«Єкімшілік ќ±ќыќ» пєні дєрісіне арналѓан



бет32/73
Дата03.01.2022
өлшемі0.59 Mb.
#451983
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   73
П н Мемлекет ж не ы теориясыны негіздері п нінен 1 та ырып

Құқықты түсіну жолдары

Құқық – адамзаттың əділдік жəне азаттық идеяларына негізделіп, көбінесе заңдарда баянды етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар жүйесі. Көне заманнан оқымыстылар құқықтың мəні мен мазмұнын түсінбекші болып, оған сан қилы анықтамалар берген. Оның түсінігі мен мəнін анықтаудың үш жолын айтуға болады. 1) нормативті тұрғыдан қарау, былайша айтқанда, құқықты заң нормаларының жүйесі деп санау; 2) социологиялық тұрғыдан карау, яғни, құқықты реттелетін қоғамдық қатынастармен ұқсас деп санау; 3) философиялық тұрғыдан қарау, яғни құқықты бос-тандық пен əділдік деңгейімен байланыстыру. Құқықты социологиялық жəне философиялық тұрғыдан қарағанда ол өте кең түсінік болып, оған құқық нормаларымен қатар құқықтық сана, құқықтық қатынастар да жатады. Құқыққа, ерекше əлеумттік құбылыс ретінде қарасақ оған жалпы жəне айрыұша белгілер тəн екендігін байқаймыз.

1. Құқық жазылған нормалардан тұрады. Нормативтік тек құқыққа тəн жағдай емес. Ол адамның табиғатымен байланысты жəне кез келген əлеуметтік ұйымға тəн. Нормативтік дегеніміз адамдардың ой жүйесін, қоғамдык өмірін тəртіптеп, соның нəтижесінде белгілі ережелерге бағындыру.

2. Құқық əділдік жəне бостандық идеяларын білдіреді. Əділдік пен бостандыққа адамзат ежелден ұмтылып, оларды армандаған. Əділдік - адамның игілігіне бағытталған жағдай, ол басқа адамның мүддесіне зиян келтірмейді, қоғамға пайдалы. Осы талаптарға сай келетін адамның əрекеттері əділ болып саналады. Марксизм-ленинизм негізін қалаушылары əділдікті тек таптық мүдделермен байланыстырады. Бостандық - адамнан ажыратылмайтын қасиет. Тек бостандық болса ғана адам лайықты өмір сүре алады, барлық өзіне тəн шығармашылық мүмкіндіктерін аша алады.

3. Құқықтың бейнелейтін объектілері болады. Олар - билік, мемлекет, қоғамдағы тəртіп. Солар арқылы əділдік пен бостандық жүзеге асырылады. Əрине, əділдік пен бостандық шектелсе де, сол аталған құбылыстар арқылы жүзеге асырылады. Құқықтың нормалары мен мемлекет органдарының арасында қайшылықтар, үйлеспеушіліктер болуы мүмкін. Зандарда адамдардың құқыктары мен бостандықтары жарияланғанымен, мемлекет органдары олардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етпеуі де мүмкін.

4. Құқық адамның іс-əрекетін реттейді, оның ойына, сезіміне əсер етеді. Егер адам зандарда əділдік пен бостандық баянды етілетініне көзі жетсе, оларды орындау қажет деп есептейді. Мұндай жағдайда адам өз еркімен заң талабын орындайды. Заң талабын бұзса, кінəліге мəжбүрлеу шаралары қолданылады.

5. Құқық нормативтік актілер түрінде қалыптасады. Оларда адамдардың еркі баянды етіледі. Адамдардың еркін заң шығаратын орган ресмилендіреді. Сондықтан кұқық – мемлекет таныған адамдардың еркі. Еге құқық əділдік пен бостандықты паш етсе, ол жалпы халыктық құқық деп саналады.

6. Құқықтың формалды анықтылығы. Заңдарда бекітілген нормативті нұсқаулар ерекше қасиетке ие болады. Ол - формалды анықтылық. Оның белгілері: айқындығы, бір мағыналылығы, қысқалығы. Бұл құқық субъектісінің не нəрсені істеуге болады, нені болмайтындығын білуіне ыңғайлы, əрі колайлы. Мысалы, біреудің мүлкін ұрлау - қылмыс.

7. Құқықтың жүйелілігі – оның тағы бір қасиеті. Зандарда жазылған құқкықтық нормалар өзара байланысты, үйлесімді болады. Құқықтың нормалары тек осындай негізде жазылып, калыптасса ғана құқық өзінің борышын орындауға қабілетті болады.

8. Құқықтың тағы бір қасиеті - оның өзгермелілігі. Қоғамдық өмір сіресіп қалмай, құбылып, езгеріп тұрады. Соған сəйкес құқық нормалары да өзгерген қатынастарды лайықты түрде реттеу үшін өзгеріп тұруы қажет. Осыған байланысты ескірген зандар күшін жояды, жаңа заңдар қабылданады. Құқық біркелкі қалыпты түрде адамдарға қолданылады. Осының өзі құқықта теңсіздіктің баянды етілетінін байқатады. Адамдар əр түрлі: біреу əлсіз, біреудің қабілеті мол, екіншісінікі кем, біреудің отбасы бар, біреу бойдақ. Адамдардың мұндай айырмашылығын заң ескере бермейді. Сондықтан заң адамдарды іс жүзінде теңдестіре алмайды. Əрине, өмірдің кейбір салаларында, мысалы, саяси құқықтармен пайдаланғанда барлық азаматтардын жағдайы бірдей.



9. Құқықты мемлекет қорғайды. Құқықтың барлық, нормаларының талаптарын адамдар өз еркімен орындай бермейді. Соған байланысты мемлекет құқық талабын бұзғандарға мəжбүрлеу тəсілін колданады. Мұндай қорғау болмаса, құқық жоқ деп есептеу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет