене қатысқан. Ақын Тілеміс Есболұлы Төлектің ерлік істерін жырға қосқан.[
81. Кесенеде жерленген Қоралас Жауғаш батыр Қырбасұлы туралы айтыңыз: Абылай ханның әскери қолбасшысы, елші. Ұлы жүз құрамындағы ботбай руының Қоралас аталығынан шыққан. Абылай хан оның ерлігін жоғары бағалап, “Жаралы жолбарыс” деп атаған. 1733 жылы күзде қазақтар жеңіске жетіп, жоңғарлар қашқан Аюлы, Арқарлы тауларындағы шайқас кезінде туғандықтан әуелгі қойылған есімі Жауқашты екен, анасы Қоңырбике еркелетіп, Жауғаш атанып кеткен. Әкесі Қырбас 18 ғасырдың 1-жартысында жоңғарлармен болған бірқатар шайқастарға қатысқан, Аңырақай шайқасында ботбай қолын басқарған Сәмен батыр әскерінде мыңбасы болған. Жауғаш 15 жасында атқа қонып, қасындағы Қарпық, Майлыбай сияқты серіктерімен ел еркіндігі жолында Алатаудан Арқаға барып, Абылай ханның орда сарбаздарының қатарына қосылған. Жауғаш 1751 — 1753 жылдары Абылай ханның бірнеше тапсырмаларын тиянақты орындап, сенімді серіктерінің біріне айналды. 1754 — 1756 жылдары Абылай ханның арнайы әскери қолын басқарды. 1756 жылы қытайлармен болған шайқаста Абылай хан жараланып, Жауғаш ұрыс болып жатқан жерден ханды аман алып шығып, құтқарып қалады. Бұқар жырау жырларында Абылай хан “Іздесем де табылмас, Жауғашжан, сендей құбаша ұл” деп мадақтаған Жауғаш батыр осы. Ол Қытаймен арадағы қатынасты реттеуге қатысқан елші де болған. Сол жылы (1756) қытай генералы Хадаха өз қолына түскен Жауғаш батырды Абылай ханмен келісім жасауға жібереді. Жауғаш батыр 1771 — 1774 жылдары қырғыздармен қақтығыстардың мәмілегерлікпен аяқталуына ат салысқан. Қырғыз Момохан батыр мен Жайыл батырдың баласы Итекеге ара түсіп, Абылай ханның кескен өлім жазасынан аман алып қалып, қазақ-қырғыз арасындағы бауырластықтың сақталуына үлес қосқан. Абылай ханның өмірінің соңына дейін жанында болып, айнымайтын тірегі саналған Жауғаш батырға хан аманат етіп тапсырған, жоңғарларға қарсы соғыстарда көтерген қасиетті жеңіс туы батырдың ұрпақтарының қолында күні бүгінге дейін сақтаулы. Денесі Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің ішінде, дәліздің Ақсарай жағына, Абылай ханның қасына жерленген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет