Құқықтың қызметтері Құқықтың əлеуметтік мақсаты оның атқаратын қызметінен байқалады. Оның қызметі қоғамдық қатынастарға, адамдардың мінез-құлқына, іс- əрекеттеріне əсер етуге бағытталады. Құқық қызметінің негізгі бағыттары мыналар: 1) Реттеу қызметі. Бұл қызметтің мəні - қоғамдық қатынастарды баянды ету, тұрақтандыру. Мысалы, құқық нормалары азаматтардың түрлі жағдайлардағы құқықтық мəртебесін анықтайды. Конституция азаматтарға сан қилы құқықтар мен бостандықтар береді жəне соларды пайдалану үшін тиісті қоғамдык қатынастарға қатысу мүмкіндіктерін туғызады. Құқықтар мен бостандықтар тұрақты құбылыстар, өзінің мəнін, күшін жоғалтпайды, оларды үнемі пайдалануға болады. Сондықтан құқықтар ме бостандықтарды паш ететін құқықтық нормалар əрдайым қоғамдық қатынастарды реттейтін құрал болып саналады; 2) Тыйым салу қызметі. Құқықтық нормалар жеке адамның, коғамның жəне мемлекет органының зиянды іс-əрекеттеріне тыйым салады. Зиянды іс-əрекеттердің алдын алуға арналған құқықтык нормалар адамдарға, ұйымдарға міндет жүктейді, зиянды істен сақтандырады, құқықтық нормалардың қағидаларын бұзбауды талап етеді; 3) Заңды игіліктерді қорғау қызметі. Адамдарға, ұйымдарға, бірлестіктерге құқықтар мен бостандықтар белгілі бір игілікті пайдалану үшін, өз кажетін (рухани, материалдық, т.с.с.) қанағаттандыру үшін беріледі. Мысалы, əркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар. Оған ешкім қол сұға алмайды. Егер адамды заңсыз бас бостандығынан айыратын болса, кінəлі адам құқықтық жауапқа тартылады. Занда көзделген реттерде ғана жəне тек соттың немесе прокурордың рұқсатымен тұтқындауға жəне қамауда ұстауға болады. Соның өзінде де тұтқындалған адамға сотқа шағымдану құқығы беріледі. Тұрғын үйге қол сұғылмауы керек. Соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді. Заңға сəйкес пайда болған меншікті мемлекет корғайды. Соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды. Кəсіпкерлікпен шұғылдану -азаматтардың негізгі құқықтарына жатады. Мемлекет кəсіпкерлік қызмет еркіндігіне кепілдік береді жəне оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етеді. Құқықтық нормалар адамдардың, ұйымдардың, бірлестіктердің құқықтары мен бостандықтарын паш етумен қатар, оларды қорғау жолдарын, əдістерін, мүмкіндіктерін жан-жақты қарастырады.
4. Құқықтың тəрбиелік қызметі де ерекше. Құқықтың нормалары адамдардың санасына əсер ету арқылы құқыктық мəдениетті қалыптастырады. Сонымен қатар, құқық заңды бұзудың алдын алу қызметін де атқарады. Осы айтылғандар құқықтың экономикалық, əлеуметтік, идеология салаларындағы қызметіне жатады. Осыларға қоса құқық мемлекетті, қоғамды жəне азаматтардың заңды мүдделерін қорғау қызметін де жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |