Қосымша əдебиеттер:
1. Əмірғазин С. Діни сенім бостандығы жəне заң// Тураби. 2001. № 2.
2. Вайсберг Л.М. Идея правового государства и проблема этатизма // Изв. АН КазССР. – Сер. обществ. наук. – 1989. – № 5.
3. Данилов С.Ю. Правовые демократические государства. Очерки
истории. М. 1999.
4. Дмитриева Г. Əділет жолында // Тураби. 2001. № 2.
5. Жоламан К.Д. Құқықтық мемлекет оның түсінігі мен мазмұны. // Право и государство. № 1-2 (16-17) 2000
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінің оқу-әдістемелік кешені
Мамандығ0201000
Пән: Мемлекет және құқық теориясының негіздері
пәнінен
6ТАҚЫРЫП Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам.
Түйінді сөздер: мемлекет,құқық, заң.
Негізгі сұрақтар: Құқықтық мемлекеттің ұғымы. Азаматтық қоғамның түсінігі.
Құқықтық мемлекет жəне азаматтық қоғам
Құқықтық мемлекет дегеніміз жеке адам жəне қоғам мүддесін корғайтын, заң үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделген мемлекет. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру ісі қоғамды демократияландыруға, құқықтық тəртіптің жəне заңдылық принциптерінің сақталуына негізделеді. Құқықтық мемлекет – басқаша түсіндірсек ол жеке тұлға мен қоғамның құқықтары мен бостандықтарының құқықтық қорғалуын өзінің негізгі мақсаты етіп қойған мемлекетті айтады. Бұл мемлекет өз мақсатын орындауда төмендегідей қағидаттарға сүйенеді:
а) құқыктың басымдылығы;
б) адам мен азаматтың құқықтық қорғалуы;
в) мемлекеттік биліктің бөлінуі;
г) заң үстемдігі;
д) құқық пен заңның тұтастығы;
е) мемлекет пен жеке тұлғаның өзара жуааптылығы;
ж) азаматтық коғамның орнауы;
з) қоғамның құқықтық мəдениетінің жоғары болып, оның құқықтық санасы деңгейінің биікке көтерілуі;
и) соттардың тəуелсіздігі;
к) антимонополиялық құрылымдардың тұрақты түрде қызмет істеуі.
Құқықтық мемлекетте барлық субъектілер өз əрекеттері бойынша жауапты жəне құқықтық тендікті сақтай отырып құрылуы тиіс. Сондықтан күкықтық мемлекетте субъектілердің əрекет ету қағидаттары төмендегідей болады:
а) "Заңда тікелей көрсетілген əрекеттерге ғана рұқсат берілген" қағидат мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға ғана қатысты болып келеді.
б) Құқық субъектілерінің қайсысына болсын атап-атап көрсеткенде азаматтар, занды тұлғалар мен басқалай да шаруашылық субъектілеріне қатысты "заңмен тікелей тыйым салынбағанның бəріне рүқсат етілген" қағидаты басшылыққа алынады.
Адам жəне азамат қүқықтары мен бостандықтарьш ең толық түрде қамтамасыз етудің тиісті жағдайларын жасау, сондай-ақ билікті асыра пайаалануға, оның диктатураға, деспотияға өзгеріп кетуіне жол бермеу үшін мемлекеттің билікті дəйекті түрде құқық аркылы шектеп отыруы – құқықтық мемлекеттің мақсаты болып табылады. Елдегі атқарылатын барлық істер мен əрекеттерінде заң мен құқыққа жүгінетін қиялдағы мемлекет құқықтық мемлекет идеясы ежелден бері бар екендігін Платон өзінің "Заңдар" деген диалогіндегі "Заңы пəрменсіз жəне оның өзі əлде біреудің билігінде кеткен мемлекеттің жуык арада күйрейтініне сенімім кəміл. Ал, заңы - əміршілердің билеушісіне айналған жəне олар заңның құлы болған мемлекет есен-сау болады жəне ондай мемлекетке игіліктердің қандайын болса да құдайдың үйіп-төгері айдан анық деп есептеймін" деп түйіндегенінен пайымдаймыз. Францияның ұлы ойшылы Ш.Л. Монтескье өзінің "Заңдар рухы туралы", "Заң рухы туралы қорғаныш" деген еңбектерінде, ағылшын философы Дж.Локк өзінің "Мемлекетті басқару туралы екі трактаты" атты шығармасында, неміс философтары Кант "Құқық туралы ілімнің метафизикалық бастаулары" деген еңбегінде, Ф.Гегель "Құқық философиясы" деген еңбегінде құқықтьіқ мемлекеттің негізгі қағидаттарын тұжырымдаған болатын. Зорлық-зомбылықтарға, диктатура мен тиранияның орнауына жол бермеу мақсатындағы құқықтық мемлекеттің ең басты кағидаты билік бөлінісі болып табылады. Билік бөлінісі қағидатының ең басты талабы саяси бостандықтарды нығайтуға, заңдылықты қамтамасыз етуге, қайсыбір əлеуметтік топтың, мекеменің, немесе жеке адамның өздеріне берілген билікті асыра пайдалануына жол бермеуге бағытталады. Осы талаптың орындалуы мемлекеттік билікті заң шығарушы (халық сайлаған жəне заң қабылдау арқылы қоғамның даму стратегиясын жасауға тиісті болып келетін), заң атқарушы (биліктің өкілді органдары тағайыңдаған жəне қабылданған заңдарды жүзеге асыру мен жедел шаруа істерімен айналысатын) жəне сот (құқықты қалпына келтіру мен кінəлілердің əділ жазалануына кепіл болатын) тармақтарына бөлу арқылы іске асырылады. Есте болатыны мұндағы əрбір билік өз алдына дербес жəне бір-бірін тежейтін бола тұра - өздерінің қызметтерін ерекше органдар жүйесі жəне тежемелік əрі тепе-теңдік жүйелері түріндегі айрықша нысандар арқылы жүзеге асырып отыруы тиіс. ҚР Конституцияда бекітілген "тежемелік əрі тепе-теқдік" жүйесі нақтыланған мемлекеттік билікке заң қабылдау, атқарушы жəне соттарға қатысты кұқықтық шектеулердің жиынтығы болып табылады. Мысалы, заң қабылдау билігіне қатысты "тежемелік əрі тепе-теңдік" жүйесінде Президент үлкен роль атқарады, əсіресе бұл "заң қабылдау билігі" асығыс шешім қабылдағанда Президент кідірте тұру ветосы құқығын қолданады. Ал енді атқарушы билікке қатысты тежемелерге Президент билігінің мерзімі, Президентке импичмент жариялау, Үкіметке сенімсіздік білдіру вотумы жатады.
Парламент тарапынан болатын тежемелерге атқарушы органдардың жауапты қызметкерлеріне заң қабылдау құрылымдары құрамына сайлануға, коммерциялық істермен айналысуға тыйым салу ветолары жатады. Сот билігіне Конституцияда, істерді жүргізу заңдарында көрсетілген мына кағидаттар құқықтық шектеулер болады: кінəсіздік презумпциясы, қорғалуға құқықты болу, азаматтардың заң мен сот алдында тең құқықтылығы, сот ісін жүргізудің жария жəне жарыссөз түрінде болуға тиістілігі, сотқа қарсылық білдіру жəне т.с.с. жатады. Импичмент – дегеніміз жоғары лауазымды тұлғаға сенімсіздік білдіру, оны лауазымнан тайдыру, оны заң алдындағы жауаптылыққа тарту. Мемлекет пен түлғаның (адамның) өзара жауаптылығы қағидатын түбегейлі қарастырған жөн. Бүл қағидатта мемлекет – саяси биліктің сақтаушысы ретінде мемлекет пен азамат арасындағы қатынастардың өнегелік құқықтық бастауларын білдіреді. Ал азамат болса сол қатынастардың іске асырылуы кезіндегі қатысушысы болып табылады. Мемлекет қоғам мен жеке тұлғаның бостандықтарын заңдар арқылы арнайы белгілей отырып, сонымен бірге мемлекет өзінің де əрекет ету шектерін белгілейді. Заңдар арқылы мемлекет өзіне міндеттерді қабылдауы тиіс. Бұл міндеттер мемлекетке оның азаматтар, қоғамдық ұйымдар мен басқа мемлекеттермен болатын қатынастарында əділеттілік пен тең құқықтылықты қамтамасыз ету үшін қажет. Мемлекеттік органдар құкыққа тəуелділікте бағынышты бола тұрып, оның ұйғарымдарын бұза алмайды, ал оның ұйғарымдарын бұзғаны немесе орындамағаны үшін жауапты болады. Заңның мемлекеттік билік үшін міндеттілігі кепілдер жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі, ал мұның өзі əкімшілік тарапынан зорлықтардың болуына жол бермейді. Мұндайларға Үкіметтің өкілді органдар алдында жауапты болуы, мемлекеттің əртүрлі деңгейдегі лауазымды тұлғаларының нақты адамдардың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіргені үшін, билігін асыра пайдаланғаны, қызмет бабын бас пайдасына пайдаланғаны үшін импичмент жəне т.б. түрдегі тəртіптік, азаматтық құқықтық немесе қылмыстық жауаптылыққа тартылатындығының заңдарда көрсетілулері жатады. Мемлекеттік құрылымдардың міндеттемелерін орындау барысын көпшілік (қоғам) тарапынан бақылау (қадағалау) нысандары референдум, сұрау салу, сайлаушыларының алдында депутаттардың есеп берулері халық алдында əкімдердің есеп берулері түрінде болуы мүмкін. Жеке тұлғаның мемлекет алдындағы жауаптылығы да сондай құқықтық бастаулар негізінде құрылады. Мемлекеттік көндіруді қолдану құқықтық сипат түрінде жүргізілуі тиіс, тұлға бостандығының мөлшер шамасы сақталып, ол өз қалпын бұзбауы тиіс, ол тұлғаның құқық бұзушылығы мөлшерінен аспауы жəне жасаған қүқық бұзушьшығына сай қатаң жазалы болуы тиіс. Сонымен мемлекет пен тұлға араларындағы қатынастар өзара жауаптылық негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Құқықтық мемлекеттің басты белгілерінің бірі азаматтық қоғамның орнығуы болып табылады. Азаматтық қоғам дегеніміз имандылық, өнегелік, діни, ұлттық, əлеуметтік-экономикалық, отбасылық қатынастар мен институттардың жиынтығы, осылардың көмегі арқылы жеке адамдар мен олардың топтарының мүдделері қанағаттандырылады. Азаматтық қоғам құқықтық мемлекеттің негізі болып табылады. Азаматтық қоғам болмаса құқықтық мемлекет те болмайды. "Азаматтық коғам" ұғымын өткен замандардың ұлы ойшылдары Аристотель, Цицерон, Г.Гроций, Т.Гоббс, Дж.Локк, Гегель, К.Маркс жəне т.б. тұжырымдаған болатын. Азаматтық коғамның негізгі идеясы адамның қоғамдағы басымдылық идеясы, адамның дербестік идеясы, өз əрекеттерін құқықты құрмет тұта отырып, ең алдымен өнеге мен имандылық қағидаттарына сүйене отырып жүзеге асыруға қабілетті болу идеясы. Сонымен бірге, азаматтық қоғамның болмысына мемлекет араласпауы тиіс, ал оның араласуы тек құқық бұзушылық болған жағдайда ғана болуы мүмкін. Егер де азаматтық коғамның толық сипаттамасын жасауға талпынар болсақ, онда – азаматтық қоғам дегеніміз нақты адамға арнайы бағытталған, оның бойында құқықтық дəстүрлер мен заңдарға, жалпы ізгілік, имандылық, өнегелік идеяларына (мұраттарына) құрмет сезімін тудыратын, шығармашылық жəне кəсіпкерлік істер азаттығын (бостандығын) қамтамасыз ететін, ондай істерде сəттілікке жетуге мүмкіндіктер жасайтын, адам мен азамат құқықтарын жүзеге асыруда мемлекет əрекеттерін шектеу мен қадағалаудың тетіктерін (механизмдерін) табиғи түрде байланысты етіп жасайтын азат демократиялық құқықтық қоғам.
Достарыңызбен бөлісу: |