Ясауидің әкесі Ибраһим шайық пен анасы Қарашаш туралы айтыңыз


Кесенеде жерленген Шақшақ Жәнібек батыр туралы айтыңыз



бет37/50
Дата02.10.2023
өлшемі109.14 Kb.
#479578
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   50
яссауи окулары сурак жауап 2

78. Кесенеде жерленген Шақшақ Жәнібек батыр туралы айтыңыз Шақшақ Жәнібек Қошқарұлы (1693 – 1752) – жоңғар шапқыншылығы кезінде ел тәуелсіздігі үшін күрескен атақты батыр, «Ақтабан шұбырындыдан» кейін босқан елдің басын қосып, азаттық күресін ұйымдастырған, Бұқар жырау сөзімен айтқанда: «Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаз дауысты Қазыбек, Шақшақ Жәнібек, Ормандай көп орта жүз, содан шыққан төрт тіректің» бірі. Мұның сыртында ол ауыздыға сөз бермеген, қиянатқа жол бермеген әділ би, діни сауатты кісі болған. Шыққан тегі – Орта жүздің Арғын тайпасынан.Халық өзінің сүйікті ұлын кезінде «Шақшақ Жәнібек», «Шақшақұлы Жәнібек» деп атап кеткенімен, Шақшақ оның үшінші атасының аты. Шақшақтан Көшей, Көшейден Қошқар, Қошқардан Жәнібек туады.Атасы Шақшақ Аманжолұлы – қазақ ханы Еңсегей бойлы Ер Есімнің қолбасшыларының бірі болған. Шақшақ жауға шапқанда арғынның ортақ ұраны «Ақжолды» айтпай, өз атасының атын атап: «Аманжолдап» шабады екен. Содан Аманжол Кіші жүз жақтағы арғындардың ұранына айналған. Жәнібек те жауға осы ұранмен шапқан. Ол – ұзақ ғұмыр жасап, қазақтың Тәуке, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай, Әбілқайыр секілді хандарымен, Төле, Қазыбек, Әйтеке секілді билерімен, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай секілді батырларымен бір болып, еліне елеулі қызмет еткен тарихта орны бөлек ерен тұлға. Абылай хан қашан ерлігімен танылғанша, үлкен қолбасшы Жәнібектің қарауында, қатардағы сарбаздардың бірі болған


79. Кесенеде жерленген Кете Текей батыр Қарпықұлы туралы айтыңыз Белгілі батыр, қолбасшы Текей батыр Қарпықұлының талай ғалымдар мен тарихшылардың сүзгісінен өтетін Ұлттық энциклопедияға енуі (8-ші том, 325 б.) – ол туралы ел ішіне тараған әңгімелерінің негізі барлығын көрсетсе керек. Оның Әз Тәуке ханның батырларының бірі болғаны, ел қорғаудағы ерлігі, үш жүздің басын қосқан жиындарда сөйлеген сөздері айтылып келеді. «Ойда қалмақ, қырда ойрат» демекші, ХVІ-ХVІІІ ғасырда, тіпті ХІХ ғасыр басында Еділ бойындағы қалмақтар (мұны қазақтар Құба қалмақ) мен башқұрттар, қазақтар (естек деп атаған – Т.Д), шығыстағы ойрат-жоңғарлардың дүркін-дүркін шабуылы тұсында хан, сұлтандар қасындағы билермен қатар батырлардың рөлі зор болған. 1732 жылдың 21 қазанда Батыр сұлтан 1500 сарбазымен Түркімендерге шабуыл жасаған. Ал 1738 жылы Әбілқайыр хан Еділ қалмақтарына шабуылдаған осы ұрыста Текейдің болғаны анық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет