Ясауидің әкесі Ибраһим шайық пен анасы Қарашаш туралы айтыңыз


Кесенеде жерленген Керней Жарылғап батыр Түйтеұлы туралы айтыңыз Жарылғап батыр Түйтеұлы



бет39/50
Дата02.10.2023
өлшемі109.14 Kb.
#479578
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   50
яссауи окулары сурак жауап 2

82. Кесенеде жерленген Керней Жарылғап батыр Түйтеұлы туралы айтыңыз Жарылғап батыр Түйтеұлы (1733-1784 ж.) — Қазақ халқы Орта жүзінің Арғын тайпасының Қаракесек бұтағынан тараған Керней руының "батыры, биі, шешені". Түйте батырдың ұлы. Күні бүгінге дейін ата сөзін жаттаған аксақалдар бұл батыр туралы кезінде Бұқар жырау “Қарашорда Сәңкібай, Әлтекеде — Жидебай, Тобықтыда — Қарамеңде, Кернейде — Жарылғап” деп, Жарылғап батырды жоңғарларға қарсы шайқастарда ту ұстаған батырлар қатарында мадақтайды. Жарылғап батырдың әкесі Түйте 18 ғ-дың басында ноғайлармен бірге Ресей отаршыларына қарсы күрескен. Жарылғап батыр 16 жасында Қаз дауысты Қазыбек биден бата алып, жорыққа аттанған. 1749 жылы Қалба—Шаған шайқасында Кебін қалмақты жеңіп, ерлігімен көзге түскен. Жарылғап батырдың аты шыға алғашқы көрінуі Абылай ханның Қалба жорығына байланысты. 1751 ж. Қалба өзені бойында жатқан жоңғарға Абылай хан жорық жасаған кезде 18-ден жаңа асқан Жарылғап батыр бірге аттанады. Сол жорықта жас батыр жонғар нояны Қапал батырымен жекпе-жекке шығып, бір-біріне атпен шауып найзаларымен кездескенде бір-бірінің қалқандарына тиіп жұмыртқаның сырты сияқты жарылып кетіп, батырлар ер тоқымдарынан ұшып түсіп, қылыштарын қолға алып қайтадан шайқасқа түсті, бірақ Жарылғап батырдың бір ерекшелігі болған - ол оның ұзын қолдары, сондықтан Жарылғап батыр өзімен бірге қылыш емес алдаспанды (ауыр ұзын қылыш) алып жүрген. Сол шайқаста Қапал өзінің қылышымен бұлғап жатқан кезде, Жарылғап батыр күтпеген ұмтылыста алдаспанмен Қапалдың иегінен төмен тамағына тиіп, даусыз жеңіске жетеді. Жоңғарлар жеңіліп солтүстік-шығысқа тым-тырақай қашуға жүнігеді. Жарылғап батырдың ерлік жорықтары жөнінде ел ішінде небір аңыздар сақталған. Онда Найзакескен деген жерде қалын жауды ойсырата женуі, батырдың бүркіт бейнесінде аруағы болғаны айтылады. Одан басқа, Жарылғап батыр Анырақай және Зайсан шайқастарында қатысқан.Бөгембай батыр бірнеше шайқастарды басынан бірге кешірген үзеңгілес серігі Жарылғап батырдың баласына қызын ұзатып, құда болған. Жарылғап батыр ел билеген көсем, дауға түскен шешен ретінде де танылған. Абылай ханмен, Қаз дауысты Қазыбек бимен, Бөгембай батырмен сөз қағыстырып, артында тағылымды, шешендік сөздер қалдырған. Жарылғап батыр 51 жасында Айыртауда қайтыс болып, денесін ұлы Жәнібек Әзірет сұлтанға Түркістанда жерленген. 1993 жылы қазіргі Қарағанды облысы Шет ауданында Жарылғап батырға арнап ас беріліп, Ақшатау кентіндегі орталық алаңға батыр есімі берілді.[1] Жарылғап батыр Қытайдан «Тархан» атағына ие болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет